Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет199/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

 
 
 
 
162-сурет. Жапырақ сағағындағы бактерия экссудаты 


270 
Ауру қоздырғышы – Erwinia amylovora Winsl.et al. бактериясы. 
Қоздырғыш суық пен құрғақшылыққа тӛзімді, ал 45-50°С температурада 
тіршілігін жояды. Қоздырғыштың дамуына қолайлы температура 18°С 
және жоғары ауа ылғалдылығы (70%), ал температура жоғарылаған сайын 
ауру бәсеңдеп, тоқталады. 
Қоздырғыш насекомдармен, әcipece бактерия экссудатымен 
қоректенетін аралар, соналар, сондай-ақ отырғызу және телінуші 
материалдармен, жемістермен таралады. Ӛсімдік әртүрлі жаралар мен 
жарақаттар, кейде леп тесіктері арқылы және күтіп-баптау кезінде 
қолданылатын құралдармен (ара, пышақ) де залалданады. 
Бұл ауруға кӛптеген жеміс ағаштары, әcipece алмұрт шалдыққыш 
келеді. Қоздырғыш ауру ӛсімдіктің клетка аралығында қыстап шығып
кӛзшелер мен шырындықтар арқылы енеді. Инфекция жинақтаушылар 
долана, шетен болуы мүмкін. 
Ауру ӛте зиянды, залалданған ағаш 1-2 жылда түгел жойылады. 
6.2 Cҥйекті жемістілердің аурулары 
Республикада сүйекті жемістілер негізінде саңырауқұлақтардың 
әсерінен туатын ауруларға шалдығып, ал бактериялы және вирусты 
кеселдер сирек кездеседі. 
Барлық сүйекті жемістілердің қатерлі аурулары клястероспориоз 
және цитоспороз болып табылады. Коккомикоз ауруы шиеге, полистигмоз 
немесе қызыл дақ – алхорыға, жапырақтың бұйралануы және ақ ұнтақ 
аурулары – шабдалыға едәуір зиян келтіреді. 
 
6.2.1 Клястероспориоз 
Ауру кең таралған, әcipece республиканың оңтүстік аймағында жиі 
кездеседі. Клястероспориоз кеселіне жеміс ағашының жапырағы, жемісі, 
ӛркені, бұтағы, ӛсу және гүл бүршіктері залалданады. 
Ауру белгісі жапырақ бетінде бастапқыда қызғылт дақтар түрінде 
түзіліп, кейін сары-қоңыр түске айналып ортасы ақшыл, шеті қызыл-қоңыр 
жиекпен шектеледі. Дақтардың аумағы мен пiшiнi әртүрлі болады. Дақ 
кейін үгiтiліп түciп, жапырақ тесіледі, сондықтан бұл ауруды "тесікті дақ" 
деп те атайды. Кесел қатты дамығанда ағаш жапырақтары түгел түсіп 
қалады (163-сурет). 


271 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет