Жиналыс қаулы етеді:
1 мәселе бойынша І тоқсан қорытындысы талқыланды
1.1. мәселе бойынша қауіпсіздік ережелерімен танысты.
1.2.мәселе бойынша сынып белсенділерінің тоқсандық есебі тыңдалды.
2- мәселе бойынша демалыс кезіндегі оқушының бос уақытында кітап оқу тапсырылды.
Сынып жетекші: Ниеталы А.Б
Хаттама №3
Қатысқан-15 оқушы күні:
Қаралған мәселелер:
1) ІІ тоқсан қорытындысы.
2) Ақыл жастан....
1 – мәселе бойынша ІI тоқсан қорытындысы айтылды.
Бір және екі пәннен 3 ке шыққан оқушыларға келесі тоқсанда сабаққа қатысып, белсенділік танытып, жақсы баға алу тапсырылды. Қауіпсіздік ережесін сақтау айтылды. Мектепке келе жатқанда арнайы өзінің жолымен жүру, асфальт жолдан өтетін кезде жан-жағына қарау, жүргіншілер жолымен жүру керек екені айтылды. Жол үстінде ойнамау керек екені, жер тайғақ кезде жолдан абайлап өту керек екені ескертілді. Бекітілген үлгідегі мектеп формасын кию және мектептегі тазалықты сақтау сияқты барлық ережелермен таныстырылды.Сынып белсенділері өзінің тоқсандық есебін берді. Сол бойынша кеткен кемшіліктердің келесіде қайталанбауы ескертілді.
2-мәселе бойынша «Ақыл жастан» тренингі өткізілді. Тренинг барысында оқушыларға ситуациялық суреттер таратылып берілді. Сол суреттер арқылы оқушылар өздерінің қосар ақылдарын айтты.Жағдаяттан шығу барысы оқушыларға өте қызықты болды. Белсенді қатысқан оқушыларға сыйлықтар таратылып берілді..
Достарыңызбен бөлісу: |