40
олардан денсаулық, қырманға береке, мемлекетке тыныштық тiлеу.
Осыдан соң, шаруашылық жұмыстарды жыл бойы қалай
жоспарлау, жердi қашан жырту, қай мезгiлде егін салу, қай уақытта
егiндi жинау, қырман бастыру, т.б. туралы әңгiмелейдi. Дастанның
қорытынды бөлiмiнде ежелгi дәстүрлерге сай әрбiр ай «қасиеттi»
және «қауіпті» күндерге бөлiнiп, қайсы күнi
қандай әрекеттердi
iстеуден сақтану керектiгi айтылады. Дастанға «Жұмыстар мен
күндер» деген ат осы соңғы бөлiмнiң мазмұнына байланысты
қойылған.
Шығарма барысында шаруаның iстерiне қатысты кеңестер
берумен бiрге, күнделiктi өмiрде кездесетiн басқа да мәселелер
жайында хикметтi өсиеттер баяндалады. Бұл өсиеттер ұлтарақтай
жерде еңбек етiп жатқан сорлы шаруаның мүддесiн ойлай айтылған
насихат сөздер. Осы кеңестер кедейдiң шаруашылығын нығайту,
байлығын арттыруға қызмет қылады. Сондықтан ақын шаруаны
жоспарлы болуға, ысырапшылдықтан сақтануға,
бiреуге қарыз
бермеуге, қарыз алмауға, әрбiр iстi ойланып iстеуге, көршiлермен
тату болуға шақырады. Ақын ғашықтық-махаббат мәселелерiнде
де шаруаны сақ болуға шақырады: «Әйел заты адамның басын
айналдырып, қамбасын тез құртады» дейдi. Оның үйлену және
отбасы мәселесi туралы пiкiрлерi де осыған ұқсас. Ақын ерлердiң
тек отыз жастарда үйленуiн, онда да тек жас қызды алуын талап
етедi. «Есiк көрген әйелге қарағанда, бесік көрген қызды» тәрбиелеу,
әдептiлiкке, шаруашылыққа үйрету жеңiл болады», деп түсiндiредi.
«Ұл баланың санын бiреуден асырмау керек. Олай болмаған күнде
шаруаның мүлкi мұраға бөлiнiп, майдаланып кетедi»[1,49], дейдi.
«Жұмыстар мен күндер» дастанынан өзге Гесиод есiмiмен
байланысты тағы да екi поэма бар. Олар – «Теогония» («Құдайлардың
пайда болуы») және «Әйелдер кестесi» поэмалары. Бiрiншi дастан
– грек мифологиясын жүйелеу ниетiнде жазылған шығарма. Гесиод
өзінің поэмасында әлемнің жаратылуы және пайда болуы туралы
кең түрде әңгімелейді. «Ол бастапқыда Хаос, Гея-Жер, Тартар және
Эрос сияқты құдіретті күштер болды, әлемнің жаратылуында Гея-
Жердің орны ерекше, ол Уран-Аспанды дүниеге
келтірді, осыдан
соң ол Уранмен және Тартармен қосылып түрлі құбыжықтарға өмір
берді, деп жазады»[6.30]. Ежелгi гректердiң жаратылыс туралы
түсiнiктерi, құдайлардың пайда болуы туралы мифологиялық
танымдарының бiздiң дәуiрiмiзге дейiн жетiп келуiнде Гесиодтың
41
бұл шығармасы маңызды орынға ие.
«Әйелдер кестесi» поэмасы да мазмұн жағынан «Теогония»
дастанымен үндес. Бұл шығарма құдайлармен некелескен
әйелдердiң кейiн атақты грек тайпаларының таралуына себепшi
болғандықтары туралы хикаялайды.
Гесиодты ежелгi гректер Гомермен қатар тұратын ұлы ақын
деп таныған. Кейбiр аңыздарда оны
тіпті Гомерден де жоғары
бағалайды. Гесиод шындығында да халық ақыны, еңбекшiлер
қамқоршысы, данышпан тұлға. Оның поэзиясында халық ауыз
әдебиетiне тән суреттеулер, мақал-мәтелдер мол кездеседi.
Еңбекшi халықтың аянышты өмiрiн бейнелейтiн «Жұмыстар мен
күндер» поэмасы өзiнiң заманагөй мазмұны, ғажайып реалистiк
эпизодтарымен грек әдебиетi тарихында ерекше маңызға ие.
Бұл дастан ғасырлар бойына грек шаруасы үшiн ауыр күндердiң
таптырмас кеңесшiсi, данышпандық үлгiсi болып қызмет еткен.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Гесиодтың «Жұмыстар мен күндер» шығармасының өзіндік
ерекшеліктерін көрсетіңіз.
2. Халық ауыз әдебиетіндегі өсиетнамалар және нақылнамалар
туралы не айта аласыз?
3. «Теогония» шығармасындағы
автордың негізгі мұраты
қандай?