324
деп атайды. Қызметкердің өз қожайнын бұлайша балағаттауына
әрине негіз бар. Әр қандай төмен етектіге «үйленуге дайын» Дон
Жуан әйел ме, әлде қыз ба, қалалық па, әлде қыстақтық па, бұны
таңдап отырмайды. Сганерель қожайынның мұндай жеңілтектігіне
қарсылық білдіреді.
Дон Жуанның жақсы жақтары да бар. Ол дінге сенбейді.
Қорғансыздарға жәрдем беруге дайын тұратын батыл да мейірімді
жан. Эльвираның ағаларының қаһарынан сақтанып, орманға қашып
бара жатқан Дон Жуан үш қарақшының бір сорлыға шабуылдағанын
көріп, оны өлімнен құтқарады. Бұл Эльвираның кіші ағасы Дон
Карлос болатын. Дон Карлос намысы тапталған қарындасы үшін
Дон Жуаннан кек алу мақсатында іздеп жүргенін айтқанда, Дон
Жуан оның ең жақын досы екенін және сол досы үшін кіммен болса
да шайқасуға дайын екендігін білдіреді.
Дон Жуан аңғал, дінге сенетін Сганерельді масқара қылады. Бірақ
онда өзімшілдік басым. Дон Жуан
көшеде садақа сұрап отырған
кедейге алтын көрсетіп, егер құдайдан бас тартсаң осы алтынды
беремін, дейді. Бірақ кедей өз арын алтынға айырбастамайды. Дінсіз
Дон Жуан адамгершілік жасап, алтынды береді.
Бірақ көп ұзамай «намысы тапталған әйел қарғысынан да»
қорықпаған Дон Жуан тез өзгереді: «Ия, мен барлық адасуларымды
түсіндім. Мен енді кешегі адам емеспін. Менің жүрегім тазарды,
көзім ашылды. Осы уақытқа дейін жасаған бұзықшылықтарымды
ойласам, бойымды үрей билейді»[57. 242], - дейді ол.
Бірақ ол шындығында да өз қылмыстарынан тәубеге келіп, ар
азабымен жасамақшы ма еді? Әрине, жоқ! Әкесіне бұдан соң айла
жасамауға ант бергенімен, мұның барлығы да жұртты масқаралау,
туатын күдіктерге қарсы «қорғаныс шарасы» болатын. Дон Жуан
дінге сенбегенімен, оны өз мүддесіне пайдаланады. «Біздің
заманда, - дейді ол, - алаяқтық үлкен мүмкіндіктерге ие. Осы өнер
нәтижесінде жұрт сені құрметтейді. Тіпті оны әшкерелегенде де,
бәрібір ешкімнің бірер сөз айтуға батылы бармайды. Адамдар
бойындағы барлық нұқсандар сынға ұшырайды.
әркім де оларға
ашық шабуыл жасауға құқылы. Бірақ екіжүзділік басқалардың үнін
өшіреді, өзі тыныш қана жазаланбай қала береді»[57. 244].
Заманының әдетіне айналған алаяқтыққа бейімделген Дон Жуан
енді әрбір әрекетін «құдайдың бұйрығына» сай жасап отырғанын
ұқтыруға ұмтылады. Ол Дон Карлостың Эльвирамен бірге жасауы
325
тиіс екендігі туралы әр бір сөзіне, мұндай болуы мүмкін емес,
«құдайдың қалауы солай» деп жауап қайтарады. Басында әрқандай
жаумен шайқасуға дайын тұрған Дон Жуан, енді айлакерлерше
мұндай қылуға «құдай жол бермейді» деп, өзін тақуа етіп көрсетеді.
Ол өзіне ұнаамаған әр бір адамды дінсіз деп айыптайды.
Сганерель қожайнының өзгергендігінен қатты шошынады:
«Тақсыр, сізде ібілісше сөйлеудің пайда болуының себебі неде?
Бұл бұрынғыларыңыздың
барлығынан да қорқыныштырақ, сіздің
бастапқы қалыпта қалғаныңыз жақсырақ...!» [57. 247].
Дон Жуан - Тартюф сияқты айлакер, рухани жағынан азғындаған
дворян. Сол себепті оның жазадан құтылмасы анық болатын.
Комедияның соңында Дон Жуан найзағайдан жарылған жердің
астына кіріп кеткенімен, оның кездейсоқ өлімі осы уақытқа дейін
жасаған қылмыстарының жазасы екендігі байқалып тұрады.
Комедияның негізгі қаһармандарының бірі адал, дана Сганерель
образы дағдарысқа ұшыраған дворян тобының өкілі Дон Жуанға
қарсы қойылады. Мольер комедияда кедей топ өкілдері (жарлы,
қызметкер Сганерельге, шаруа Пьерге) жанашырлықпен қарайды.
Бұл қарапайым
жандар діншіл болғанмен, олардың ары таза,
қиыншылықтарға төзімді. Сганерель оқиғаның басынан-ақ
қожайынның бұзықшылық жолға түсіп бара жатқанын біліп, оны
сақтандырады, ақырында оған қарсы шығады. Алаяқ Дон Жуанның
аянышты
өліміне барлық адам қуанады, бірақ Сганерель бұған
өкінеді. Оның сахнаны бойлап «Қап, менің жанашырым-ай, менің
жанашырым-ай!», - деп жоқтау айтуы еріксіз күлкі туғызады.
Сонымен қатар билеуші феодал-ақсүйек топтардың апаты жақын
қалғанын терең мысқылмен көрсетеді. Соның үшін бұл пьесаға
толығымен тыйым салынған соң, Том Корнель оны өлең формасында
қайта өңдеп, ондағы сатиралық рухты жояды.
Сганерельдің осы
сөздерін алып тастайды және «Тас мейман» атты жаңа пьесасын
жазады.
Достарыңызбен бөлісу: