Оқулық жоғары оқу орындарының медицина факультеттерінің студенттері мен магистрлеріне арналған



бет71/105
Дата02.01.2022
өлшемі1.97 Mb.
#452601
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   105
латын тілі(@kaz medical students)

NB- көнiл бөлiңіз.

Егер сөз құраушы негiз "қанды денешiк немесе iсiк" деген мағына беретiн болса, онда osis жұрнағы арқылы жасалған сөз - "таралу, көп екендiгiн бiлдiретiн" мағынадағы сөздi жасайды. Мысалы: leucocytosis лейкоцитоз қан құрамында лейкоциттердiң көп болуы деген мағынаны бiлдiредi. Fibromatosis фибромдардың көп болуы.




  1. ismus - жұрнағы.

Бұл жұрнақпен берiлген зат есiмдер, берiлген белгiге байланысты құбылысты, сәйкестiктi бiлдiретiн зат есiм жасайды. Мысалы: infantilismus (латынша-infantilis-балалық) бала жасына тән психикалық және физиологиялық дамудың сақталып қалуы. Daltonismus - қызыл және жасыл түстердi ажырата алмау. Strabismus - қитар көз.


  1. itis - жұрнағы ќабыну және қабыну барысын көрсетедi. XVIII ғасырдан бастап itis жұрнағы аурудың қабыну атауларын жасау үшiн қолданылып келедi. Мысалы: gastritis-гастрит-асқазанның кiлегейлi қабығының қабынуы; nephritis-нефрит-бүйректiң қабынауы. Itis- жұрнағымен берiлген зат есiмдер III жiктеуде f тегiнде жiктеледi, iлiк септiгiнде itidis болады. Мысалы: bronchitis, itidis meningitis, itidis f.




  1. oma – жұрнағы ісiк атауларын жасаѓан кезде қолданылады. Медицина термиологиясында oma- жұрнағы зат есiмдер немесе сын есiмдер негiздерiне жалғанып, iсiк атауларын жасайды. Мысалы: fibr-oma талшықты байланыстырушы тiндердiң залалсыз iсiгi. Oste-oma- сүйектiк тiндердiң заласыз iсiгi. Oma- жұрнағымен берiлген зат есiмдер III жiктеуде n – текте жiктеледi, iлiк септiгiнде atis болады. Fibroma, atis n, osteoma, atis n

Кейбiр тiндердiң залалды iсiктерiнiң атаулары, тiкелей ауру атын көрсетедi. Мысалы: carcinoma- рак, язва; sarcoma- еттi iсiк. Жалпы iсiк сөзi tumor, oris m, blastoma, atis, n neoplasma, atis n сөздерiмен синонимдес болып келедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет