Жиналыс қаулы етеді:
1 мәселе бойынша жаңа оқу жылының сынып белсенділері сайланды
2 мәселе бойынша оқу жылының мектеп ережесімен таныстырылды,мектеп формасының сақталуы ескертілді.
Сынып жетекші: Ниеталы Аяжан
Хаттама №2
Қатысқан-18 оқушы
Қаралған мәселелер:
1.І тоқсан қорытындысы
1.1.Қауіпсіздік ережелерімен танысу
1.2. Сынып белсенділерінің тоқсандық есебі
2.Демалыс кезінде жүргізілетін іс шаралармен таныстыру
1 – мәселе бойынша І тоқсан қорытындысы айтылды.
№
|
Үздік оқушылар
|
Екпінді оқушылар
|
1
|
Асхан Айзия
|
Жанат Нұрболат
|
2
|
Болат Абзал
|
Бұхантай Айша
|
3
|
Бейбіт Аяулым
|
Талғат Алинұр
|
4
|
Лес Жанерке
|
|
5
|
Төлеген Аружан
|
|
6
|
Дүйсен Ілтипат
|
|
Бір және екі пәннен 3 ке шыққан оқушыларға келесі тоқсанда сабаққа қатысып, белсенділік танытып, жақсы баға алу тапсырылды.
1.1-мәселе бойынша қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. Қауіпсіздік ережесін сақтау айтылды. Мектепке келе жатқанда арнайы өзінің жолымен жүру, асфальт жолдан өтетін кезде жан-жағына қарау, жүргіншілер жолымен жүру керек екені айтылды. Жол үстінде ойнамау керек екені, жер тайғақ кезде жолдан абайлап өту керек екені ескертілді. Бекітілген үлгідегі мектеп формасын кию және мектептегі тазалықты сақтау сияқты барлық ережелермен таныстырылды.
1.2-мәселе бойынша сынып белсенділері өзінің тоқсандық есебін берді. Сол бойынша кеткен кемшіліктердің келесіде қайталанбауы ескертілді.
2-мәселе бойынша демалыс кезінде оқушыларға түрлі іс шара жоспары ұсынылды. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында демалыс кезінде қызықты,шытырман оқиғалы кітаптар оқу тапсырылды. Оқыған кітаптың мазмұнын сыныпта өзара талқылып,үздік шығарма оқыған оқушы марапатқа ие болатынын атап айтылды.
Достарыңызбен бөлісу: |