Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Грек әдебиетінің аттикалық кезеңі



Pdf көрінісі
бет16/119
Дата06.12.2023
өлшемі2.71 Mb.
#485691
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   119
koblanov-shetel-ad-tar

Грек әдебиетінің аттикалық кезеңі
Б.з.б. V-ІV ғасырлардағы грек қоғамы мен мәдениеті
Біздің заманымыздан бұрынғы V ғасыр грек қоғамының саяси-
экономикалық және мәдени дамудың жоғары сатысына көтерілген 
дәуірі. Бұл гүлдену Парсы-Грек соғыстарынан кейін, Афина 
мемлекетінің күшеюі мен демократиялық бағытта дамуына тығыз 
байланысты болып, ақиқатында да грек елінің алтын ғасыры деп 
аталуына лайық ұлы дәуір болды. Б.з.б. V ғасырға дейін грек жерінің 
ең алғашқы мәдени орталығы Кіші Азиядағы Иония өлкесі деп 
саналып келген болса, дәл жарты ғасырға (б.з.б.499-449) созылған 
Парсы-Грек соғысында гректер жеңіске жеткен соң ілім мен білім, 
өнер мен мәдениет орталығы Афина мемлекетіне көшеді. Әдебиет 
саласындағы Афинаның маңызының ұлылығы соншалық, б.з.б. V-IV 
ғасырлар әдебиеті осы даңқты қала орналасқан Аттика өлкесінің 
атымен, яғни грек әдебиетінің аттикалық кезеңі деп аталады.
Парсылармен болған соғыстың зардаптарын көбірек тартқан 
және дұшпанды жеңуге басқалардан гөрі артығырақ үлес қосқан 
афиналықтар, соғыстан кейін грек жеріндегі жүз елуден артық 
қала мемлекеттер арасында жеңіс үстемдігін өз қолдарында сақтап 
қалды. Енді Грекия жерімен тұтасып жатқан теңіз суларында 
олардың жалғыз өздері билік жүргізе бастайды. Бұл жағдай жаңа 
сауда жолдарын қолға алуға, Қара теңіз жағалауындағы елдермен 
сауда қатынасының дамуына кең жол ашады және Афинаны 
астықпен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесін түбегейлі шешеді
Кейбір мемлекеттерді өзіне тәуелді қылу, кейбірiмен сауда 
қатынасын жасау, отарланған елдердің байлығын тонау, мемлекет 
ішіндегі халықты аяусыз қанау нәтижесінде б.з.б. V ғасырдың 
соңына келіп, Афина мемлекетi Грекия тарихында бұрын-соңды 
болмаған, экономикалық жағынан гүлденген бай мемлекет 
дәрежесіне көтерiледi. Сонымен бірге, бүкіл грек елінің ең ірі 
мәдени орталығына, ғалымдар, ақындар, философтар, мүсіншілер, 


63
суретшілер мен түрлі өнер адамдарының мекеніне айналады.
Афина өзінің экономикалық және мәдени дамуына негізінен 
б.з.б. V ғасырдың 50-30-жылдарында, яғни Афина мемлекетінің 
басында Перикл тұрған кезеңде қол жеткізді. Сондықтан бұл дәуірді 
көбінше «Перикл ғасыры» деп те атайды.
Перикл (өмір үрген кезеңі амамен б.з.б. 500-429) ақсүйек
отбасында туып, заманына сай өте жақсы білім алады. Парсы 
соғысы кезінде бірнеше әскери ерліктер көрсетеді. Афина 
мемлекеті басында тұрғанында өзінің ерекше қайраткерлігімен
даңққа бөленеді. Саяси қызметте өзінен алдын өмір сүрген досы,
нағыз демократ Эфиальттың істерін жалғастырады. Ақсүйектердің 
ішкі қарсылықтарын жеңіп, мемлекетте демократиялық қоғамды 
орнатады және 15 жыл бойына (б.з.б.445-430) жыл сайын Афина 
мемлекетінің ең жоғары лауазымы - стратегтікке сайланып 
отырады. 
«Ол туралы тарихта гректердің: әрі салмақты, әрі салауатты жан 
еді. Ашына сөйлегенде, Күнді күркіретіп, дұшпандарына жай отын 
шашатын Зевске ұқсап кететін, деген сипаттамасы сақталған»[11,26]. 
Афина мемлекеті демократиялық негізде құрылған қоғам 
болуына қарамастан, ұлы тарихшы Фукидидтің айтуынша, 
оны жалғыз бір адам, яғни Периклдің өзі басқарған. Перикл 
шындығында да өз дәуірінің іскер мемлекет басшысы, нағыз шешен, 
адамдарда шығармашылық қабiлетті оятуға шебер, ғылым мен 
білімге, өнермен әдебиетке құштар жан еді. Ол бүкіл грек жұртынан 
философтар, ғалымдар, ақындар мен өнер қайраткерлерін Афинаға 
жинайды. Периклге жақын тұрған және оның мемлекеттік істеріне 
көмектескен ұлы данышпандар арасында философтардан Анаксагор, 
Сократ, «тарих ғылымының атасы» Геродот, ұлы трагедияшы 
Софокл, ғажайып мүсінші Фидий мен соларға ұқсас жалпы грек 
мәдениетін биік шыңға көтерген тағы да бірнеше ірі тұлғаларды 
көреміз. Перикл заманында ғылыми-философиялық iлiмдер 
кең түрде дамыды. Ғалымдар, қаламгерлер өз шығармаларында 
табиғат құбылыстарының, қоғамның даму заңдылықтарын ашуға, 
оларды түсіндіруге және осы негізде сол кезеңдегі демократиялық 
құрылыстың дұрыс екендігін дәлелдеуге ұмтылады. 
Ескі діни қағидалардың бірте-бірте жойыла бастауы, тылсым 
күштерді ғарыш құбылыстарынан іздеу (пантеизм), адамды бүкiл 
болмыстың әміршісі дәрежесіне көтеру, оның санасына, қабілетіне 


64
үлкен үміт арту – осы дәуірдегі философиялық ағымдардың негізгі 
ерекшелігі болды. 
Жаңа түсініктер алғаш рет Анаксагор (б.з.б.500-428) 
философиясында көрінді. Периклмен жақын дос болған, оның 
саясатын қолдап-қуаттаған және әміршінің тілегіне байланысты 
дәуірінің ғылыми-мәдени қозғалысының басында тұрған бұл 
талантты ғалым ескі діни түсініктердi жоққа шығарып, бүкіл 
ғарышты сансыз бөлшектерден құралған мәңгілік деп таниды. 
«Күн мен Ай бұрынғылар айтқандай, тылсым күштер емес, ал 
мәңгі жанып тұратын денелер» [32,348]. Анаксагор адам санасын, 
күшін және жаратушылық қабілетін өте жоғары бағалайды. Оның 
iлімі ежелгі дүниеде кең таралған және өз замандастарына күшті 
әсер еткен.
Осы дәуірдің ғылыми және философиялық ой-пікірлерін 
өзгелерден гөрі толығырақ бейнелеген, тарихи материализм 
ағымына негіз салған ұлы ғалым Демокрит (б.з.б.460-360) болды. 
Демокрит өз заманына тән болған барлық ғылым саласында 
(астрономия, физика, математика, биология, география) көптеген ірі 
еңбектер жазды.Оның туындылары арасында поэзия, өнер, тарих, 
шаруашылық, әскери техника және басқа да түрлі мәселелерге 
арналған кітаптарды да көреміз. 
Гректің тұңғыш энциклопедиялық ақыл иесі Демокрит өзінің 
парасаттылығы мен терең білімінің арқасында ізшіл материалистік 
философия iлiмiнің негізін салды. Оның пікірінше, «бүкiл болмыс 
көзге көрінбейтін майда бөлшектерден – атомдардан құралған, 
атомдардың формасына қарай ғарыштағы барлық нәрселер түрліше 
болады. Тіпті тірі зат, сондай-ақ адам және оның «жаны» да 
атомдардан жаратылған. Сансыз атомдардан тыс, жаратылыс шексіз 
кеңістіктен де тұрады. Атомдар міне осы кеңістікте тоқтаусыз 
қозғалыста жасайды. Бүкiл болмыс, біздің ойымыз бен сезіміміз 
осы атомдардың қозғалысы нәтижесінде пайда болады. Атомдар 
мен олардың қозғалысы мәңгілік. Еш нәрсе жоқтан бар болмайды, 
еш нәрсе бардан жоқ болмайды. Табиғаттағы өзгерістер атомдардың 
бір жағдайдан екінші жағдайға өтуінің нәтижесі ғана»[1,69]. 
Осылайша, Демокрит нағыз материалистік философия 
ілімін негіздейді, бірақ оның бұл материализмі әлі механикалық 
материализм еді. Демокрит табиғаттағы барша құбылыстарды тек 
механика негізінде түсіндіреді. 


65
Демокрит қоғамдық-саяси мәселелермен де терең айналысып, 
ежелгі гректер ортасында кең тараған көне дәуірдегі «алтын 
ғасыр» туралы аңыздарды жоққа шығарады. Оның пікірінше, 
«қоғамның алғашқы дәуірлерінде адамзат санасыз жануар сияқты 
өмір сүрген. Тіршілік ету қиындықтары нәтижесінде бірте-бірте 
ойлауға ерісіп, мәдениет негіздерін құра бастаған». Мемлекет 
құрылысы саласындағы еңбектерiнде Демокрит демократтық 
қоғамның абзалдығын қолдайды. Бірақ, Демокриттің ең жоғары 
баға берген бұл демократиясы құлдық негізге құрылған демократия 
еді. Өкініштісі сол, осындай ұлы қайраткердің бірде-бір шығармасы 
біздің дәуірімізге жетіп келген жоқ. 
Б.з.б. V ғасырдың екінші жартысында Эллада жеріндегі 
қоғамдық мәселелерді үйрену ісін өз алдына негізгі мақсат етіп 
қойған жаңа ғылыми-философиялық ағым пайда болады. Бұл 
ағымның өкілдері өздерін «софистер» деп атады. Алғашында 
«софист» сөзі «данышпан», «білімді», «ғалым» деген мағыналарда 
қолданылғанымен, кейін бұл атау философия қайраткерлерінің 
атына айналады. Ежелгі Грекияда софистер қалаларды кезіп 
жүріп, өздерінің жеке сұқбаттарында, яғни халық алдында ғылым 
негіздерін талқылайтын. Матералистік философтар өз шәкірттері 
мен тыңдаушыларына табиғат құбылыстары туралы әңгімелесе, 
софистер қоғамдық мәселелер туралы тартысады. 
Софистер халық арасында орнығып қалған ескі түсініктер мен 
нанымдарды табандылықпен жоққа шығарды. Ірі софистердің бірі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет