Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Испаниядағы Қайта Өрлеу әдебиеті



Pdf көрінісі
бет74/119
Дата06.12.2023
өлшемі2.71 Mb.
#485691
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   119
koblanov-shetel-ad-tar

Испаниядағы Қайта Өрлеу әдебиеті
Қоғамдық жағдай мен әдебиет
XV ғасырдың екінші жартысынан бастап Испанияда шексіз 
билік қалыптаса бастады. Бұл дәуірде реконкиста қозғалысы 
толығымен аяқталды. Еуропаның басқа мемлекеттері сияқты 
Испанияда және оған бағынышты болған Португалияда сауда мен 
өнеркәсіп дамып, капиталистік қатынастар туа бастады. Қалыптаса 
бастаған гуманистік дүниетанымның нәтижесінде феодалдық қоғам 
мен оның салт-дәстүрлеріне қарсы күрес күшейеді. Бірақ Испания 
уалаяттарында буржуазиялық қатынастардың пайда болуы, сондай-
ақ, реконкистаның ұзаққа созылғандығы себепті шексіз билік бүкіл 
елді бір ұлттық мемлекет айналасына біріктіре алмады. Король 
өкіметі қалалармен одақтасып, феодалдық бытыраңқылыққа 
тосқауыл қоя алған жоқ.
XV ғасырда Еуропаның басқа мемлекеттерінде ірі монархиялық 
биліктер пайда болды. Олар «мәдениеттендіруші орталық» 
ретінде қызмет атқарған осы кезеңде Испанияда мұндай 
орталықтандырылған өкімет әлі жоқ болатын, феодалдық-
ақсүйектік қоғам өзінің жарамсыз әдет-ғұрыптарын сақтаған халде 
дағдарысқа ұшырады. Қалалар жаңа заманға бейімделе алмай, 
өздерінің орта ғасырлардағы күш-құдіретінен толық айрылды.
Сауда мен өнеркәсіп те құлдырады. Америкадан әкелінген алтын 
мемлекет шаруашылығын күйзеліске түсірді. Шет елден тауар 
сатып алу пайдалырақ болды. Нәтижесінде диқандар шаруашылығы 
ойрандалды. Бұқара халықты тонау мен қанау күшейді, материалдық 
байлықтарды өндіру едәуір дәрежеде қысқарды. Алтын қоры 
таусылған соң, әлеуметтік жағдайлар да шиеленісе түсті. Шексіз 
билік мемлекеттегі экономикалық күштің өсуі мен буржуазиялық 
қатынастардың дамуына кедергі болды. Испаниядағы өкімет 
сырттай қарағанда Еуропа монархиясына ұқсас болғанымен, 
шындығында одан біраз артта қалған еді. Католик шіркеуі халықты 
бағындыруда король өкіметіне жәрдем берді. Азаттыққа ұмтылған 
әрқандай талпыныс көптеген жандардың инквизиция жазасына 


272
ұшырауына себепші болды.
Бұл дәуірде лирика жанрындағы эпикалық поэзия кең түрде 
дамыды. Тарихи, дидактикалық, аңыздық, діни және басқа да 
түрлердегі поэмалар туды. Эрсильяның (1533-1594) «Араукана» атты 
көлемді эпопеясында үнді-араукан тайпасынан шыққан чилилердің 
испан билігіне қарсы көтерілістері суреттелді. Шығармада тайпа 
қаһарманы Каупаликаның ерлік күресі, әйелдердің махаббат 
сергелдеңдері бейнеленеді. Поэма осы дәуірдегі Испанияға тән 
белгі болған жаңа жерлерді отарлау, жергілікті халыққа «мәдениет» 
тарату сияқты ұмтылыстарды баяндайды.
XVI ғасырда жасаған ірі португал жазушысы Луис де Камоэнс 
(1524-1580) шығармашылығында сол кезеңдегі дәуір рухы сәтті 
суреттелді. Камоэнс бірнеше комедия, көптеген өлеңдер, соның 
ішінде бақытсыз ғашықтықты жырлаған 350-ден артық сонет 
жазды. Бірақ ол, негізінен «Лузияда» поэмасымен танымал болды. 
Шығармада Васко де Гамманың Африка арқылы Үндістанға 
жаңа кеме жолын табуы және португалдардың осы мемлекетке 
баса-көктеп кіруі баяндалады. Ақын қоғамдағы кемшіліктерді, 
сарай маңындағы ақсүйектердің аярлығын, билеушілердің ауыр 
салықтармен халықты аяусыз қанап жатқандығын әшкерелейді. 
Поэмада әлеуметтік теңсіздіктер, серілік жорықтар, жаңа жерлерді 
басып алуға талпынулар сияқты сол дәуірдің өзіндік ерекшеліктері 
жарқын көрініс тапқан. Шығарманың маңыздылығы сонда, ол 
адамның табиғат сырларын танып-білуге бағытталған әрекетін 
өте қызықты көріністерде бейнелеумен қатар, поэзияда реалистік 
әдістің дамуына белгілі дәрежеде әсер етті.
Эрсилья мен Камоэнс шығармашылығына Гомер, Вергилий 
секілді ақындардың ықпалы тиген еді. Бұл олардың поэмаларында 
реалистік эпизодтармен бірге қиялға бой ұруларынан айқын сезіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет