Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Драмадағы қосымша оқиғалар



Pdf көрінісі
бет88/119
Дата06.12.2023
өлшемі2.71 Mb.
#485691
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   119
koblanov-shetel-ad-tar

Драмадағы қосымша оқиғалар
Драмада орталық сюжетке қосымша жалғасатын үш оқиға: 
король өкіметі мен кертатпа феодалдар ортасындағы күрес, қанауға 
ұшыраған халықтың озбырларға қарсы көтерілісі және Фрондосо 
мен Лауренсияның ғашықтық сезімдері бейнеленеді.
Жазушы арагондық Фердинанд пен кастилиялық Изабелла 
ортасындағы одақ (неке) арқылы мемлекеттің бірлігіне қол жеткізу 
және оны арабтардан азат ету жолында жасалған алғашқы қадам 
деп суреттейді. Соның үшін король өкіметі мемлекетте Португалия 
үстемдігін орнатуға жәрдем берген Калатавра орденіне қарсы күрес 
жүргізеді. Бұл күресте шаруалар король өкіметіне қолдау жасайды, 
өйткені одан жәрдем күтеді. Командор болса өзінің жеке мүддесін 


301
отан мүддесінен жоғары қойған, Кастилия тағына басқа билеушіні 
отырғызу ниеті арқылы мемлекет бірлігін ыдыратуға ұмтылған
кертартпа күш өкілі ретінде айыпталады.
Пьесада драмалық тартысты туғызған негізгі оқиға - халық 
көтерілісі. Шығармадағы көтеріліс – озбырлық көрген халықтың өз 
құқықтарын түсінуі және тапталған намысы үшін күреске шығуы 
шынайы көріністер арқылы берілген. Командор қыстақ халқына 
жауыздықпен қатынас жасайды, қарттарды қорлайды, қыздардың 
адал махаббаттарын аяққа таптайды.
«Жоғары топтың» мұндай мінез-құлқы әр қадамында халықтың
жиіркеніш сезімдерін туғызады. Халық наразылығы көтеріліске 
айналып, командордың тағдырын шешеді. Әділет орнатылуынан 
үміткер болған халық корольден жәрдем сұрайды, бірақ одан көмек 
болмайды. Шаруалардың арман-тілегі феодалдық билік жағдайында 
орындалмайтындығы шығармада шынайы көрініс тапқан.
Драмадағы үшінші оқиға – екі жастың махаббат тарихына 
қатысты эпизод. Ол пьесадағы негізгі мәселе болған феодалдық 
кертартпалыққа қарсы күрес мәселесімен тығыз байланыста 
суреттеледі. Өйткені, командор сияқты залым бар уақытта, Фрондосо 
мен Лауренсияның бақытты болуы мүмкін емес еді. Фрондосо 
сүйіктісінің қорлығына жол бермей, өз синьорына қол жұмсайды. 
Қыздың жігітке деген махаббаты осындай күрес үстінде оянады 
және шынығады. Командордың той салтанаты кезінде пайда болып, 
тойды тоқтатуы, Фрондосоны қамап, қызды зорлықпен алып кетуі 
сияқты оқиғалар қыстақта наразылық туғызады. Азап шеккен, бірақ 
мойымаған Лауренсияның ащы сөздері бүкіл қыстақты залымға 
қарсы бас көтеруге әкеліп соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет