Оқулық «Мәдениеттану»


Дәстүрлі қазақ мәдениетінің табиғи ғарыштық негіздері



бет39/57
Дата03.01.2022
өлшемі1.81 Mb.
#451815
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57
Мадениет тану экзамен

Дәстүрлі қазақ мәдениетінің табиғи ғарыштық негіздері

Қазақ халқы мәдениетінің ерекшеліктерін анықтаудың басты шартының бірі оның әлемдегі орнын айқындаумен қатысты. Жоғарыда біз мәдени кеңістікті өзімен-өзі берілген айғақ, қоршаған орта, өркениет аясы ретінде талқылаған едік.

Ондағы басты зерттеу тәсілін сырттан қарау деп атауға болады.

Алайда мәдени кеңістік тек бос қуыс орта емес, ол мәдениет тұлғасымен іштей бірігіп, оның дүниетанымы арқылы көрініс табады. Бұл жерде көне философиядағы макроғарыш пен микроғарыштың тұтастығы, үйлесімдігі, гармониясы туралы идеяның шындық маңызы зор. Қоршаған орта, адамдық әлем мәденниеттің өрістеу аймағы болып табылады. Қазақ және басқа да көшпенді халықтардың мәдениетін зерттеушілер оның ғарыштық сипатына басты назар аударады. Ғарыш деген не? Оның құрылымымы қандай? Ол қалай пайда болды? - сияқты сұрақтарды қойғалы отырғанымыз жоқ. Біздің мақсатымыз ғарыш пен табиғат туындыларының нақтылы бір мәдениеттегі көрінісін бейнелеумен байланысты. Яғни, мәдени кеңістікті іштен қарастырып өтейік.

«Қазақтың ата тегінің болмыс шындығына тікелей жақын болуы, - деп жазды М.Орынбеков, - олардың бақылайтын, қабылданатын дүниеге сезімдік тұрғыдан жақын болуы ішкі дүниесін, тіршілік етудің ождан бастауларын түсінуінен өз көрінісін тапты». (Ежелгі қазақтардың дүниетанымы. Алматы, 1996, 87-бет).

Егер батыстық өркениет үшін ғарыш пен табиғат адамдық мақсатқа сәйкес әрекеттің объектісі және сол себептен тұлғадан тыс тұрса, онда ол көшпеділер үшін әрекеттенуші тұлға болып табылады. Ғарыш суық әрі шексіз кеңістік емес, адамдық дүниенің мәңгілік кепілі ретінде түсіндіріледі. Адам ғарыштың бір бөлігі болғандықтан, ол қоршаған ортаның түрлі қасиеттері, кескін келбеті, болмысы туралы ой толғамай, бейтарап қала алмайды. Ғасырлар бойы сұрыпталған халық даналығында барша ғалам біреу ғана деп есептеледі, ал адамдар тұтас табиғаттың құрамдас бөлігі деп танылады.

Шексіздікті жеңу мәселесі сонау шумерлік өркениеттегі «Гильгамеш туралы жырдан» келе жатқан мотив. Шексіз далаға көз салған наомада ең алдымен үлкен шеңбер - көкжиекті көрген. Оның өзі аспандық күмбезбен көмкеріліп тұрған. шексіздікті ақылға сыйымды парасатпен қабылдау мүмскін емес. Ол – тылсым дүние, белгісіздіктің, қараңғылықтың, қаратүнектің таңбасы. Шексіздікті игеру үшін тұрақты бағдар қажет. Сахара тұрғыны бағдар іздеп аспанға көз салады, Темірқазықты тауып, огл арқылы Жетіқарақшы Жұлдыздарының ораналасуынан, Шолпан мен Үркерге назар салуынан, алыс аспанды жақындатады. Жорыққа шыққан әскер, сапардағы жолаушы, мал баққан бақташы түндегі бағдарын жұлдыздарға қарап айыратын болған.

Түрік халықтарының мифологиясында ғарыштың құрылымы былай бейнеленеді: жеті қат Жер бар, онда Көктөбе тұр, Көктөбеле Көктерек өсіп тұр, ол Көккүмбезді тіреп тұр. Бұл бейне киіз үйдің құрылымына да ұқсас.

Қазақтың әлем туралы түсінігінде әсерлі бейненің бірі - алып бәйтерек. Дүниежүзілік ағаш таңбасы өрлемедік қозғалысты, Жер мен Аспанның тығыз байланысын білдіреді. Осы биік бәйтерекпен эпос батырлары аспан денелеріне өрмелеп жете алатын болған. Әлемдік ағаштың тағы бір атқаратын қызметі оның жоғары және орта дүниені үшінші әлем - төмеңгі дүниемен байланыстыруында. Тірілер әлемі өткен кезбен, аруақтар аймағымен қатынасын үзбейді.

Көктеректің тамырлары жер астында орналасқан. Жасыл-желек өмірлік ағаш күш-қуат пен нәрді төменгі дүниелен алады.

Сонымен, қазақтың рухани мәдениетінде аспанды тәңірі-құдай ретінде қадірлеу осы мәдениеттің маңызды бір қасиетіне жатады. Аспанды құдай деңгейіне көтеру, одан қорқу емес, бұл көне мифтер мен ежелгі діндердің дүниетанымдық ерекшелігі екені ғылымға белгілі.

Қазақтардың ата-тегі түріктердің басты құдайы - Көк Төңірі. Оның рақымымен елді билеген қағандар «Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген» деп аталған. Түрік жазуларында көшпенділердің барлық жеңістері Көк Тәңірімен байланыстырылған. Аспанды және оның шырақтарын қадірлеу түрік өркениетіне жататын барлық халықтардың дүниетанымының маңызды белгісі. Мысалы, «Оғызнаме» эпосында Оғыз қаған өз балаларының атын Көк, Күн, Ай, Жұлдыз, Тау, Теңіз деп қойғаны мәлім.

Табиғи күштерді пір тұтудан тәңірілік дін көп құдайылық деген түсінік тумауы керек. Исламға дейін қазақтарда нақтылы «құдай» ұғымы болған жоқ деген пікір шындыққа онша жанаса қоймайды. Себебі Көк Тәңірін көшпенділер жалғыз жаратушы деп түсінген, кейін қазақтарда Тәңірі мен Алла синонимге айналған.

Аспан мен Жердің үйлесімдік идеясы туралы Ш. Уәлиханов былай деп жазды: «Аспанда өмір сүретін адамдар бар. Олар тамақтарының астынан белбеу буынады. Біз Ортада, жер үстінде өмір сүреміз, белбеуді денеміздің ортасынан буамыз, ал күні, айы және жұлдыздары бар жер асты адамдары белбеуді аяғында буады. Аспан қырғыздарымен өте бай кемпір арада тұрады (Аспан тұрғыңдарының өмір салтына ұқсас, өйткені бұл қырғыз қиялының жемісі)». (Таңдамалы. Алматы, 1984, 99- 101-бет).

Мифтік кеңістік жоғары-төмен тәртібімен құрылған. Мысалы, мифтік кейілкер тындаушы көбінесе жер астында болып жатқан оқиғаны қадағалайды, ал Жоямерген жер астындағы жылан патшасының қызына үйленеді. Аспанда пері, дию сияқты кейіпкерлер ұшып жүргенімен, миф қаһарманы олармен көбіне жер үстінде ұшырасады. Аспан елеміне қатысты ұғымдар көне жырларда алып бәйтерек, жеті басты айдаһар мекендейтін тау түріндегі символдық мәні бар түсініктермен шектелген.

Мұсылмандық діннің еуроазиялық Далада таралуына байланысты көшпеді халықтардың ғарыш туралы түсінігі де өзгерістірге ұшырады. Бұрынғы ескі мұра жоғалып кетпей, ислам космогониясымен синкреттік түрде тұтасты.

Бұл түсініктер бойынша әлем екі дүниелен: фәни (белгісіздік) және бақидан (мәңгілік) тұрады. Осыған сәйкес адам өмірі шексіз. Фәниден бақиға өту, бұл дүниелен кету дегеніміз жанның бір формадан екінші формаға ауысуы, оның нұрға айналуы. Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея - жанның мәңгілігі. Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иссауи, Абай мен Мағжан, жалпы Шығыс ғұламалары бойынша, адамның дүниелегі тіршілік ету мағынасы жанның мәңгілігімен айқындалады. Әйтпесе өмір мазмұны жануарлық күнкәрістен алыс кетпек емес. Әлем мен адамға бағыт беретін жол көрсетуші, мәңгілік пен шексіздіктің кепілі - Нұр. Оған адамның жай ақылы жетпейді, оны аңғару, түсіну, жан дүниеңмен қабылдау қажет.

Әлем мен Нұр ұғымдары қазақтың төл мәдениетінде Дүниені дұрыс түсіну арқылы нақтыланады. Дүние дегеніміз заттар мен құбылыстардың біріктірілген жинағы емес. Бұл дүние - біртұтас, яғни ол адаммен іштей қосылған.

Адам орасан зор Әлеммен жеке қалса, онда тұлғада күйкілік сезім, жатсыну, бағыныштылық қатынас тууы мүмкін. Сондықтан халықтық дүниетаным ғарышты жат күш ретінде емес, қайта өзіне етене жақын табиғилық шарт түрінде қабылдайды. Қазақтың рухани мәдениеті әлемді меңгерудің бірнеше тәсілдерін қолданған: оны тіршілікке қолайлы шексіздік ретінде бейнелеу (Бұқар жырау), оның асқақтығын, адамдық көңіл-күйді баспай, оған көтеріңкілік туғызатын дүние ретінде мадақтау (Қазтуған), әлем бөліктерінің сазды ырғақтарын аңғару (әл-Фараби).

Көшпеді мәдениет ғаламат Әлемнің ішінде өз орнын таба білген. Шексіз кеңістікте адам өзімен өзі және табиғатпен жеке қалып, оңаша сұхбаттасу, сырласу үстінде болған. Ол өзінің бүкіл рухымен, табиғатпен шынайы жақын екендігін сөзінген. Асқақтық сезім мен ғарышқа қарай самғауға ұмтылу тек жеке адамды емес, сонымен бірге бүкіл елді, Л. Гумилевтің тілімен айтқанда, «пассионарийлерге» айналдырған.

Табиғат аясындағы адамның белсенділігі де ерекше. Онда асығу деген болмаған. Далада кездескен жолаушылар бір-бірімен тез амандасып, жөнімен кету дегенді теріс қылық түрінде бағалаған. Олар үшін ең басты мәселе бір-бірінің көңіл-күйін сұрау арқылы ерекше бір жылы адамдық түсінісу еді. Қ. Нұрланова атап өткендей, қазақтың ұлттық идеясы - адамның көңілін табу. Оған қарым-қатынастың жоғары формасы іштесу арқылы жетуге болады. (Человек и мир. Казахская национальная идея. Алматы, 1994, с. 5).

Біртұтас дүние адамды жатсынбай өзіне қосып алғаннан соң, нұрға жетудің дәнекеріне айналғаннан кейін, Жарық Дүние бейнесі дүниетанымдық принцип қызметін атқарады. Жарық дүние логикалық ой қорытудың негізінде емес, ерекше бір типологиялық бейне бітімінде қалыптасады., Бұл - көркемдік жағынан абстрактылық ұғымдардан жоғары тұрған бейне. Типологиялық бейненің символикалық (таңбалық-рәміздік) мазмұны бірінші қатарға шығады.

Жарық Дүние адам үшін тұрақты және қуатты арқа сүйеу болып табылады. Арқа сүйеу бола алатын Жарық дүниені халық қастерлеп Жарқын Дүние деп көтерді. Қазақтың дестүрлі кос-могониясында Әлем-Дүниенің мынадай сипаттамалары бар: жарқын дүние, шіркін дүние, шексіз дүние, болжаусыз дүние, аруана дүние... яғни, әлемге адамдық қасиеттердің бәрі тән, олар (адам мен әлем) егіз болып табыладьіи

Әрине, халықтық дүниетаным әлемнің, дүниенің толымсыздығын, кемдігін, төмендігін де аңғарды. Оның негізінде бұл дүниеле адамның өмірінің шектілігін түсіну жатыр. Қазақ өлеңінде: «Қарасам, бұл дүние - шолақ екен, адам деген бір-біріне қонақ екен», - дейді. Осы тұрғыда дүниеге теріс қасиеттер де қосылады: қоңыз дүние, жалған дүние, сұм дүние, өткінші дүние.

Түрік халықтарының мәдениетінде Аспанмен қатар оның шырақтары да құдай деңгейіндегі құдіретті, қасиетті құбылыс деп танылған. Бұл мағынада, әсіресе, Күннің атқаратын рөлі ерекше. Ертелегі миф-аңыздардың, ертегілердің кейіпкерлерін Күнсұлу, Күн астындағы Күнікей ж.т.б. деп бекер атамаған. Бұл мәдениетті солярийлік (күндік) деп атауға негіз жеткілікті. Археологиялық және этнологиялық деректер Күн және Адамның тығыз байланысын көрсетеді. Мысалы, Саймалы-Таш, Там-ғалы, Ешкі өлмес аңғарларында көптеген басы күн тәрізді құдайлар мен адамдардың петроглифтік суреттерін ғалымдар тапқан. Күннің нұры сияқты ұшқын шашқан дөңгелек басты антропоморфтық кескіндер тасқа қашап салынған. Күнді құдай ретінде бейнелеу Шығыстағы көне өркениеттерге тән құбылыс. Қазақстан жерінде табылған солярийлер (күн тәрізділер) Ирандағы Бехистун жартасындағы Ахура-Мазда мен Митраның кескіндеріне ұқсас. Шумер өркениетінен бастап азиялық мәдениеттерге тән тағы бір бейне басы жұлдызды аспанға ұқсас антропоморфтық бейнелер екендігі ғылымға белгілі. Арыс өзенінің бойындағы Алтынтөбеле көптеген «алтынбастылардың» кескіндері бейнеленген. Кейінірек бұл бейне аспан құдайы - Көк Төңірінің негізі болды. Ерте заманнан бұл құдайлар магиялық мақсаттарда қолданылған. Күнбасты адамдарды бейнелегенде олардың рәміздік мазмұны алдыңғы қатарға шығады: 1) күн тіршіліктің бастауы; 2) көшпеділердің киіз үйіне жоғарыдан төмен қарағанда ол сәулесін шашқан күнге ұқсас (шаңырақ - күн, уықтары - сәулелер); 3) арбаның дөңгелегі мен күннің арасындағы құрылымдық изоморфизм; 4) көз және күн адам үшін маңызды, екеуін де шырақ деп атайды («шырағым» - деген сөз өте ыстық жақындықты білдіреді); 5) адамдағы басты және терең сезім - «ыстық махаббат» деп аталады. Бұл сипаттаманы ары қарай жалғастыра беруге болады. Қазақстанның елдік таңбасы - «Алтын адамның» бас киімінде нұрын шашып тұрған күн бейнеленеді.

Азиялық өркениетте Күнмен қатар қастерленген аспан шырағы Ай болған. Ай көне түрік мәдениетінде Күннің орынбасары, сұлулықтың таңбасы, көп мұраларда әйел құдай ретінде танылған. Көшпенділер үшін де Айдың маңызы зор болған. Даладағы малшылар қараңғы түнде айдың тууы мен батуын бақылаған, одан өздерінше қорытынды жасап, жыл мезгілдерін айыру есебін шығарған. Олар жаңа туған айдың күн сайын көлемінің кемитінін, ақырында «таусылып» — «өліара» келетінін білген. Бұл кезде ауа райы өзгеріп, ғылыми тілмен айтқанда циклон басым болады. Халықтық дүниетаным айдың климатқа тигізетін әсерін жақсы білген.

Алайда, Айдың басты рәміздік ерекшелігі оның күн мен түннің арасындағы алатын орнына қатысты. Күн батып кеткенмен, Нұр (ізгілік, жылулық, сәуле) жеңілмейді. Аспанға Күннің ізбасары (дублері) Ай нұрланып көтеріледі. Жақсылық пен зұлымдықтың арасындағы тартыс ғарыштық сипатқа ие болады. Шоқан Уәлихановтың пікірі бойынша, қазақтар айды құдай тұтқан. Бұл көне дәуірден келе жатқан дәстүр. Мысалы, Қаратау тауларындағы жартастағы суреттер көзәйнек тәріздес қосылған жұп адамдарды бейнелеген. Осындай таңбалар ішкі Монғолиядан да табылған. Сондағы адамдардың бас-тары дөңгелектің бірінен сәуле шашып тұрса, екіншісі ондай емес. Бұл белгілі бинарлық оппозицияны (Күн және Ай) білдіреді. Ай мен Күнді қосып тұрған сызық адамдардың «қасиетті жолы» деп аталды.

Күн мен Айдың қатарласуы әлемдік мәдениетте кең таралған идеяның бірі. Мұсылмандық әлемде Ай діни таңбаға айналған. Бұл жерде ескеретін бір жайт бар. Ай символикасы мәдени гомогендік дәстүрімен тығыз байланысты. Ол аруақтар дүниесімен жалғастыратын белгі болып табылады. Мұсылман зираттарына Ай белгісін қою ұрпақтар, дәстүрлер сабақтастығын көрсетеді.

Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, Ай әдемілік пен сұлулықтың үлгісі болып табылады. Қазақ эпосында сұлулық, нәзіктік, арулық Аймен теңестіріледі: «Туған айдай толықсып, бұралып кетіп барады» (Қыз Жібек), «Жалғыз қызы Гүлбаршын - он бесте толған ай еді» (Алпамыс), «Жақсы Ай Күндей, жарығы әлемге бірдей» (мақал).

Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде И. Кантты таң қалдырған жұлдызды аспанның алатын орны ерекше. Егер нұрланған Ғарыш Хаос (ретсіздік) пен Гармонияның (үйлесімдік) мәңгілік күресі нәтижесінде адамдықтың, ізгіліктің, тәртіптің ұтуы арқылы қалыптасса, онда осы тәртіптің (жұлдыздардың орналасу реттілігі) бұзылуы үлкен бақытсыздықтың белгісі ретінде есептелген.?

Тұрақтылық пен тәртіптің таңбасы болған әрбір жұлдыз адам тағдырына тікелей қатысты. Аққан жұлдыз өшкен шаңырақпен, бұл дүниелен кеткен тұлғамен теңестірілген.

Әркімнің жұлдызы - бақытының көрсеткіші. Бұл жерде адам өмірінің шектілігін аңғарып қайғырудан, мәңгілікке қарай ұмтылыс мүмкіндігін жариялау басым тұр. Дәстүрлі мәдениет тұлғасы өлімнен қорықпаған. Оны ғарыштық күштердің өзіндік заңдылығы деп байсалды қабылдаған.

Сонымен, кеңістік аясындағы мәдениет ғарыш пен дүниені жатсынбай, өзіндік ерекшеліктерін адамдық әлемге қоса білді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет