27
4
дауысты байланысты қамтамасыз ету;
■
қосымша функцияларды іске асыру (одометр,
статистикалық
көрсеткіштерді есептеу);
■
терминалға дәйекті интерфейс және телематикалық сервермен
қосылған қосымша құрылғылар арасында деректер алмасу.
Диспетчерлік бақылау мен тасымалдарды басқару жабдығы
дауысты
байланыс, мәтіндік хабарлама алмасу, қосымша сыртқы
құрылғылар мен датчиктерді қосудың кең мүмкіндіктерімен
нақты уақыт
режимінде тасымалдау процесін диспетчерлік бақылау және басқаруға
арналған.
«Гранит навигатор.08» құрылғысы жан-жақты ГЛОНАСС/GPS-
қабылдағыш арқылы орналасқан орнын айқындауға,
GSM желілерінде
дауысты және цифрлық байланысты ұйымдастыруды қамтитын жоғары
интеграцияланған,
навигациялық-коммуникациялық
платформаны
қамтиды. Барлық антенналар корпус ішінде орналастырылған.
Құрылғының түрлі сыртқы бақылаушыларды және орындаушы
құрылғыларын қосуды қамтамасыз ететін
стандартты коммуникациялық
интерфейстері көп.
Мұндай және дискреттік кіреберістер датчикті (ұштықтар, одометр
және т.б.) қосуға, ал шыға берістер орындаушы құрылғыларды басқаруға
мүмкіндік береді. Графикалық дисплей мәтін
хабарламаларын алмасуды
ұйымдастыруға мүмкіндік береді және құрылғыны диагностикалауды және
баптауды жеңілдетеді. Дауысты байланыс үшін сыртқы гарнитура
пайдаланылады.