Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет103/119
Дата06.12.2023
өлшемі2.71 Mb.
#485691
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   119
koblanov-shetel-ad-tar

Лафонтеннің мысалдары
Лафонтен өз мысалдарымен үлкен даңққа бөленді. Мысал 
жанры жеке билікке, сонымен бірге ақсүйектік озбырлыққа қарсы 
болған демократтық топтардың наразылығын баяндауға қолайлы 
және түсінікті құрал еді. Лафонтеннің халықшыл идеялары 
мысалдарында анық көрінеді. Ақын мысалдарының алғашқы 
алты кітабы 1668 жылы, келесі бес кітабы 1678-1679 жылдары 
жарияланды. Лафонтеннің мысалдары өзінің демократтық рухы 
мен сатиралық қуатының өткірлігімен, езілген халықтың арман-
тілектерін бейнелеуімен ақын шығармашылығының ең биік 
шыңына айналды. Эзоп дәуірінен бері мысал «төмен» топтардың 
мүдделерін суреттеп келген еді. Соның үшін классицизм эстетикасы 
мысалды көркем әдебиеттің төменгі түрлеріне жатқызып келді. 
Оның теорияшысы Буало болса ақыннан ұзақтасып, Лафонтен 
шығармашылығы туралы өзінің «Поэзия өнері» еңбегінде бір ауыз 
сөз айтуға да батылы жетпеді. Ақын мысалдарының көпшілігі терең 
гуманистік идеялар мен реалистік көріністерге өте бай. Лафонтеннің 
классицизм эстетикасының әдеби нормалары шеңберінен шығып
шынайы шығармалар жасаудағы шеберлігін «Отыншы мен ажал» 
мысалында айқын көреміз. Сол себепті Буало бұл мысалға наразы 
болып, оны қайта өңдейді. Бірақ Лафонтен қол жеткізген терең 
мазмұн мен көркемдік жетістікке ерісе алмайды. Лафонтен мен 
Буало антик мысалшысы Эзоптағы бір сюжеттен пайдаланған (Ауыр 
еңбек пен тұрмыс тауқыметінен әбден шаршаған отыншы шаруа, 
бұл дүниемен қоштасу мақсатында алдына Әзірейілді шақырады. 
Әзірейіл отыншыдан қандай тілегің бар деп сұрағанында, одан 
қорқып кеткен шаруа бір бума отынды көрсетіп, оны желкесіне 
салып жіберуін өтінеді).
Классицист Буало өз мысалында кедей отыншы туралы күлкілі 
ертегіні ғана хикаялап береді. Отыншының ауыр жағдайына 
ашынбайды, оның кедейлігінің әлеуметтік себептеріне қызықпайды. 
Гуманист жазушы Лафонтен болса бұл мысалға басқаша қарайды. 


332
Кедейдің жағдайына ашынады, бұл қарапайым адамның тауқыметін 
жеңу үшін үлкен сенім қажет екендігін ашық, анық көрсетеді. 
Шаруаның кедейлігіне себеп болған әлеуметтік озбырлықтарды, 
ол жасап жатқан қоғамдағы індеттерді әшкерелеу бұл мысалдың 
негізгі идеясын құрайды. 
Жазушының алғашқы кітабында да реалистік көріністерге бай 
мысалдар көп. Бұл кітаптағы ақсүйектердің азғындығын масқара 
қылған «Емен мен қамыс», буржуазияның опасыздығын көрсеткен 
«Егеуқұйрықтар кеңесі», сарай арамтамақтарын келеке қылған 
«Маса мен жел», әділетсіз сотты сынаған «Маймылдар сотында 
түлкіге қарсы арызданған қасқыр», жеке биліктің зұлымдығын 
ишарат еткен «Ауру арыстан мен түлкі», діндарлар мен 
дворяндардың жауыздықтарын әшкерелеген бірнеше мысалдары 
назарға лайық. Бірақ осы мысалдарда саяси-әлеуметтік өмірден 
гөрі тұрмыстық оқиғалар көрінісі басым тұрады және сол оқиғалар 
абстракт жағдайда талданады. Әлеуметтік қайшылықтар адам 
мінезінде бұрыннан бар кемшіліктер деп көрсетіледі. «Қасқыр мен 
қозы» мысалының мағынасы «күшті әрқашан хақ болып шығады» 
деген қорытындымен аяқталады.
Алғашқы 
мысалдарында 
арыстанның 
жыртқыштығы, 
жауыздығы арқылы корольге ишарат жасалса, «Мысалдардың» 
екінші басылымына енген кітаптарында енді «хайуандар патшасы» 
зұлымдықты, озбырлықты, әділетсіздікті өз бойына жинақтаған 
монарх ретінде сатира найзасына ілінеді. Арыстан мен оның 
айналасындағы жыртқыш хайуандар арқылы ақын король мен сарай 
жұртын бейнелейді. Мысалдан келіп шығатын қорытынды да анық, 
терең әлеуметтік мазмұнға ие болады.
«Жыртқыш хайуандар тайпасы» мысалында да жамандық 
пен зұлымдыққа бой алдырған сарай жұрты, король және оның 
қолдаушылары масқараланады. Олардың өмірі зорлық-зомбылыққа 
негізделген, сол үшін билеушілерден ешқашан жақсылық күтуге 
болмайды деген қорытынды мысалдың негізгі идеясын бейнелейді.
Ақынның екінші жинағына кірген мысалдарында әлеуметтік 
сатира күшейеді. Ақша билігі және оның апатты әсерін («Етікші 
мен саудагер»), соттың жемқорлығын («Мысық, күшік және қоян»), 
король өкіметі мен дін өкілдерінің жауыздықтарын («Арыстан, 
қасқыр және түлкі», «Ана арыстанды жерлеу рәсімі», «Діндар мен 
мүрде») мысалдарында үлкен шеберлікпен әшкерелейді.


333
Лафонтеннің алғашқы мысалдарындағы көріністерге тән 
болған астарлы кекесін орнын 70-жылдардың аяғына қарай 
нақты әлеуметтік сатиралық және реалистік көріністер иелейді. 
Хайуандардың аллегориялық бейнесі орнына адам образы 
пайда болады. Осы жылдары ақын король Людовик ХІV-нің
басқыншылық соғыстарын сынаған және бейбіт шығармашылық 
еңбекті ардақтаған терең мазмұнды мысалдар («Дунайлық шаруа», 
«Саудагер, дворян, бақташы және шахзада») жазу арқылы халық 
арасында үлкен даңққа бөленеді.
Лафонтен антикалық, орта ғасырлық және Қайта өрлеу
дәуіріндегі мысал жанрының дәстүрлерін терең игеріп, оларға 
реалистік сипат пен сатиралық рух енгізеді, бұл жанрды жаңа 
көркемдік сатыға көтереді. Оның мысалдары қарапайымдылығы 
және өз дәуіріндегі саяси өмірді кең қамтуымен, еңбекші халықтың 
мүдделерін батыл қорғауымен де өте құнды. Белинский И.Крыловтың 
мысалдары туралы жазған еңбегінде, «мысал көркемдік бояуы, 
өзіндік белгілері және характерлерімен кішігірім повесть яки драма 
болуы тиіс», деп көрсеткен болатын. Шындығында да Лафонтен міне 
осындай шығармалар жазып, ХVІІ ғасырдағы француз әдебиетін, 
жалпы мысал жанрын дамытуға зор үлес қосты. Сондықтан да 
Пушкин француз халқының рухани байлығын қорытындылаған 
Лафонтенді ұлы мысалшы сипатында Крыловпен қатар қойды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет