Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет221/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

 
 
6.4.3 Антракноз 
 
Кесел республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында 
таралған. Жүзімнің топырақ бетіндегі барлық мүшелері, әcipece жас 
ӛркендері ауруға шалдығады. 
Жапырақта алғашында сәл кӛрінетін ашық-қоңыр, ұсақ жайылған 
дақтар пайда болып, олар ұлғайып, қоңыр-сұр түске боялып, күлгін-қызыл 
жиекпен жиектеледі. Ауруға шалдыққан ұлпалар үгітіліп тесіліп, ал 
жүйкесі залалданған жапырақ қурап түседі (189-сурет). 


300 
189-сурет. Жҥзімнің антракноз ауруына шалдыққан жидектері мен 
жапырағы 
Гүл шоғырының күлте жапырақтарында дӛңгелек қара дақтар, ал гүл 
сағақтарында ойық жаралар пайда болады. Жидектегі дақтар дӛңгелек 
қоңыр-қызыл немесе қара жиекті, ортасы сұрғылт немесе қоңыр түсті, сәл 
ойыс. Мұндай жидектер бip жақты қисайып ӛciп, тез жансызданып, қурап, 
гүл шоғында ілініп тұрады, бірақ жеуге жарамайды. 
Залалданған 
ӛркендерде 
бастапқыда қоңыр дақ пайда болып, 
кейін оның ортасы басылып, ойық 
жараға 
айналады. 
Жаралар 
біртіндеп 
ұзарып, 
бip-бipімeн 
қосылады. Залалданған жапырақтан 
жоғары орналасқан ӛркен қарайып, 
қурайды 
(190-сурет). 
Жүзімнің 
гүлдеу кезеңінде антракноз ауруы 
қарқынды дамиды. 
 
 
190-сурет. Антракноз аурына шалдыққан жҥзім сабағы 
 
Ауру 
қоздырғышы 
– 
Gloeosporium 
ampelophagum 
Sacc
саңырауқұлағы. Ауруға шалдыққан ӛсімдік мүшелерінде саңырауқұлақтың 
түссіз, кейін қоңырайатын жіпшумағы дамып, ол клетка аралығына 
таралып, залалданған ұлпа бетінде конидиятасушылар мен конидиялар 
майда, сұр түсті тӛсенішінде (ложада) түзіледі. Конидиялары түcciз, 
эллипс тәрізді, бip клеткалы, кӛлемі 3-6 2,5-3,5 мкм. Құрғақ ауа райында 
олар бip-бipiнe жабысып түйіршіктенеді, ал ылғал мол болған жағдайда 
шырыштанып, ісініп, жаңбыр тамшысымен, шықпен басқа, сау 
ӛсімдіктерге тарайды. Конидиялары 11-40°С температура аралығында 
ӛнеді. Жиі 
жаңбырлы және 
24-30°С 
температура 
деңгейінде 
саңырауқұлақтың инкубациялық кезеңі 3-4 күн. Саңырауқұлақ жіпше, 
пикнида, склероций түрінде залалданған ӛсімдік мүшелерінде қыстайды. 


301 
Республика жағдайында ауру вегетацияның бipiншi жартысында
әcipece гүлдеу кезеңінде қарқынды дамиды. Жаздың екінші жартысында
ӛсімдік жапырақтары мен ұлпаларының ескіруінен және жауын-
шашынның тапшылығынан аурудың дамуы тежеледі.
Кесел әсерінен ӛсімдіктің, ассимиляциялық ауданы кішірейіп
залалданған ӛркендер нәзіктеніп, оңай сынғыш келеді. Қатты 
залалданғандары қурап, жидектерінің тауарлық сапасы тӛмендейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет