180
рухани еркіндігіне кедергі болатын барлық тосқауылдарға, сондай-
ақ догматизм, схоластикаға тікелей қарсы шықты. Жеке адамды
идеалдандыру, оны табиғаттың жанды, жаратушы бөлігі ретінде
көрсету қаһармандарға мұқтаж болған
осы дәуірдің рухына сай
келеді.
Қайта өрлеу дәуірінің тағы бір ерешелігі оның антикалық
мәдениетке қатынасынан көрінеді. Гуманистер антикалық дәуірге
қайту мақсатында емес, бәлкім өздерінің озық пікірлерін негіздеу
және болашаққа сеніммен қадам басу үшін ертедегі талантты
қаламгерлердің шығармаларына иек артады.
Гуманистер жалпы «антиктікті» емес, ал оның қалыптасқан
классикалық дәуірін, Рим республикасының соңы мен императорлық
биліктердің тарих сахнасына шығуы дәуіріндегі мәдени мұраларды
жан-жақты үйренді. Олар Рим және грек әдебиеті жанрларының
түрлі әдіс-тәсілдерін ғана емес, ал олардың тарихи тегі мен күрделі
мазмұнына да назар аударды. Италия ғалымдары мен жазушылары,
соның ішінде, алғашқы гуманист
Боккаччо ұмыт болған көне
қолжазбаларды іздеуге кірісті. Христиан дінінің мазмұнын әдейі
бұзып көрсеткен туындылардың алғашқы текстерін қалпына келтіріп,
олардың мазмұнын саралайды. Константинополъ күйрегеннен соң
(XV ғ.), ол жерден қашқан грек ғалымдары Италияға көптеген
қолжазбаларды алып келген. XV ғасырдың екінші жартысынан
бастап ежелгі грек және Рим ақындары Вергилий мен Гомер
поэмалары, Аристотель мен Платонның шығармалары жариялана
бастады. Батыс Еуропа қалаларыңда
ашылған университеттерде
ертедегі көне тілдермен (латын, грек, иуда), айналысатын жеке
кафедралар құрылды. Антик мәдениет пен өнерді үйрену феодалдық
озбырлыққа, христиан діні мен саясатына қарсы күресте маңызды
рөл атқарды.
Қайта өрлеу дәуірінің өзіне тән ерекшеліктерінің тағы да бірі -
гуманистік әдебиеттің қалыптасуы және оның реалистік мазмұнда
болуында. Ірі жазушылар жетілген, ықшам формаларға, көне әдеби
мұраларға қызығады, орта ғасырлардағы халық поззиясы мен
антикалық әдебиет үлгілеріндегі бейнелеудің халықтық әдістерін
байқайды. Осы мұралардан теңдік пен әділеттік үшін күрес
тақырыптарын алады. Антик әдебиеттің мұндай қасиеттерінен
әсерлену Рабленің «Гаргантюа мен Пантагрюэль», Сервантестің
«Дон Кихот» романдары, Шекспир мен Марлоның трагедияларында
181
айқын көрінеді. Халық
тұрмысынан алынған тақырып, образ бен
ситуациялар, фолклорлық мотивтер Ж.Боккаччо, Саккетти (Италия),
М.Наваррская, Б.Деперье (Франция) хикаяларында да кездеседі.
Қайта өрлеу дәуірі реализмі дін мен шіркеу аскетизмінен ажыралған
күйдегі фантастикадан да кең пайдаланды. Яғни, оқиға қалай болған
болса, сол күйінде суреттелмей, реал образдар фантастикалық
бояулармен бейнеленді. Халық дәстүрінен, фольклорлық негіздерден
тиімді пайдалану ірі гуманистер шығармашылығының шыңдалуына
жағдай жасады. Роберт Грин драмаларында халық өкілдері басты
қаһармандар ретінде суреттеледі. Шекспир трагедияларында да
кейбір персонаждар арқылы еңбекші халықтың аянышты тұрмысы
баяндалады.
Қайта өрлеу дәуірі гуманизмінің таптық жағынан шектелгендігі
оның күйзеліске ұшырауын тездетті. Феодалдық-католиктік қудалау
негізінде көп жазушылар революциялық әрекеттен қол үзіп, өзексіз
мәселелермен айналысып, бір топ сараланған адамдар мүддесін
қорғаушыларға айналады. Олардың
туындыларындағы ұлттық
мазмұн жойылады, гуманистік мақсат тарылады, антик әдебиет
мұраларына толығымен бой ұру оларды формализмге алып келді.
Мұның барлығы да гуманистік әрекеттің күйзелісін көрсететін
құбылыстар еді.
1-тарау.
Достарыңызбен бөлісу: