Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет39/119
Дата06.12.2023
өлшемі2.71 Mb.
#485691
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   119
koblanov-shetel-ad-tar

«Жаңа өмір» жинағы 
Отыз өлеңнен құралған «Жаңа өмір» жинағы 1283-1291 
жылдары жазылған. Мұнда ақынның сүйіктісі Беатричеге арнаған 
өлеңдері қамтылған. Өлеңдерде ақынның балауса махаббаты, тәтті 
қиялдары Беатриченің мезгілсіз өлімінен соң, оны қоршаған қайғы 
қасіреттерімен араласып кеткен.
Ақын тоғыз жасында өзі қатарлы Беатричені көреді және 
оған ғашық болады. Осыдан тоғыз жыл өткен соң, онымен 
тағы да ұшырасады. Қыздың ашық сөйлесуі ақынның жүрегін 
қобалжытады. Үйге келген соң ақын түс көреді. Осы түстерін өзінің 
бірінші өлеңінде (сонет) баяндайды. Беатриченің образы ақынды 
шығармашылық ізденіске шабыттандырады. «Қызғалдақтай 
құлпырған сұлу Беатричені көрген жан қуанышқа бөленеді, өзін 
бақытты сезінеді, құсалық, зұлымдық одан қашады», дейді ақын. 
Данте Беатричені пәк, қарапайым, адал қыз деп суреттейді.
Өмірбаяндық мазмұндағы «Жаңа өмір» жинағы ғашық болған 
жас жүректің нәзік рухани сезімдерін шебер суреттеуімен назарға 
лайық. Бірақ мұнда орта ғасырлық діни-шіркеу әдебиетіндегі 
видение жанрының элементтері - аллегория мен символика да 
кездесіп отырады. Шығармада жиі кездесетін 9 саны (9 күн, 9 аспан) 
ақын өмірінде болған күрделі оқиғалармен байланысып кетеді.
Бұл жинақта мистика, символика элементтерімен бірге жаңа 
реалистік белгілер де бар. «Жаңа өмірдің басталуы» жайлы ақынның 
салтанатпен жар салуы бұған дәлел бола алады.
Дантенің саяси-философиялық трактаттары
Данте Беатриче өлімінен соң, өзін жұбату мақсатында ғылыми-
философиялық мазмұндағы «Сый-сияпат» атты шығармасын жазуға 


187
отырады. Жазушы мұнда дүние жүзінде екі үкімет, императорлық 
және папа үкіметі бар деп, әлемдік биліктің діннен тәуелсіз екендігін 
және оның тамыры көне Римнен бастау алатындығы туралы ой 
қозғайды. Автор «адамзаттың табиғи және табиғи емес екі мақсаты 
бар, табиғи мақсат - тұрмыстық мәселелермен байланысты, оны 
іске асыруда адамға шіркеу танымынан тыс сана қуат береді» деген 
пікірді алға тартады. Шығармада басқа да тың пікірлер көп. Данте 
орта ғасырлық дәстүрлерге бағынбай, «Сый-сияпат» трактатын 
ескірген латын тілінде емес, итальян тілінде жазды. Осы тірі тілдің 
болашағы жарқын екендігін айтып, кітапты «Жаңа Күн» деп атайды. 
«Бұл - арпа наны, одан мыңдаған адамның қарны тояды... Бұл ескі 
Күн батқан соң оның орнына шығатын жаңа Күн, жаңа нұр болады».
Данте халықтық тілді қорғап, сол тіл арқылы орта ғасырлық 
ілімдерді кең түрде насихаттауға ұмтылады. Мұнан тыс, ол 
«адам бойындағы адамгершілік қасиеттер оның әулеті, мемлекеті 
мен мансабына байланысты емес, ал оның жеке қабілетінің 
қорытындысы» деген Қайта өрлеу дәуірі үшін маңызды болған 
гуманистік пікірді ұсынады.
Дантенің латын тіліндегі «Халық сөзі туралы» трактаты (1305) 
роман тіл білімі бойынша жазылған алғашқы ғылыми еңбек. Кітапта 
жазушы роман тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетеді, 
олардың латын тіліне қатынасына тоқталады және бүкіл Италия 
үшін жеке ұлттық тіл жасау керек дейді. Автордың жалпы итальян 
әдеби тілін қорғауы, мемлекеттің ұлттық бірлігін сақтауға ұмтылысы 
оның ұлттық мәдениетті демократиялық негізде қалыптастыру 
идеясымен араласып кетеді.Бұл шығарма өз заманы үшін ең 
«Монархия туралы» (1313) атты латын тілінде жазылған 
трактатында Данте папаның саяси билікке ұмтылуын сынап, 
империяның құқығын қорғайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет