Оқулық «Мәдениеттану»



бет36/57
Дата03.01.2022
өлшемі1.81 Mb.
#451815
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57
Мадениет тану экзамен

Ресей мәдениеті

Ресей мәдениеті - адамзат баласына баға жетпес мол мәдени мұралар қалдырған дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Ресей мәдениеті - өзіндік ерекшеліктері бар қайталанбайтын мәдениет, ендеше оның әлемдік мәдениет қазынысына қосқан үлесіне де баға жетпейді.

Орыс мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері негізінен төмендегі факторларға тығыз байланысты болды. Олар: көптеген этикалық топтар мен халықтар мекендеген орасан зор территорияны игеру; христиан дінінің ерекше тармағы - православиені руханилылықпен дәстүрлі салт-дәстүрлерге негіздей отырып орнықтыру; уақытша болса да ұзақ уақытқа созылған батыс-еуропалық өркениеттік процестерінен оқшау дамуға байланысты туған «тұйықтыққа» бұдан әрі жол бермеу; жеке адамдардың мүддесін мемлекет мүддесіне бағындыру.

Осы айтылған ойларымыз дәлелді болу үшін, орыс мәдениетінің қалыптасу кезеңдерін толығырақ қарастырып көредік. Ақиқатына келсек, көп ғасырлық тарихы бар Ресей мәдениетінің жалпы көрінісі бұрынғыдан да айқыңдалып келе жатқан сияқты. Ұлттық топырақта пайда болып, өзіндік бет-бейнесімен ерекшеленсе де, мәдени өркендеудің жалпы арнасына кедіп құйылатын Ресей мәдениеті, оның ішінде ұлттық бұлақтан нәр алған ежелгі Русь мәдениеті, византиялық көркем жүйемен және тағы да басқа мәдениеттермен тығыз алмасып жатады. Атап айтқанда, Ресей мәдениеті Византиямен қатар, көршілес жатқан Болгария, Сербия, Армения, Грузия сияқты елдердің мәдениетімен үндестік тапты.

Ежелгі Русь мәдениеті - шекарасы Тамань түбегіне, сондайақ Солтүстік Двинаның жоғарғы аңғарына дейін, ал батысында Висланның жоғарғы арнасына дейін созылған Киев державасының мәдениеті ғана емес, сонымен қатар қуатты Владимир Суздаль княздігінің, Новгород боярлар республикасының, одан қалды сындарлы кезеңнің қатал сынағынан мүдірмей өтіп, елді біріктіру күресіне басшылық жасап, сол күрестің бел ортасында болған Мәскеу князьдігінің өнері.

Ежелгі славяндардың мәдениеті - орыс мәдениетінің қайнар бұлағы болып саналады. Оның басты мәдени құндылықтары - қасиетті жырлар, мифология, аңыз-ертегілер. Ғалымдардың пікірінше, олардың көпшілігінің тектері Христиан дінін қабылдағаннан кейін құрып кеткен. Ежелгі славяндар пұтқа табынушылықты бастан кешірген, сондықтан да болар Ресей топырағында пұтқа табынушылық мәдениетінің дамуы жоғары болды.

Ежелгі славяндардың дүниетанымы табиғатты пір тұтумен тығыз байланысты болды. Олар әр орманды, бұлақты, құдықты, тіпті жекелеген ағаштарды да жанды нәрсе деп түсінген.Оларға жапырағы жайқалған ескі емендердің керінісі ерекше әсер еткен. Ағыны қатты, асау өзендерді қасиетті деп санаған, сондықтан да болар ертегі аңыздарда өзендер кейіпкерлермен адам тілінде сөйлеседі. Ежелгі славяндықтар таулар мен орасан зор тастарды киеді деп санап, оларға құдайдай табынған. Орыс батырлары тағдырының тау-тастардың құпияларына байланысты болуы да осындай түсінікке тікелей байланысты болса керек. Табиғатқа, жер-анаға бауыр басып, етене жақын болған аңғырт славяндардың табынған құдайлары да табиғаттың құпиядарына байланысты болып келеді. Мысалы: Перун-қатерлі найзағай құдайы, құдайдың ішіндегі ең құдіреттісі.

Славяндар күнге табынғандықтан оған да неше түрлі ат қойған (Даждь бог, яғни рақымы күшті құдай) адамға төн қасиеттерді адам еместерге тедіп, оларды адамның сана-сезіміне жақындату дүние жүзінің басқа да халықтарындағыдай славяндарға да тән қасиет болды. Сондықтан да «құдіретті тәңірананың» бейнесін жасау осының айқын айғағы. Тек славяндар ғана емес, басқа да көптеген халықтар құрмет тұтқан жер мен молшылықтың, дүниелегі барлық нәрсенің құдай - «тәңірананы» ежелгі славяндар Бережна (жер, тіршілік анасы, дүниеге әкелуші деген ұғымдарды бідціреді) деп атаған. Қолын көкке көтерген осы бір әйел бейнесі, шығыс христиандарда, оның ішінде ежелгі орыс өнерінде ерекше орын алады. «Жер - ана» қолын жоғары көтерген әйел бейнесіндегі тәңірананы славяндар ерекше қасиет тұтып, табынып өткен.

Ежелгі славяндар жайында өз көзінде де аз жазылған жоқ. Солардың бірі, XVII ғасырдағы византиялық тарихшы Проко-пий Кесарийский былай деп баяндайды: «Славяндар мен антыларды бір адам басқармайды, сонау ежелденақ халықтық басқарумен өмір сүріп келеді, сондықтан да олардың бақытты және бақытсыздық істері ақылдасу арқылы шешілген». Ал славяндардың әдет-ғұрпы мен етене таныс византиялық жазушы Маврикий кесімді түрде былай деп жазды: «Славяндар мен антылар тайпалары бірдей өмір сүрді, олардың әдет-ғұрпы бір, бостандық сүйгіш, әсіресе өз жерлерін қорғауға батыл, шыдамды, суық пен ыстыққа төзімді, киім мен тамақ тапшылығына мойымайды». (Л. Любимов. Ежелгі орыс өнері. Алматы, 1989, 67-бет).

Ежелгі славяндардың дүниетанымы мен әдет-ғұрьштары да жан-жақты болып келеді. Олар әрбір үй рухтың жебеуінде деп ойлаған. Рух мал-жанға қамқорлық жасап, ошақ басының отын сөндірмей, түн сайын пештің астынан шығып, өз сыбағасын жейді екен деген ұғым қалыптасқан. Егістікті жыртатын өгіз молшылықтың бейнесі деп танылса, ал Тур (жабайы бұқа) құдайдың құрметіне жастардың көктемгі мерекелері өткізіліп тұратын болған. Сонымен бірге ежелгі славяндар кәсемдерін жерлегенде олардың әйелдерін қоса көметін скифтерден қабыддаған тағылық әдет-ғұрпын қолданғаньш да атап өткен жөн сияқты.

Дін қай мәдениеттің қай түрі болмасын басты элементі болып саналады. Дін құдіретке жай ғана табыну немесе діни салт-жоралардың жүйесі ғана емес, ол адамның өзін қоршаған орта жөніндегі, ондағы адамзат баласының алатын орны жайындағы қалыптасқан идеяларының, діни наным-сенімдерінің белгілі бір жүйесі және адамның тіршілік бейнесі. Сондықтан да Русьтің Византиядан христиан дінін қабылдауы орыс мәдениетінің тарихындағы бетбұрыс кезең болды. Орыстардың христиан дінінің шығыс тармағы православиені қабылдауы орыс едінің ішкі және сыртқы жағдайларына тікелей байланысты болды. Солардың ішіндегі ең бастысы - Киев Русі мен Константинопольдің арасында қалыптасқан саяси, экономикалық және мәдени байланыстар болатын. Христиан діні орыс мемлекетінің қоғамдық саяси, мәдени өмірінің барлық салаларына ықпал етеді. Жаңа діннің қабылдауына байланысты Киев Русінің христиан дүниесі елдерімен сауда, саяси, мәдени байланыстары тұрақтанып, жаңа арнаға түсті.

Христиан діні 988 ж. Князь Владимирдің басшылығымен қабылданады. Славян халықтарының тарихындағы жаңа тарихи кезең Киев Русі дәуірінде жүзеге асырылған бұл шараның нәтежиесінде орыс мәдениеті жаңа сатыға көтеріледі. Шіркеулер Русьте таңғажайьш ғимараттардың көптеп салынуына, атап айт-қанда, өнердің барлық салаларының жан-жақты өркендеуіне алғашқы мектептердің ашылуына, тарихи шежірелердің жазыла бастауына айрықша ықпал етеді. Осы орайда христиан дінін Руське дейін қабылдаған оңтүстік славяндар, армяндар мен грузиндер византиялық мәдениет мәнерін олардан бұрын сөзінгенін атап өтпеске болмайды.

Шығыс славяндарды біріктірудің нәтижесінде пайда болған қуатты, өзінің көлемі мен маңызы жағынан сол кездегі Еуропада алдыңғы орындардың бірінде болған Киев Русі мәдениетінің дамуына дүниежүзінің алдыңғы қатарлы мәдениеттерінің ықпа-лы орасан зор болды. Олай болса «мұндай ерекше мәдени құбылысты орта ғасырлық әлемнің басқа елдерінен кездестіре қою қиын» деген атақты ғалым Л. Любимовтың орынды пікіріне қосылмасқа болмайтын сияқты. Шындығында да, географиялық жағынан Русьті Византия, Шығыс пен Кавказ халықтары, Батыс Еуропа мен Скандинавия айнала қоршап жатты, ал өз кезегінде бұл елдердің мәдени әсері орасан зор болды. Міне, сондықтан да болар Византиялық шіркеулердің ішіндегі ең атақтысы «Әулие Софияның» Киев князі Владимирдің елшілеріне әсер еткені соншалық, олар өздерін шынымен-ақ «о дүниеле» жүр екенбіз деп сөзінген.

Христиан дінін қабылдағаннан кейінгі аз ғана уақыттың ішінде, әсіресе князь Ярослав көзінде ежелгі Русьтің мәдениеті өзінің шарықтау шегіне жетті. Киев - Еуропаның ең ірі қалаларының біріне айналды. Шетелдік саяхатшылар Киевті екінші патша қала деп атаса, XI ғасырдағы батыс жазушысы Адам Беременский Киевті «Грецияның арайлы ажары болған Константинопольдың бақталасы» деп өте жоғары бағалады. Князь Ярославтың (XI ғ.) көзінде тұрғызылған киевтік София соборы - таңғажайып ескерткіштердің бірі болды, Киев Русінің ең құдіретті сәулет өнерінің бұл тамаша ескерткішінің он үш мұнарасына ұқсас үлгі, сәулетшілердің пікіріне қарағанда, Византия ғана емес, басқа да бірде-бір христиандық елден табылмаған.

Ежелгі Руське христиан дінінің келуіне байланысты шіркеулер мен монастырьлар салу, яғни діни құрылыстар кең етек алды. Сондай мәдени ескерткіштердің қатарына XI ғ. Ортасында Антоний (983-1073 ж.) және Феодосий, Печерскийлер негізін қалаған Киев-Печерск монастыры, ежелгі тас ғибадатхана - Киевтің Десятин шіркеуі және т.б. жатады.

Бір жүйеге келтірілген жазудың енгізілуі орыс мәдениетінің аса үлкен жетістігі болды, өйткені тіл қай мәдениеттің болсын басты элементі болып табылады. Славян әліппесін жасаушылар ағайынды гректер Кирилл (827-869 ж.) мен Мифодий (815- 885 ж.) болды. Дәл осы бір мәдени бетбұрыс кезеңінде орыс жазуы мен әдебиеті өзінің шарықтау шегіне жетті. Киев Русінің ең алғашқы жазба ескерткіштерінің бірі «Орыс шындығы» қарапайым, әрі түсінікті халықтық тілмен жазылса, орыс халқының аса үздік әдеби мұрасы «Игорь жасағы туралы жырдың» тілі де дәуір тынысын жан-жақты бейнеледі.

Византия едімен болған тығыз қарым-қатынастардың арасында Киев Русінде ағартушылық ісі де жолға қойыла бастады. Қала халқы негізінен сауатты болды, сондықтан да болар, Киев Русін «Кітаптар еді» деп атаған. Монастырьлардың жанынан мектептер, кітапханалар, архивтер ашылып, шетел әдебиеті аударылып, түрлі шежірелер жазылды. Киев Русі өздері басып шығарған кітаптарын мақтаныш еткен. Олардың бірқатарының бағасының қымбат болғаны соншалық, өрт шыққан жағдайда, ең алдымен құнды кітаптарды сақтап қалуға тырысқан. Византиядағы сияқты мұнда да кітаптар «Құдайдың жаңалығы» мен «даналық қоймасы» болып саналған. Кітапты безендіру үшін ештеңені де аямаған. Кітаптың бүкіл өрнегін алтындаушы суретшілер жасаған, ал оның күміспен, әсем ою-өрнектермен, қымбат бағалы тастардан және финифтпен (эмальді осылай атаған) жасалған бейнелері бар алтьш қабыршақтармен көмкерілген мұқабаларды дайындау ісін алтындаушы ұста мен эмалыпыға тапсырған. Орыс кітаптарының ең үздік ежелгі үлгілерінің бірі ұлы князь Изяславтың жақын серігі Остромирдің тапсырысы бойынша дьякон Григорий 1056-1057 жылдары жазған «Інжіддік дүниетаным» кітабы. Демек өз заманының деңгейі тұрғысынан алып қарағанда, Киев Русі мәдениетінің жогары болғандығын аңғаруға болады.

ХІП-ХІҮ ғасырларда орыс мәдениетінің орталығы Новгород қаласы болды. Кескіндемедік және сәулетшілік ескерткіштерімен өзін «Ұлы мәртебелі Новгород» деп атаған бұл тарихи қаланы шетелдік бір автор «байлығы жағынан тек Риммен ғана теңесе алады» деп бағалауы тегіннен-тегін емес сияқты. Мұндағы орыс халқының рухы сіңген өнер дүниелерінің бірі Новгород Кремліндегі қасиетті София соборы, Юрий монастырының Георгиев соборы және т.б. Дүниені табындырған әсемдіктің ұлы ескерткіштерінің қатарына жататын Киев соборының тікелей ықпалымен салынған Новгород Софиясы өзіне ғана тән ерекшеліктері бар құдіретті де, сымбатты ғимарат.

Новгородтың князьдік ғибадатханаларының ішіндегі ең мәртебелісі Юрий монастырын орта ғасыр дәуірінің даңқты ғима-раттарының қатарына өбден жатқызуға болады.

Христиан мәдениетінің ажырамас бөлігі икона («бейне» деген мағынаны білдіретін грек сөзінен шыққан) жасау ісінде дел Ресейдегідей соншалықты ғажайып туындылар жасалып, ғасырлар бойы бүкіл бір халықтың бейнелеу өнерінің сүйікті түрі болған жоқ. Икона сюжеттері діни христиандық негізге құрылды. Ал сол Новгородтық иконалардың бүгінге дейін сақталғандардың ішінде елемдік маңызы ғажайып дүниелер бар. Солардың бірі шамамен XII ғасырдың соңында жасалған «Алтын шашты періште». Осы бір таңғажайып естен кетпес бейнеле қан-шалық биік, таза сұлулық бар десеңізші. XV ғасырда Новгородтық өнердің тарихы аяқталды деуге болады, өйткені бұл құбылыс өнердің үздік табыстарының тоқырауынан байқала бастады. Киев Русінің құлдырауынан кейінгі орыс мәдениетінің дамуындағы жарқын беттердің бірі - орыс мәдениетінің гүлденген дәуірі XVI-XVII ғасырлар, яғни мәскеулік кезең мәдениеті болып саналады.

XV ғ. аяғына қарай Мәскеу шығыс Еуропада саяси жағынан да, сондай-ақ мәдени жағынан да белелге ие болды. Дүниені дүр сілкіндірген құдіретті Византия мемлекеті құрып бара жатты, оңтүстік славяндардың мәдениеті ыдырай бастады, монғол-татар езгісі әлі де жойыла қоймады, Дмитрий Донскойдың тарихи жеңісі Мәскеу державасының мерейін көтере түсті. Ендігі жерде тек Русьтен ғана емес, өр елдерден Мәскеу ұлы княздігіне өнер адамдары ағылып келе бастады, сөйтіп Мәскеу қаласы ең ірі мәдени орталықтардың біріне айнала бастады.

1454 ж. Константинопольдың құддырауына байланысты орыс-тың православиедік шіркеуі біртіндеп тәуелсіздік алды және батыстық христиандық дүниелен бөліне бастады. Ендігі жерде христиан дінінің басты қамқоршысына айналған Русь правословиені жандандыру және дүние жүзіне тарату міндетін өз қолына алды, сөйтіп мескеулік Русь өзін «Қасиетті Русь» деп танып, ал Мәскеу - «Үшінші Римге» айналады.

1547 жылдан, яғни IV Иван патшалық таққа отырған кезден бастап, Русь Ресей - деп, ал орыс еді - Ресей мемлекеті деп ресми түрде атала бастады. 1480 жылы Мәскеудің алтын Ордаға төуелділігі жойылды, бірақ орыс еліне шығыс мәдениетінің әсері толастай қойған жоқ.

XIV-XV ғасырларда кескіндеме ісінде Мәскеу мектебінің шоқтығы биік болды. 1390 ж. шамасында Мөскеуге Новгородта асқан өнерімен даңққа бөленген Феофан Гректің шақырылуы қаланың көркін одан әрі түрлендіре түсті. Ол XIV-XV ғасыр-ларда Мәскеудің көркемдік өмірінің басты тұлғасына айналды. Феофанның Мәскеуде жасаған туындыларынан салтанатгылықты, өмірге деген құштарлықты айқын аңғаруға болады. Орыс өнерінің ұлы шығармасы деп танылған - Мәскеу Кремліндегі Благовещенск соборының икона тасын (1405 ж.) жасау Феофан Гректің басшылығымен және кейіннен өнер дүниесінде аты аңызға айналған Андрей Рублевтің (1360-1430 ж. шамасы) қаты-суымен жүзеге асырылды. Андрей Рублев көзінің тірісінде аса көрнекті шебер болып саналғанымен, шынайы даңққа өлгеннен кейін көп жылдар өткен соң ғана бөленді. Оның есесіне бұл талас тудырмайтын дүниежүзілік даңқ болатын. Рублевтің ең тандаулы шегіне жете айқындалған шығармасы - қасиетті «Үштік». Суретші византиялық композицияларды ой елегінен өткізе отырып, басты назарды үш періштенің бейнесіне аударған. Сезімдері бірдей, ойлары ортақ үш періште бейнелері өздерінің әсерлі көріністерімен, қасиетті пейілдерімен, жан жүректі жарып шыққан мейірімділіктерімен, пәк сезімдерімен тартымды. Иә, бұл мәңгілік ажырамас тұңғиық бірлік дүниесі, сондықтан да біз бұл үш шығарманың сюжетін адамға тен бүкіл талпыныстардың тиянақ табуы деп қабылдаймыз. Ұлы шебердің осы бір ғажайып туындысының алдында тұрғанда Леонардо да Винчидің «Кескіндеме - өнер падишасы» деген даналық пікірін еріксіз еске аласыз. Қорыта келгенде айтарымыз, XIV-XVI ғасырларда ұлы орыс халқының мәдениеті қалыптасу дәуірін бастан кешірді. Шындығында да, дәл XVI ғасырдан бастап орыс халқы мәдениетінің нағыз тарихы басталады.

Ресейдің XVII ғасыр мәдениеті сол кезендегі буырқанған саяси жағдайларға (шетел интервенциясы мен шаруалар соғысы) байланысты қарама-қайшы талпыныстар мен арман-мақсаттарға толы болды. Орта ғасырлық дүние таным түбегейлі өзгерістерге ұшырап дүниенің бет-бейнесі өзгерді. XVII ғасырдың адамдары өткен мәдениеттің құлдырауын өздерінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл ұлттық трагедиясы деп қабылдады. Бұл кезең екі мәдениеттің - барокко мен «мұжықтық» мәдениеттің бақталастық кезеңі болды. Орыс мәдениетінде идея бірлігі, тарихтың шексіздігі, болашаққа бағдар алу сияқты жаңа өмірдің нышандары байқала бастады. XVII ғасыр басында Борис Годунов мәдениетке, ағартушылыққа, Батыс өркениетіне ерекше мән бере бастады. Соның нетижесінде Батыс елдерімен сауда қарым-қатынастары кеңейіп, қалалар гүлденіп, ірі мәдени орталықтарға айналды, Мәскеудегі Кремльді жаңғырту ісі қайтадан қолға алынды. Бірақ қалаларда Ресей халқының 2%-і ғана тұрды, демек халықтың басым көпшілігі шаруалар болды.

Қалай болғанда да, XVII ғасырда орыс мәдениетінің орта ғасырлық дәуірі аяқталды, сөйтіп жаңа заман мәдениетінің элементтері туындап келе жатты. Мұндай мәнді өзгерістер орыс мәдениетінің барлық салаларында да байқалады. Мысалы, әдебиет саласында: ақсүйектік бағыт қалыптасып, демократиялық сарын орын алса, ал ғылым саласында нақты тәжірибеге жүгінушілік, кескіндеме өнерінде реалистік тенденциялар орын ала бастады.

Халықаралық қарым-қатынастардың кеңеюіне, мемлекеттік аппараттың өсуіне және қалалық өмірдің жандануына байланысты ағартушылық ісі жолға қойылды. Соның нәтижесінде XVII ғасырда халықтың сауаттылығы біршама өсті. Сол кездегі мәліметтер бойынша сауаттылық помещиктер арасында 65%, көпестерде - 96%, ал шаруалар арасында небәрі 15% болған. (В.И. Добрынин. История культуры России. Москва, 1993, с. 87) XVII ғасыр ортасына қарай мемлекеттік және жеке мектепттер ашылып, онда түрлі пәндермен қатар шет тіддері де оқытыла бастады. 1637 ж. Мәскеуде Ресейдің тұңғыш жоғары оқу орны Славян-грек-латын Академиясы ашылды. Оған Италияның Падуан университетін бітірген ағайынды Лихудалар басшылық жасады. Батыстық ықпалмен алғашқы театр қойылымдары қойыла бастады. 1675 ж. орыс театрының сахнасында алғаш рет балет қойылды.

Ресейдің XVII ғасырдағы мәдени өмірінің басты ерекшеліктерінің бірі өнер адамдарының Мәскеуге шоғырлануы болды. Сондықтан да болар, елдің өр түкпірінен келген сәулетшілер, зергерлер, суретшілер және т.б. орыс халқының даңқты мәдениет мұраларының бірі Кремльдегі «Қару-жарақ палатасының» жұмыстарына белсене араласқан. Осы орайда реалистік өнердің қалыптасуына айрықша үлес қосқан, өнер теоретигі, XVII ғасырдың аса ірі суретшісі С.Ф. Ушаковтың (1626-1686 ж.) мерейі үстем болды. Отыз жылдан астам уақыт орыс мемлекетінің барлық көркем творчествосын басқарған, өнер саласындағы қажымас қайраткер, әрі тамаша пелагог Ушаковтың аса көрнекті адам болғаны даусыз. Ол сонымен қатар келесі ғасырда тамаша өркендеген орыстың портреттік кескіңдемесінің негізін қалаушылардың бірі болды.

XVII ғасырдың бірінші жартысында шеберлер А. Константи-нов, Б. Огурцов және т.б. салған Мөскеу Кремліндегі атақты Терем сарайы (1635-1636 ж.) сол кездегі азаматтық құрылыстың ішіндегі ең ірісі болса, ал Никитинкадағы Троица шіркеуі (1635-1653 ж.) XVII ғасырдан сеулетшілік және кескіндемедік ізденістен туған сүйкімді әшекейліктің сөлі болып саналады. XVII ғасырда миниатюра да, графика да гүддеді, бірақ солардың ішінде орыстың зергерлік және қолданбалы өнерінің шоқтығы биік болды.

XVII ғасырдың басындағы Ресей топырағындағы мәдени өзгерістер Ұлы Петрдің реформаларымен тығыз байланысты болды. Бұл кезеңде халық тарихының жаңа дәуірі басталды. Ресейдің жаңа заман мәдениетінің басты сипаты - оның басқа халықтар мәдениеттерімен тығыз байланыста дамуы болды. Ұлттық тұйықтықты бүзу мақсатында жүргізілген көрегендік мемлекеттік саясаттаң нәтижесівде Батыс елдермен қарьш-қатынастар арнасы кеңейіп, Ресейге гуманистік және рационалистік ілімдер біртіндеп ене бастады. Абсолютизм идеологиясы Еуропалық ағартушылық, рационализм идеяларымен толықтырылды. Бұл өзгерістер мәдениет саласына да өз ықпалын тигізбей қойған жоқ. Дифференциация процесі басталып, мәдениеттің жаңа салалары қалыптаса бастады. Ең бастысы, жаңа мәдениетте демократияға талпынушылық тенденциялары байқалды.

Петрдің реформалары қоғамдық өмірдің барлық салалары-мен қатар мәдени өмірді де қамтыды. Соның нәтижесінде бұдан кейінгі кезеңдермен салыстырғанда мәдени дамудың қарқыны күшейіп, өнер саласында жаңа стильдер (борокко, рококо, классицизм) қалыптасты. Бұл Ресейлік жаңа заман мәдениетінің басты ерекшелігі болды.

Ерекше атап өтетін бір жайт, тек қана Петрдің көзінде ғана мектеп, жастарға білім беру мәселесі - мемлекеттік мәселеге айналды.

Мамандар тапшылығына байланысты отандық ақсүйектік мектептер жүйесімен қатар, XVIII ғасырдың бірінші ширегінен бастап жастарды шетелдерде оқыту ісі қолға алына бастады. Халықтық ағарту ісінің жолға қойылуы, түрлі мектептердің ашылуы - оқулықтар санын көбейтуді қажет етті. Сөйтіп XVIII ғасыр басынан бастап кітап басып шығару ісі жолға қойылды. Жаңа жағдайда ескі оқулықтардың орнына «Әліппе», «Славян грамматикасы», «Арифметика» сияқты мүлде жаңа заман тала-бына сай оқулықтар шығарыла бастады.

Ұлы Петрдің Ресейде мерзімдік басылымдарды жолға қоюы - халықты ағартудағы басты қадамдардың бірі болды. Халық арасына кеңінен тарай бастаған «Веломости» газеті - Ресейдің ең бірінші ресми газеті болды. Кітап басып шығару ісінің қолға алынуына байланысты кітап саудасы да жолға қойылды. 1714 жылы кейіннен Ғылым Академиясының кітапханасының қорына негіз болған, тұңғыш мемлекеттік Кітапхана ашылды. Ал 1719 жылы орыстың бірінші музейі өз жұмысын бастады, кейіннен бұл музей, I Петрдің көзіндеақ Ресей империясының тарихьш жазуға алғашқы талпыныстар жасалды.

Ұлы Петрдің ғылым және ағартушылық саласындағы жемісті еңбегінің заңды қорытындысы Петербургте Ғылым Академиясының ашылуы болды. Бірақ, өкінішке орай, Академия ресми түрде 1725 ж., яғни Петр қайтыс болғаннан кейін ғана ашылды.

Ұлы Петр жүргізген реформалар Ресейдің қоғамдық саяси, мәдени өнерінің сан-саласын қамтыды, бұл шаралар Ресейдің мәдени даму қарқынын тездетіп, мәдениеттің гүлденуіне ықпал жасады.

Киев Русінен бастап императорлық Ресейге дейінгі орыс мәдениетінің тарихында XIX ғасырдың алатын орны ерекше. Біріншіден, бұл кезең мәдени өрлеу кезеңі болғандықтан рухани биіктіктен көрінген бұл дәуірді ұлы орыс Ренессансы деп атауға толық хақымыз бар. Басқаны былай қойғанда, орыстың қырық жазушысы адамзаттың екі бірдей ғасырына рухани азық берді. XIX ғасыр адамзат баласының ынтымақтастығы мен теңцігі, бақыты мен еркіндігіне байланысты философиялық - адамгершілік ізденістерге толы болды. XIX ғасыр - XX ғасыр табалдырығында туындап келе жатқан жаңашылдық пен мәдени өзгерістердің дамуындағы шешуші кезең, орыс мәдениетінің «алтын ғасыры». «Алтын ғасыр» ұлы орыс ақыны Пушкиннің өмірге келуінен басталып, ақылдылығы, ғұламалығы жөнінен ешкімнен де кем түспейтін метафизик-философ В. Совольевтің өлімімен аяқталды. Ресей тарихындағы бірде-бір ғасыр дәл «Алтын ғасырдай» Ресейді «құтқаруға», жаңғыртуға бағытталған теориялар мен ілімдерді өмірге келтірген жоқ.

Дәл XIX ғасырдағыдай еш уақытта да сансыз қоғамдық қозғалыстар (анархистер, атеистер, халықшылдар, марксистер, нигилистер және т.б.) белең алған емес. XIX ғасыр - Ұлылар ғасыры болды. Олар: Пушкин мен Чаадаев, Гоголь мен Герцен, Хомяков пен Аксаков, Сперанский мен Уваров, Ушинский мен Михайловский, Чернышевский мен Лавров, Достоевский мен Толстой, Леонтьев пен Соловьев. Н. Бердяевтің пайымдауынша, «Ресей XIX ғасырда өзінің ерекше даму жолын ой елегінен өткізді», Батыс-Шығыс дилемасындағы өзінің тарихи рөлін анықтай білді. Олай болса, XIX ғасыр мәдениеті дүниежүзілік мәдениет тарихындағы асқарлы белестердің бірі болды, өйткені дәл осы бір тарихи кезеңде орыстың ұлтгық мәдениетінің нақты қалыптасуы жүзеге асырылады.

«Ғасырлар тоғысы» - орыс мәдениетінің «күміс ғасыры» деп аталатын ерекше даму кезеңіне қолайлы жағдайлар жасады. Аз ғұмырының өте қысқа болғанына қарамастан «Күміс ғасыры» небәрі 20 жылдың ішінде дүниеге философиялық ой-толғамдардың тамаша үлгілерін берді, дәл осы уақыт шеңберінде орыс иконасы қайтадан жанданды, музыканың, театрдың, кескіндеме өнерінің жаңа бағыттары қалыптасты, поэзия үні жаңа сарында естілді. Міне, сондықтан да болар - «Күміс ғасыры» көркемдік жаңалықтардың, жаңа бағыттардың тұтастай бір дәуіріне айналды. Орыс мәдениетінің сахнасында өнердің өр саласының дарынды өкілдері пайда болды. Олар: А. Блок, К. Станиславский, С. Рахманинов, М. Цветаева, А. Ахматова, В. Иванов пен Г. Иванов, В. Мейерхольд және т.б. Шындығына келсек, осы ұлы жандардың өздері ғана бір дәуірге ғана емес, бүкіл бір халық мәдениетінің тарихына да жеткен болар еді. Ал мәдениет пен өнер саласында қалыптасқан ағымдар саны қаншама десеңші! (Символизм, акмеизм, леодернизм, футуризм, авангардизм, космологизм, критицизм).

«Күміс ғасыры», әсіресе, философтар мен мәдениеттанушылар үшін жемісгі ғасыр болды, өйткені Н. Бердяев (1874-1948 ж.), С. Булгаков (1871-1944 ж.), Л. Карсавин (1892-1952 ж.), Г. Фелотов (1886-1951 ж.), А. Лосев (1893-1988 ж.) және т.б. осы ғасыр перзенттері. 1922 ж. Ресей ғалымдарының көпшілігі шетелге қашып кетуге мәжбүр болды, сөйтіп ұлы ойшылдар өз өмірлерін сақтап қалды.

Демек, өзінің қүрдеділігіне, қарама-қайшылықтарға толы ерлеуіне қарамастан орыс мәдениетінің «Күміс ғасыры» жетістіктерінің дүниежүзілік маңызы бар.

Кеңес дәуірінің мәдениеті - терең қайшылықтарға толы күрдеді мәдениет. Олай болса оның жетістіктері мен қатедіктері, жеңістері мен ащы жеңілістерін тарихи шындық тұрғысынан жан-жақты талдау мәдениеттанушы ғалымдарының алдындағы басты міндет.

Бүгінгі таңда кеңес дәуіріндегі мәдениетке байланысты негізінен екі көзқарас қалыптасқан. Бірінші, люмпендік-маргинальдық көзқарас - кеңес дәуірінің мәдениетін ешбір қызығушылық тудырмайтын, тоталитарлық жүйенің қараңғы қапасы деп санаса, екіншісі - мәдени процестерді жан-жақты, нақты тарихи тұрғыдан түсіндіруге тырысатын мәнді көзқарас.

Бұл бағыттың өкілдері тарихи дамудың барлық жақтарын сын елегінен өткізе отырып қана пайымдаулар жасайды. Шындығында да, кеңес халқының тарихы мен мәдениетін қоғамдық өмірдің қарама-қайшылықтарынан, дедірек айтсақ, бүкіл қоғамдық жүйе мен оның басты элементтерінен тыс алып қарастыруға болмайтын сияқты. Өйткені, қарама-қайшылықтар бүкіл кеңестік тоталитарлық жүйеге және оның барлық элементтеріне тән болды. XX ғасырда «идеология - мәдениетінің негізгі маз-мұны» деген жалған қағида бағдарламаға айналды, соның нәтижесінде Ресейдің ұлттық интеллигенциясына қиянат жасалды, мәдениеттің басты құндылықтары жойыла бастады.

Бірақ соған қарамастан XX ғасыр орыс еліне тамаша дарынды ғалымдарды, жазушыларды, суретшілерді, талай өнер саңлақтарын берді. Ғасыр басында орын алған идеологиялық және саяси жағдайларға байланысты тиым салынған «Күміс ғасырдың» мол мәдени мұралары ғасыр аяғында халқына қайта оралды. Ресей қоғамы мен оның мәдениеті қандай сындарлы кезенді басынан кешірсе де ғасырлар бойы жасалған мәдени құнды-лықтар өз мәнін жоймақ емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет