Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет101/110
Дата15.11.2023
өлшемі1.32 Mb.
#483316
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   110
Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» м-emirsaba.org

«Британик» трагедиясы

«Британик» (1669) - Расиннің өз дәуірі үшін өзекті болған мәселелерді баяндаған ірі трагедиясы. Шығарма сюжетін жазушы Рим тарихынан алды және залымға айналған монархтарды, жеке билікті қатты сынға алды. Тақты иелеп, өкіметті басқаруды қолға алған Нерон аз уақыт ішінде өзгереді. Тіпті анасын да көзге ілмейді. Агриппа ұлын таққа отырғызу үшін өз туысы Клавдий қартқа ерге шығып, оның ұлы Британикті сарайдан қуғызып, Неронды Клавдийдің қызына үйлендіріп, қыздың сүйген жігіт астыртын өлтірткен еді. Шексіз билік пен мансапты өз мүддесіне пайдалану залымдыққа алып келеді. Өлген императордың таққа мұрагер ұлы Британиктен Нерон қатты қауіптенеді. Қарсыласының сүйген қызы ару Юнияны көріп қалған Нерон қызды зорлықпен өзі алу, Британикті болса болса өлтіру жолын іздей бастайды. Бір күні Британикті сарайға қонаққа шақырады, у беріп, оны өлтіреді.


Трагедияда Неронды тәрбиелеген екі сарай өкілі де көрсетіледі.
Олардың бірі жаужүрек батыр, ақиқат үшін күресуші Бурр, екіншісі опасыз Нарцисс. Нерон өз қылымыстары сырының ашылып қалуынан қорқып жүрген кезде, Нарцисс оны Рим халқын әрқашан құлдықта ұста деп үгіттейді. Әділ, пәк жүректі Бурр әрдайым мемлекеттің ауыр жағдайын ойлап, уайымға түсіп, Неронға монархтың халықшыл және мемлекеттің тоқшылығы үшін жауапты тұлға болуы керектігін айтып, оған әсер етпекші болады. Бірақ сарай жұрты (Нарцисс сияқты озбырлар) Неронды дұрыс жолға салудың орнына, оны жаңа қылмыстар жасауға итермелеп отырады.
Корнель өз трагедияларында жеке билікті нығайту, мемлекеттің бірлігін қамтамасыз ету үшін күрескен жігерлі жандарды көрсеткен еді. Расин ХVІІ ғасырдың екінші жартысында шығармашылықпен айналысты. Бұл уақытта жеке биліктің қарама-қарсылықтары өршіген, озбыр билеуші болса өзінің шексіз құқықтарынан пайдаланып, өз жеке мүдделерін қанағаттандыру жолында өте залым жанға айнала бастаған болатын. Жазушы мемлекет өмірінде болған осы оқиғаларды үлкен ерлікпен әшкерелейді. Трагедияда негізінен тарихи оқиғалар суреттелгенмен, осы оқиғалар арқылы заманының саяси өміріне қатысты мәселелерді, яғни Людовик ХІV- нің мемлекет билігін өз қолына алуын, озбыр патша сипатында өзімшілдік таныта бастағанын көрсетеді. Бұл шығарманың басқа туындылардан ерекшелігі де осында. Расиннің тағы бір реалистік туындысы «Федрада» (1677) ақсүйектердің рухани күйзелістерін бейнелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет