Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет31/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

4.2 Бактериоздардан қорғау шаралары 
Басты кӛзі тұқымдар мен ӛсімдік қалдықтары болып табылатын 
алғашқы инфекцияны жою немесе барынша азайту. Ол үшін тӛмендегідей 
алдын алу шараларын қолдануға болады: 
отырғызылатын 
материалдарды 
бактериалдық 
аурулармен 
залалданбаған немесе заладануы тӛмен танаптардан алу; 
тұқымдарды химиялық жолмен және жоғарғы температурамен 
зарарсыздындыру; 
ӛсімдік қалдықтарын жою; 
қоздырғыштары тыныштық күйде сақталатын споралар түзетін 
бактериоздардан қорғаудың ең тиімді жолы – ауыспалы егістік жүйесін 
енгізу; 
тұқымдық танаптарда және вегетативті кӛбейтілетін кӛпжылдық 
дақылдардың 
(жеміс-жидек 
дақылдары) 
кӛбейту 
материалдарын 
дайындайтын жерлерде ауру ӛсімдіктерді жұлып тастау. 
Танапта аурудың ауру ӛсімдіктен сау ӛсімдікке таралуына және 
тасымалдаушы насекомдарға қарсы химиялық препараттар қолданылады. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Бактериялар – ауру қоздырғыш ағза ретінде? 
2. Бактериоз типтері? 
3. Бактериялық ауруларға тән ауру белгілері? 
4. Бактерия түрлерін ажырату? 
5. Бактериоздардан қорғау шаралары? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


38 
5-тарау. С А Ң Ы Р А У Қ Ҧ Л А Қ Т А Р  
Саңырауқұлақтар Mycota бӛліміне жатады. Жұқпалы ауру 
қоздырғыштарының ішінде саңырауқұлақтар ең басты орын алады. 
Саңырауқұлақтар ӛсімдіктер мен жануарлар патшалығының аралығынан 
орын алады. Мысалы, ӛсімдіктерден айырмашылығы: 
қоректену тәсілі гетеротрофты; 
клетка қабықшасында хитин болуы
зат алмасу ӛнімдерінде мочевинаның болуы; 
қор заты – гликогенді түзуге қабілеттілігі. 
Саңырауқұлақтардың маңызды санитарлық қызметі – негізінен 
ӛсімдік текті болып келетін органикалық қосылыстарды минералдауға 
қабілеттілігі. Сонымен қатар эволюция барысында саңырауқұлақтардың 
бір тобы ӛсімдіктердің бойында паразит тіршілік етуге бейімделген. 
Саңырауқұлақтар ӛндірісте құнды антибиотиктер мен физиологиялық 
белсенді заттар алуға пайдаланылады. Сол сияқты саңырауқұлақтардың 
нан пісірудегі, шарап, сыра қайнатудағы және басқа да технологиялық 
үрдістерде қолданылатыны белгілі. 
Кӛпшілік саңырауқұлақтардың вегетативтік денесі ӛте жіңішке, 
тармақталған мицелий жіпшелерінен (гифтерден) тұрады. Мицелий 
ұшымен ӛседі. Ол кӛп клеткалы (септелген) немесе, үлкен мӛлшеріне және 
күшті тармақталғанына қарамастан кӛп ядролы бір клеткадан тұрады. 
Саңырауқұлақтардың азғана бір тобының мицелийі плазмодий деп 
аталатын цитоплазма бӛліктерінен тұрады. Мицелийдің құрылысы 
саңырауқұлақтардың тӛменгі (мицелийі бір клеткалы және плазмодийлі) 
және жоғарғы (мицелийі кӛп клеткалы) сатылы болып бӛлінуіне негіз 
болады. 
Саңырауқұлақтардың клеткасының қатты қабықшасы болады. Ол 
негізінен саңырауқұлақ клеткасы мен субстарттың арасындағы зат 
алмасуына қажетті кӛмірсутектерден, азотты қосылыстардан және майлы 
заттардан тұрады. Бұл клеткалардың ішінде митохондриялар, рибосомалар, 
ядро (немесе бірнеше ядро), вакуолялар және тағы бірқатар қосындылар 
болады. Бұлардың бәрінің сыртында жартылай ӛткізгіш плазмолемма 
болады. 
Фитопатогенді саңырауқұлақтардың мицелийлері беткі (экзогенді) 
немесе субстартқа батып тұратын (эндогенді) болуы мүмкін. Қоректік 
заттарды сіңіру гаусторийлер деп аталатын арнайы сорғыш (присоски) 
түзілім кӛмегімен жүреді. Бұл әдетте ӛсімдік клеткаларына ене алатын 
саңырауқұлақтардың жіңішке жіпшелері (гифтердің) ӛсінділері. Тіршілік 
ортасында қалыптасқан жағдайларға байланысты мицелийлердің басқа да 
түрӛзгерістері кездеседі. Қолайсыз жағдайларда саңырақұлақ мицелийі 
ыдырап, қабықшасы қалың – хламидоспоралар және мӛлшері мен пішіні 
тұрақты болмауымен ерекшеленетін геммалар түзіледі. Бұл түзілімдер 


39 
ұзақ сақталуға қабілетті, бір мезгілде қолайлы жағдайлар туа қалса олар 
мицелий түзіп ӛседі. Қабықшасы жұқа дӛңгелек, немесе сопақша 
оидиилер, мицелий бұтақшалары бұтақшаларының оқшауланып ыдырауы 
нәтижесінде түзіледі. Олар ұзақ сақталмайды, әдетте мицелиймен ӛсіп 
шығады. Ашытқы саңырауқұлақтары мен жалаңаш қалталылар класс 
тармақшасына жататын тағы бірқатарлары бластоспоралармен, немесе 
бүршіктелетін 
мицелийлерімен 
сипатталады. 
Бластоспоралар 
дӛңгелектеніп, оқшауланған мицелий клеткаларының бетіндегі кішкене 
ӛсінділер. Олар бірте-бірте ұлғайып, аналық клеткадан бӛлінеді де, 
қайтадан бүршіктеле бастайды.
Тармақталған гифтері беткі (экзогенді) қара қошқыл реңді 
шырматылған мицелийлер – ризоморфтар – қолайсыз жағдайларда 
саңырауқұлақтардың таралуы және сақталуын қамтамасыз етеді. 
Ризоморфтардың сыртқы гифтері әдетте ӛлі, ал ішкілері – түссіз, тірі 
болады. Бұндай ризоморфтарды түбірқұлақ Armillariella mellea Karst 
түзеді. 
Мицелиалдық өңез – қоректік субстраттың бетінде немесе ішінде 
жетілетін сырт пішіні тәрізді мицелидің шырматылуы. Бұл ағаш тектес 
ӛсімдіктерді 
зақымдайтын 
саңырауқұлақтар. 
Склероциялар 
 
саңырауқұлақ жіпшелерінің пішіні шар немесе сопақша болып, тығыз 
шырматылуы. Мӛлшері – миллиметрдің оңдаған бӛлігінен бірнеше 
сантиметрге дейін. Қоректік заттарға бай, құрамында азғантай мӛлшерде 
(5-10%) су болады. Қолайсыз жағдайларға едәуір тӛзімді келеді. 
Склероциялар жеміс денесімен немесе мицелийлерімен ӛнеді. Стромалар 
субстраттың бойында орналасқан склероция типтес саңырауқұлақ 
мицелиінің шырматылуы. Олар қатты немесе жұмсақ, түсі – ашықтан қара 
реңге дейін ӛзгеруі мүмкін. Стромалардың бетінде немесе бойында 
саңырауқұлақтардың споралы мүшелері түзіледі. 
Саңырауқұлақтар 
гифтерінің 
беті 
арқылы 
сіңіріп, 
дайын 
органикалық заттармен қоректенеді. Органикалық қосылыстардың 
қарапайым заттарға айналу үрдісі саңырауқұлақтардың әртүрлі 
ферменттерінің кӛмегімен жүреді. Ферменттердің алуан түрлілігі 
патогендердің түріне және қоректік субстратқа байланысты болады. Ал 
кейбір фермент түрлері патогенез үрдісі барысында түзіледі. 
Саңырауқұлақтардың негізгі қоректік элементтері – кӛміртегі, азот, 
кейбір күлдік элементтер, сонымен қатар биологиялық белсенді заттар. 
Кӛміртегі кӛзі қарапайым қанттар, азоттікі – аминқышқылдары, ақуыздар 
және нитрат, нитрит, аммоний тұздары секілді бейорганикалық заттар. 
Сонымен қатар саңырауқұлақтар тіршілігіне күкірт, фосфор, калий, магний 
және басқа да бірқатар микроэлементтер қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет