Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Алғашқы драманың пайда болуы



бет19/110
Дата15.11.2023
өлшемі1.32 Mb.
#483316
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   110
Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» м-emirsaba.org

Алғашқы драманың пайда болуы

Драма сөзінің мағынасы «әрекет» дегенді білдіреді. Бұл атау осы жанрдың қимыл-әрекеттен және кейіпкерлердің өзара сұқбаттарынан тұратындығын дәлелдейді. Драманың пайда болу тарихын ежелгі дәуір ғалымдары мен қазіргі дәуір ғылымы халықтың діни дәстүрлерімен байланыстырады. Қауымдық даму сатысында, барлық халықтар сияқты гректер де аңшылық және еңбек ету барысында, той-салтанаттарда, түрлі мерекелерде ән айтып, би билеп, орындайтын бірнеше ырым-жоралғылар болғандығы сөзсіз. Грек драматургиясының түрлері – трагедия, комедия және сатиралық драма міне, осы діни дәстүрлер, әсіресе Дионис мейрамы



негiзiнде пайда болған.
«Дионистің тойында теке жайындағы өлең екі түрлі айтылатын, өлеңінде Дионистің өмірін баяндайтын әңгімесін жалғыз өлеңші айтып келгенде, айналада тұрған көп халықтың «хоры» (көптің әні) аяғына қосылып көп дауыспен көтеріп әкететін. Міне, осы әдеттің өзі жалпы драма дәстүріне тиісті болатын. Берірек келген заманда хорды бастайтын жалғыз өлеңші өзінің өнеріне түр қоса бастаған. Айтылып тұрған оқиға елге қызығырақ болып, жандырақ көрінуі үшін өлеңші денесінің қозғалысымен, пішін құбылысымен басына үлкен маска дін тұлғасын киіп, сол құдайлардың өздерінің халіне түсіп, суретін толығырақ келтіріп ойнайтын болған.
Осы хал және дін мен салттан туған қалың елдің мейрамы гректің атақты ақыны Эсхилдың заманына келгенде бұрынғы қалпына жаңа
түр қоса бастады. Дионис мейрамының құрбан шалардағы өлеңінде бұрын оқиғаға хормен жалғыз өлеңші екі-ақ кісі сияқты болып араласатын болса, Эсхил бұл мейрамды бұрынғыдан көрнекті қылып көрсету үшін жаңа оқиғаның ішіне тағы ойнаушы қосқан, ол ол құр ғана ойнаушы емес, бұрынғы Дионистің әңгімесіне араласатын құдайлардың біреуін кіргізген, сонымен Эсхил заманындағы драмаға араласқан ойнаушылар үшінші кісі болған… Эсхилден соң Софокл, одан кейін Еврипид заманында бұрынғы Дионистің тойында айтылатын теке жайындағы өлеңнен әдебиеттің ең сұлу, ең зор түрінің бірі болған трагедия туған.
Бірақ, грек трагедиясы өзінің ең жоғарғы биігіне жеткенге шейін елдің әуелгі ұғымынан бөлініп-жырылып келген жат нәрсе сияқты болған жоқ» [12,16].
«Трагедия ежелгі Эллада елінде... көне гректерге көктем сайын жүзім мен шарап шаттығын сыйға тартатын теке тұрпатты Дионис құдайдың құдіретіне бас ию сауығы мен салтанатынан туғаны белгілі.
Мұндай сайранды ұйымдастырушы топ хор боп қосыла жамырап, Дионис туралы аңыз – трагедия, яки текенің әнін орындайтын болған. Келе-келе текенің әнін орындаушылар түсін бояп кәдімгідей теке түріне көше киініп, қимыл-қозғалыстары арқылы қалың жұртқа текенің азабы мен ажалын көрсеткен. Одан жұрт үрейленген, өлген текені аяған. Трагедия дүниеге о баста осылай келген. Кейін бұл шын мәніндегі театр өнеріне айналған» [30, 344].
Аңыздардың айтуынша, «Дионис - Зевс пен Семеланың перзенті. Дионис өзінің адам тектес, бірақ, теке сияқты тұяғы мен құйрығы бар қызметшілері-сатирлармен бірге дүниені кезіп, қыдырып жүргенде адамдардың ауыр да азапты өмірін көреді. Адамзатты бақытқа бөлеу ниетінде, құдайлар тағамы саналатын қасиетті амврозияны ұрлайды. Бірақ құдайлар мұны сезіп қалады да, Дионис амврозияны жасырмақшы болып жерге көмеді. Көп ұзамай осы жерде биік ағаш өсіп шығады. Оның жақұттай әдемі, тәтті жемістері адамдарды бақыт пен шаттыққа бөлейді. Мұндай қайрымдылыққа қаһарланған Зевс өз ұлын Олимп тауынан қуып жібереді. Дионис жер бетінде ауыр азап шегіп, дүниеден өтеді. Ұлының өлімінен соң Зевс оның күнасын кешіріп, Олимп құдайларының қатарына қайта қабылдайды. «Жыл сайын өз құрметіне мейрам өткізуді Дионис адамдарға өсиет еткен екен. Содан бері бұл құдай мол өнім, шарап,
шаттық және бақыт қамқоршысы болып саналады».
Трагедияның тікелей Дионис мерекелеріне байланысты шығарылған дифирамб жырлардан туғандығына Аристотель де күманданбайды. Бұл туралы ол өзінің «Поэтика» еңбегінің төртінші тарауында анық пікірлер айтады. Ұлы философтың ойынша,
«трагедия» атауының өзі де Дионис тұлғасымен тығыз байланысты. Бұл атау trago және oide деген екі сөзден құралып, «теке жыры» деген мағынаны білдіреді. Өте көне замандарда гректер Дионисті теке бейнесінде (тотемизм) елестеткен және сатирлардың ешкі сипатындағы мақұлықтар болғандығын ескерсек, Аристотель пікірлерінің дұрыстығын байқаймыз.
АристотелькомедияныңпайдаболутарихындаДионисмерекесіне ұштастырады. Көктем кезінде қыстақтарда өткізілетін егіншілік мерекелерінде, әсiресе, Дионис мейрамында шаруалар құдайлардан береке тілеп, мол өнімнiң рәмiзi ретінде бірер жануардың мүшесін себетке салып, көше бойлап өлең айтып жүредi екен. Жалпы, бұл мейрамдар өте көңілді өтетін болған. Мереке кезінде жолаушыларға тиісу, олардың намысын қытықтайтын күлкілі сөздер айту немесе өздеріне ұнамаған байларды өлеңмен келеке қылып, қағыту мұндай мерекелердегі қалыптасқан жағдай болды. Осылардың барлығы комедияның алғашқы белгілері екендігін Аристотель сол жанрдың атымен дәлелдеуге ұмтылады. Шындығында да
«комедия» атауы «comos» және «oide» деген сөздердің бірігуінен пайда болып, «сайқымазақтар жыры» деген түсінікті аңғартады. Аристотельдің «трагедия – дифирамб өлеңдерінен, комедия – фалл жырларынан басталады» деген пікірлерін ғалымдар қазіргі күнде толығымен жоққа шығарады. Дионис құрметіне арналған мақтау жырлары-дифирамбтардың шағын лирикалық өлең шеңберінен шығып, нағыз драмалық жанрға айналғанынша өте ұзақ дәуірлер өткен, бірнеше ақындар тер төккен. Бұл жырлар алғашында елу адамнан құрылған хордың қатысуымен орындалған. Оларды орындаудан алдын хордан бір адам бөлініп шығып, әнді бастап берген. Сосын, кезек-кезек, біресе жеке әнші, біресе хор жырды орындап отырған. Бұдан біз драманың ең қажеттi белгісі саналатын алғашқы диалогты көреміз. Дифирамбтарды көркемдік жағынан қайта өңдеп, жаңа әдеби түрге айналдыру барысында ежелгі дәуір ақындары әжептәуір ұрынғанымен, бұл жанр ұзақ жылдар бойы сол лирикалық жыр қалпында қалып қойды. Өйткені, оның құрамында
қимыл-әрекет, нағыз ойын жоқ болатын. Бұл саладағы ең күрделі іс
  • дифирамбтарды атқаруға алғашқы актерды кіргізу болған. Содан соң, дифирамбтардың әрекет шеңбері кеңейеді, диалогтар ұлғаяды. Енді актер мен хор арасында сұқбаттасу, яки хор ән айтып тұрғанда актер сыртқа шығып, сахнадан шетте болып жатқан оқиғалар туралы хорға жаңа хабарлар айтып келу немесе қажет болған жағдайда шығарманың мазмұнына қарап, басқа киім киіп келу мүмкіндігі пайда болады. Дұрыс, актердың ойыны шығармада қазірше өте аз. Бірақ осыған қарамай, енді ол оқиғаны әрекетке келтіруші шешуші күшке, хордың мазмұнын түсіндіруші негізгі тұлғаға айналады. Хор болса, тек лирикалық бөлімдердің ғана орындаушысы болып қалады.


Әдебиет тарихында қалыптасып қалған дифирамбқа алғашқы актерды кіргізген өнер қайраткері деп ежелгі гректер Феспид деген ақынды атайды. Феспид істерін жалғастырған ақындар соңынан бірте-бірте Дионис оқиғаларымен байланысты болған сюжеттер шеңберінен шығып, грек аңыздарының басқа да түрлі сюжеттерінен кең түрде пайдалана бастады. Соңынан ақындар адам өмірімен байланысты болған мәселелерге де қол жеткізеді. Енді дифирамбтың шешуші бөлімдерінің бірі болған сатирлар хорының маңыздылығы жойылып, олар шынайы адамдардан құрылған хорлармен ауыстырылады. Бірақ сатирлардың шабытты ойындарын, қызықты өлеңдерін сахнадан шығарып тастау нәтижесінде трагедия мазмұны күрделене түседі. Бұл жағдай халық арасында, әсіресе, шаруалар ортасында наразылықтар туғызды. Олар «бұл шығармалардың Диониске мүлдем қатысы жоқ» деп, тіпті оларды тамашалаудан да бас тартады. Осы топтардың талаптарына жауап ретінде драматургияның жаңа түрі, алғашқы «сатиралық драма» пайда болады. Бұл шығармалардағы хор орындаушылары, әрине Дионистің қызметшілері-сатирлар болды. Осы жанрдың негізін салған б.з.б. VI ғасырдың аяғы мен V ғасырдың бастарында өмір сүрген ақын Пратин еді. Бірақ оның отызға жуық «Сатиралық драмасы» бізге жеткен жоқ. Ескерте кету керек, сатиралық драма ешқашан жеке түрде сахнада қойылмаған. Олар үш бөлімнен тұратын трагедиялық шығармалардың тек соңғы қорытынды бөлімі ретінде сахнаға шығарылған және трагедиялармен бір тұтас төрттікті – үш трагедия, бір сатиралық драманы құраған.


Қорыта айтқанда, бұл кезеңде грек драматургиясының үш негізгі
жанры – трагедия, комедия және сатиралық драма пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет