Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет102/110
Дата15.11.2023
өлшемі1.32 Mb.
#483316
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   110
Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» м-emirsaba.org

Соңғы трагедиялары

Расиннің барлық ірі пьесаларының сахнада қойылуы биліктің қарсылығын күшейтеді. Сарай интригалары ұлы драмашының талантын тұншықтырады. Егер Расин алғашқы он жылда (1667-1677) сегіз трагедия жазған болса, одан кейінгі он екі жыл ішінде (1677- 1689) ешнәрсе жаза алмады. Өйткені ол шығармашылық жұмысты тастауға мәжбүр болды. Бірақ 80-жылдардың аяғы, 90-жылдардың бастарындағы оқиғалар, жеке биліктің дағдарысының күшейуі мен мемлекеттің экономикалық жағдайының ауырлауы, шаруалардың кедейленуі, 1685 жылы Нант жарлығының жойылып, гугеноттардың (протестанттардың) жеңілісі, янсенистерге қарсы басталған шабуыл



  • осылардың барлығы оппозицияшы күштерді жандандырды. Жаңа жағдайда Расин тағы да қолына қалам алды. Өз пікірін ашық айту қиын болғандықтан, ол таурат тақырыптарынан пайдаланып, солар арқылы өз наразылықтарын баяндады.


Жабық қыздар мектебі үшін жазған «Эсфирь» (1689) трагедиясында гугеноттар күресін күшпен басқан католик шіркеуіне, соңғы «Аталияда» («Гофолия») жеке билік пен корольдің озбырлықтарына қарсы ашық наразылықтарын білдіреді.Өз діни нанымынан бас тартқан Израиль патшалары әулетінен шыққан Ирусалим ханымы жауыз Аталия Ирусалим патшаларының ұрпақтары болған өз ұлы мен немерелерін өлтіре бастайды. Шахзадалардың тек біреуі ғана (Иоас) құтқарылып, алыстағы қамалда жасырын тәрбиленеді. Мұны сезіп қалған ханым Иоастың ізіне түседі. Бірақ қамалдың попы Иодай, оның әйелі Иосавет, балалары Захария мен Суламифь шахзаданы аман алып қалуға ұмтылады. Ақырында залым ханым Аталияны өз халқы өлтіреді. Шахзада Иоас таққа отырады.


Трагедиядағы негізгі ұнамсыз образ – Аталия ханым. Оның зұлымдығы мен жауыздығы арқылы жазушы сарайдағы әділетсіздіктерді әшкерелейді. Оқиға Ирусалим сарайында болып өтті деп көрсетілгенмен, Людовик ХІV сарайындағы тартыстар, жеке биліктің күйзеліске ұшырауы нәтижесінде өршіп кеткен зұлымдықтар бейнеленгендігі айқын сезіледі. Аталияның жазалануы халыққа жасаған зұлымдығы үшін қайтарылған кек деп баяндалады. Бірақ пьесада халық «Британик» пьесасындағыдай белсенділік танытпайды. Аталияның жауыздығы оның дінін сатуына, Иодай мен басқалардың әділетті болуы болса, олардың діндар болуына байланысты деп көрсетіледі. Бұл жағдай шығармаға белгілі дәрежеде абстрактілік енгізеді. Жазушы дүниетанымында осындай қайшылықтар болғанымен, бұл трагедия жеке биліктің дағдарысын шынайы көрсеткен, озбыр монархқа қарсы күрес идеясын батыл ұсынған оның ең соңғы шығармасы болды. Өз заманындағы сияқты одан кейін өмір сүрген кертартпа әдебиетшілер де Расин шығармашылығын кемсіту, оның халықшылдық және сатиралық рухын жоққа шығару үшін күресіп келді. Ілгерішіл жазушылар болса француз драматургиясының дамуына Расиннің қосқан құнды үлесін ерекше атап отырған. Расин орта ғасырдағы феодалдық озбырлыққа рухани соққы берген «алғашқы жаңа ақын
болды» деген еді Гейне. Пушкин, Герцен және Белинский сарай әсерінде туған шығармаларындағы рационалдық шектелгендік пен қайшылықтарды көрсетумен бірге, Расиннің шығармаларына өте жоғары баға берді. Белинский Расиннің «Авлидадағы Ифигения» трагедиясын терең талдады. Пушкин Расин мен Шекспирдің әдеби әдістерінінің ерекшеліктерін анықтаумен қатар оларды бір-біріне жақындастыратын белгілердің де (халықшылдық пен гуманизм) бар екендігін айтады.
«Андромаха», «Британик» және «Федра» сияқты ғажайып трагедиялар жазған Расиннің әдеби мұрасы осы дәуірдің ірі драмашылары Мольер мен Корнельдің әдеби мұралары қатарынан өзінің тиісті орнын алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет