Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет106/119
Дата06.12.2023
өлшемі2.71 Mb.
#485691
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   119
koblanov-shetel-ad-tar

 «Андромаха» трагедиясы
«Андромаха» (1667) - Расин шығармашылығында болған 
өзгерісті бейнелеген алғашқы ірі трагедиясы. Жазушы пьесаның 
сюжетін антик мифологиядан алды. Шығарманың бас қаһарманы - 
Троя батыры Гектордың сүйікті жары Андромаха. 
Қаланы гректер басып алып, өрт қояды. Гекторды Ахиллес 
өлтіріп, жесір қалған Андромаха баласы Астианакспен бірге 
Ахиллестің ұлы, Эпир патшасы Пирдің қолына тұтқынға түседі. Сұлу, 
ақылды тұтқынға мейірімсіз Пирр ғашық болады. Бірақ Андромаха 
ерін өлтірген және халық басына қасірет әкелген жанның ұлын сүюі 
мүмкін емес еді. Сол үшін Пирр біресе оны қорқытады, біресе оған 
жалынып, жалбарынады. Андромаха перзентін төнген қатерден 
құтқару үшін айла жасауға бекінеді. Ол Пирмен некесін қидырып, 
сол күні өзін өлтірмекші болады. Пирді сүйетін Менелайдың қызы 
Гермиона бұл хабарды естіп, өзегін өртеген қызғанышқа шыдай 
алмай, опасыз сүйіктісінен кек қайтаруды Орестке тапсырады. 
Неке салтанаты өтіп жатқан уақытта Орест сүйікті ғашығының 
талабынан бас тарта алмай, Пирді өлтіреді. Осыдан соң Гермиона 
да өзін мерт қылады.
Расин «Андромаха» трагедиясында ежелгі сюжетті алып


338
оған жаңа мазмұн береді. Монарх пен оған жақын ақсүйектердің 
жарамсыз мінездерін сынға алады. Пирр патша, Гермиона, және 
Орест образдары арқылы мемлекет мүдделерін ұмытқан, тәкаппар, 
өзімшіл, қоғам үшін өте қауіпті жанға айналған билеушіні 
әшкерелеп, жеке биліктің күйзелісін көрсетеді. Жазушы осындай 
бұзық жандарға Андромаха образын қарсы қояды. Бұл әйел - өз 
баласына мейірімді ана, еріне адал жар, халқын шексіз сүйетін нағыз 
отаншыл жан. Шығармадағы өзімшіл ұмтылыстармен әрекет етуші 
кейіпкерлердің жеңілісі Андромаханың рухани жеңісін дәлелдейді.
Расин трагедиялары мен Корнель трагедиялары ортасында үлкен 
айырмашылықтар бар. Корнель пьесаларындағы қаһармандар көп 
қиыншылықтарды басынан өткізіп, өздерінің сезімдерін жеңіп, 
ақырында жеңіске жетеді. Мемлекет алдындағы борыштарын өз 
мүдделерінен жоғары қояды.
Расиннің қаһармандары болса, мұндай емес. Оларда ішкі сезім 
саяси мәселелерден жоғары тұрады. Пирр айлакер, батыр жан
бірақ ол махаббат алдында мемлекет мүдделерін ұмытады. Орест 
те Гермиона үшін мемлекетке қиянат жасап, соңында қандықол 
жендетке айналады. Гермиона тек өз сүйіктісін ғана ойлайды
сүйген адамы оны ұната ма, жоқ па онымен ісі болмайды. Сол үшін 
ол Пирдің өліміне себепші болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет