Оқулықтармен, әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету туралы


лицейдің директор жанындағы мәжіліс хаттамасы №2



бет2/2
Дата13.03.2024
өлшемі53.2 Kb.
#495201
түріОқулық
1   2
мектепішілік

178 лицейдің директор жанындағы мәжіліс хаттамасы №2
30.10.2018ж
Қатысқаны: 132
Себепті: 11
Күн тәртібі:

  1. 5- сынып бейімдеу дағдысын бақылаудың қорытындысы

Д Б О І Ж О: Даулетбаева Г.А

  1. 5-6 сыныптардағы музыка, көркем өнер, дене шынықтыру пәндерінің оқыту сапасын тексеру қорытындысы

Д Б О І Ж О: Даулетбаева Г.А

  1. Кунделік kz электронды- ақпараттық журналы туралы есеп Д Ғ І Ж О Сағиолданов Т.Б 4-5 сыныптардың оқу мотивациясын анықтау қорытындысы мектеп психологы Асилова Ш.С

Тыңдалды:
Лицей директоры: Қ.Х.Шадиев
Күн тәртібіндегі қаралатын мәселелердің 2018-2019 оқу жылы жылдық жоспар негізінде алынғанын атап өтті.Мектепішілік бақылау басқару жоспары негізінде қаралатын мәселелер І тоқсан бойынша асырғандығын айтты.
Сөйледі:


    1. Директордың бейіндік оқу ісі жөніндегі орынбасары: Даулетбаева Г.А

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз алды. Оқушылардың білім сапасын, сынып ұжымының қалыптасу деңгейін, білім алудың екінші сатысындағы балалардың бейімдеу деңгейін бақылау мақсатымен жоспарға сәйкес 08-17 қазан арасында 5- сыныптарда сыныптық- қорытынды бақылау жүргізілді. Бақылау барысында 5- сыныптардағы қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі,математика пәндері бойынша 4- сыныптағы білім сапасы мен бөлім бойынша білім сапасына маниторинг жасалды, сабақтарға қатысып пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігі мен оқушылардың білім-білік дағдыларына талдау жасалды.
Математика пәнінен 4- сыныптағы білім сапасымен салыстырғанда:
5 «А» сыныбында 100%- дан 92%- ға төмендеген;
5 «Ә» сыныбында 100%- дан 100%-көрсетіп отыр
5 «Б» сыныбында 100%- дан 100%- көрсетті
5 «Г» сыныбында 100%- дан 100%- көрсеті
5 «В» сыныбында 100%- дан 95%- көрсетіп отыр
5 «Ғ» сыныбында 100%- дан 100%- көрсетті
5 «Д» сыныбында 95%- дан 90%- ға төмендеген
5 «Е» сыныбында 100%- дан 97%- ға төмендеген
Қазақ тілі пәнінен 4- сыныптағы білім сапасымен Ітоқсан білім сапасын салыстырғанда;
5 «А» сыныбында 100%- дан 97%- ға төмендеген
5 «Ә» сыныбында 100%- дан 100%- көрсетті
5 «Б» сыныбында 95%- дан 95%- көрсетті
5 «В» сыныбында 100%- дан 92%- ға төмендеген
5 «Г» сыныбында 100%- дан 100%- көрсетті
5 «Ғ» сыныбында 100%- дан 92%- ға төмендеген
5 «Д» сыныбында 97%- дан 70%- ға төмендеген
5 «Е» сыныбында 97%- дан 100%- ға жоғарлаған
Орыс тілі пәнінен 4- сыныптағы білім сапасымен І тоқсан білім сапасын салыстырғанда;
5 «А» сыныбында 100%- дан 97%- ға төмендеген
5 «Ә» сыныбында 100%- дан 100%-көрсетті
5 «Б» сыныбында 97%- дан 97%- көрсетті
5 «В» сыныбында 100%- дан 94%- ға төмендеген
5 «Г» сыныбында 100%- дан 97%- ға төмендеген
5 «Ғ» сыныбында 97%- дан 100%- ға жоғарлаған
5 «Д» сыныбында 97%- дан 95%- ға төмендеген
5 «Е» сыныбында 100%- дан 97%- ға төмендеген
Ағылшын тілі пәнінен 4- сыныптағы білім сапасымен І тоқсан білім сапасын салыстырғанда;
5 «А» сыныбында 100%- дан 90%- ға төмендеген
5 «Ә» сыныбында 100%- дан 100%- көрсетті
5 «Б» сыныбында 100%- дан 92%- ға төмендеген
5 «В» сыныбында 100%- дан 100%- көрсетті
5 «Г» сыныбында 100%- дан 91%- ға төмендеген
5 «Ғ» сыныбында 100%- дан 100%-көрсетті
5 «Д» сыныбында 95%- дан 75%- ға төмендеген
5 «Е» сыныбында 95%- дан 94%- ға төмендеген.
5- сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына қатысу барысында тоқтасет өтті. Қатысан сабақтар оқушылардың айтылып, тыңдасын,жазылсын,оқылыпәрекеттерін қамти отырып,камуникативтік дағдыларын сенімді қалыптастыруға, күтілетін нәтижге қол жеткізуге бағытталған принциптермен жүзеге асырылды. 5 «А» сыныбында Ауелбекова А.А «Қобыланды батыр жыры» тақырыбында, 5 «Б,Г» сыныптардағы Исабекова Б.Т қазақ тілі пәнінен «Тұсау кесу» атты сабағында, 5 «Ғ» сыныбында Рапилова Э.Ж қазақ әдебиетінен «Қобыланды батыр» тақырыбындағы «Кейіпкер және шылай өмір» сабағында, 5 «Ғ» сыныбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Битимбаева Ж.К, 5 «Г» сыныбы Омарова К.Т «Что за прелесть снизни» тақырыбындағы, 5 «А» сыныбында Ханасилова С.К орыс тілі мен әдебиеті пәнінен, 5 «Д» сыныбында Кайрбаева М.Н «Какие мы в нашей семье?» тақырыбындағы сабағындағы, 5 «Б» сыныбында ағылшын тілі пәнінен Кумарова К.А сабағында, 5 «Ә» сыныбында Бекболатова Т.С ағылшын тілі пәні сабағында, 5 «Е» сыныбында математика пәнінен Мамутова Д.С «Ең үлкен ортақ бөлгіш» тақырыбындағы сабағында, 5 «Ә» сыныбында Мұхтарова С, 5 «В» сыныбында Жайна А математика сабағында оқушылардың бейімдеу дағдысы тексерілді.Нәтижесінде ұсыныстар берілді.


    1. Директордың бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасары Даулетбаева Г.А

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз алды. 5-6 сыныптардағы дене шынықтыру, музыка, көркем еңбек сабақтарының жүргізілу барысын бақылау қорытындысына тоқталып өтті. Тексерілген мерзімі 10.10-26.10.2018ж аралығы. Бақылау барысында пән мұғалімдерінің нормативті құжаттары (стандарт,оқу бағдарламалары) Қ Т Ж, Қ М Ж сәйкестігі, сабақ өткізудегі пән мұғалімдерінің кәсіби шеберлігі бақыланды. Эстетикалық пәндер кафедрасында 15 педагог, оның ішінде жоғарғы санатты-4, І санатты-1, ІІ-санатты-4, санаты жоқ мұғалім-5 мұғалім қызмет атқарады. Пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысу арқылы тексеру жұмысы жүргізілді. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері Әнәпьяев Е.М, Жампейсова А.Е, Айтқожа А.С, Қыпшақ Р, Сағиолданов Қ.Б, Шыныбаев Қ.Е, Омар Г.Е, Тулбаева Н.Э, Манарбекқызы Ж сабақтарына қатысып К Т Ж мен Қ М Ж жоспарына сәйкестігі анықталды. Сабақ үдерісінің жаңартылған мазмұнда жоспарлануы тексерілді.
Пән мұғалімдерінің оқушыларға дене шынықтыру сабағында талап қоя алатындығы,сабақта орындалған әрбір жаттығу элемементтері мұғалім тарапынан түсіндіріп отырады. Іс-әрекеттер элементтерін саяхатты орындап, жұмыс мазмұнына кері байланыс бере біледі.Тексеру қорытындысы негізінде оқушылардың өз бетінше танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру, ұғыну, процесін басқару үшін кері байланыс орнату тәсілдері, өзін-өзі бақылау әдістерін қалыптастыру дағдысын жетілдіру сияқты ұсыныстар жасалды. Тәлімгерлік жұмысқа байланысты жұмысты жетілдіру керектігі айтылды.
3.1. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Сағиолданов Т.Б сөз алды. 03.09.18ж және 31.10.18ж аралығы бойынша kundelik.kz электронды ақпараттық журналының толтыруына бойынша тоқталып өтті.Лицей бойынша қыркүек айында электронды журнал белсенділігі ай басында төмен болғанымен ай соңында жоғарлаған. Қазан айының көрсеткіші бойынша журнал толтыру белсенділігі жоғары деңгейді көрсетеді, дегенмен тоқсанның соңғы кундері күрт төмендеген. kundelik.kz сайттың ең белсенді мектептері қатарында екінші орынды алып отырмыз. Алматы қаласы бойынша 20 үздік мектептер қатарына ілесе алмай қалғандығын айтты. Бұған себеп, электронды журнал бойынша тақырыптың толтырылуы, үй тапсырмасының берілуі, бағалаудың уақытында қойылуы бойынша 100%көрсеткіш көрсеткенмен, журнал толтыру сапасы жағынан төмендеген. Пән мұғалімдері кунтізбелік тақырыптық жоспарды толтырғанымен жариялау әрекетін орындалмаған. Осыған орай,ІІ тоқсан бойынша әр пән мұғалімі күнтізбелік-тақырыптық жоспарды толтырып. Жариялау әрекетін орындау керектігін ескертті кафедра меңгерушілері тарапынан бақылау жасалыну керектігін айтып өтті.
4.1. Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша мектеп психологы Асилова Ш.С сөз алды. 5- сыныптардың оқу мотиватциясын анықтау мақсатында 20.10.18ж-17.10.18ж аралығында жұмыстар жүргізілді. Мақсаты: оқу процесінің сабақта, сабақтан тыс немесе өз бетінше орындалуына қарамастан, ұстаз бен оқушы көптеген талаптарға ұшырасады. Оларға сабақтың мақсаты, әдісі, ғылымый негізділігі, оқытудың проблемалары сияқты көптеген әрекеттерді жатқызуға болады. Дегенмен, осылардың барлығына негіз болатын тағы бір талапты ереже атау керек. Ол оқыту процесіндегі мотивация. Оқу процесін екі қырынан қарастыруға болады. Ол оперативті және мотивациялы. Адамзаттың кез келген әрекетіндегі қозалыс күші, яғни, кез келген оқу түрі оның мотивациялық жағы болып табылады. Сондықтан да оқу процесін ұйымдастыруда пән мұғалімдерінің белгілі бір жұмысын оқыту да оң мотивтердің көрінуіне ықпал етуі тұрғысынан ерекше мән берілу керектігі айтылды. 5-сыныптар бойынша смайлик тапсырмасы бойынша балалардың оқу қызығушылығының диаграммасына тоқталып өтті. Барлық сыныптар бойынша қызыл 56%,сары 12,70%, көк 27%, қара 4,30% көрсетті. Ең төмен көрсеткіш көрсеткіштен сыныптар бойынша ұсыныстар жасалды. Физика – математикалық бағыттағы лицей болғандықтан, оқушылардың жаратылыстану пәніне деген оқу мотивациясы жоғары болу керек. Дегенмен, біршама оқушылар гумманитарлық бағыттағы пәндерге деген қызығушылығы басым екендігі айқындалды. Осы орайда пән мұғалімдері тарапынан оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында,жүйелі жұмыстар жүргізу керектігін ескертіп өтті.
Шешімі:

  1. 5- сыныптардың бейімделуін бақылау қанағаттанарлық деп танылсын.

    1. 5- сыныптардағы баяу қимылдайтын, енжарлық танытқан, белсенділігі төмен оқушылармен мектеп психологі Асилова Ш.С тарапынан жеке жұмыстар жүргізілсін.

    2. Оқушылардың білім санасының мониторингі тоқсан сайын алынып, диагностикалансын. Жауапкершілік ДОІЖО: Шажабаева К.С жүктелсін.

  2. Оқу мотивациясының қорытындысы бойынша пән мұғалімдері тарапынан,оқушылардың мүмкіндік деңгейі ескерілсін.

  3. 5-6 сыныптардағы эстетикалық пәндердің оқытылу сапасы қанағаттанарлық деп саналсын.

3.1 Дене шынықтыру пәні мұғалімдері А. Айтқожаның, Р. Қыпшақтың, Қ. Сағиолдановтың іс-әрекеттерін жетілдіруі, тәжірбие жинақтау мен алмасуы тәлімгерлерге ұсынылсын.

  1. Қатаң есептегі құжаттар тізімдемесіне енетін kundelik.kz электронды-ақпараттық журналының толтырылуы, пән мұғалімдеріне жүктелсін.

Хатшы: С.Ж. Төлеубаева
№ 178 лицейдің директор жанындағы мәжіліс хаттамасы 30.11.2018 жыл
Қатысқаны: 135
Себепті: 8
Күн тәртібі:

  1. 7-8 сыныптардағы биология пәнінің оқытылу жағдайын бақылау және қорытындысы Директордың бағдарлы оқу ісі жөніндегі орынбасары Даулетбаева Г. А.

  2. Жас және жаңадан келген мамандардың кәсіби шеберлігінің қорытындысы туралы Директордың бағдарлы оқу ісі жөніндегі орынбасары Даулетбаева Г. А.

  3. 9- сыныптардың ОЖСБ-ға дайындық барысы Директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шажабаева К.С.

  4. 5,6,9,10- сыныптардың математика, 10,11 сыныптардың физика пәндерінің дәптерлерін тексеру қорытындысы Директордың бағдарлы оқу ісі жөніндегі орынбасары Даулетбаева Г. А.

Тыңдалды:

  1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Директордың бағдарлы оқу ісі жөніндегі орынбасары Даулетбаева Г. А. сөз алды. Әдістемелік нұсқауда көрсетілгендей биология пәнінің ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалімдердің кәсіби білітілігі мен оқушылардың білім-білік дағдыларын бақылау мақсатында, 05-15 қараша аралығында 7-8 сыныптар мектепішілік бақылауға қойылды. Бақылау барысында біріншіден, сабаққа қатысы; екіншіден, сабақ барысындағы оқушылардың білім-білік дағдыларын бақылау. Джумабаева Г.Б. 8 «Ә» сыныбында «Азық-түліктегі көмірсулар мен майлардың маңызы » тақырыбындағы сабақтарына қатысты. Сабақтың құрылымдық деңгейі сақталалы.Сабақ үй тапсырмасын, сұрақ-жауап әдісі арқылы сұраудан басталды. Талдау, ойын жинақтау сынды білім дағдылары орындалмады. Жаңа сабақты топтық жұмыс арқылы өткізді. Оқушылар тек ауызекі сөйлеумен шектелді. Жаңа сабақты ашуда кесте, сызба, анализ,синтез, баға беру тәсілдері мен әдістері жетіспеді. 7 «Д» сыныбында өткен сабағында үй тапсырмасы тақырыптық карточкада берілген сұрақтарды талдаумен пысықталды. Визумды тапсырмамен жұмыс жасалды.

Жандыбаева Т.С 7 «З» сыныбында «Сабақ және тамырдың ішкі құрылысы» тақырыбындағы сабағында 42 % оқушы үй тапсырмасын сұраудағы пысықтау сұрағына қатысты. Сабақ жоспарлауда мұғалім үй тапсырмасына уақыт көп бөлген.
Айдарова А.Б. 8 «З», 8 «Г» сыныптарындағы «Тістің түрлері, күту жолдары», «Ағзаның ішкі ортасы» тақырыбында сабақ өтілді. Мұғалім сабағын қос тілде жүргізді. Мұғалім сабағын түрлендіріп бере отыра, сабақ мазмұнын ашатын тәсілдер мен әдістердің орынды қолдануына мән береді.
Усейн А.Ж сабағында теорияны тыңғылықты ұсынады. Әрбір тапсырманың соңында кері байланыс беруге оқушылар төселген. Оқушының берген жауабы мұқият тыңдалып, қателіктері дер кезінде түзетілуіне мән берілмеді. Топ арасындағы байланыс жүзеге асырылмады. Сабақ үрдісін жоспарлау барысында жіберілген олқылықтар бойынша жұмыс жасау пән мұғалімдеріне ескертілді.

  1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Директордың бағдарлы оқу ісі жөніндегі орынбасары Даулетбаева Г. А. сөз алды. Лицейде 10 жас маман жұмыс жасауда. Жас маман сабақтарына қатыса отыра, әр сабаққа анықтама беріп өтті.

Қуанбаева Б.С. қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі. КТЖ бекітілген, күн реті толық көрсетілмеген. Сабақ барысында 6 «З», 6 «И» сынып оқушыларын белсенді жұмыс жасауға тартты.Әйтсе де, оқушылардың жеке жұмысына мүмкіндік бере отырып,жазылып дағдысын дамытуға,сыни ойлауға негізделген сұрақтарға, сабақ құрылымы бөліктеріне сай тәсілдер мен әдістерді қолдану дағдысын жетілдіруге ұсыныс жасалды. Бекежанова К.Б- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мұғалімнің басым тұсы дауыс ырғағы өте жақсы, оқушымен сыпайы қарым-қатынаста, әрбір айтылған ойға кері байланыс беріп отырады. Алайда қысқа мерзімді сабақты жоспарлауда айтқан тапсырмалар жалпылама жазылған. Көрсетілген бейнефильм тақырыптан ауытқыды. Тілден бағдар бойынша ережелер қайталанып,көнерген сөздерге түсінік ғылыми тілде беру қажеттілігі ұсыныс ретінде берілді.
Тлеп Айымбубу-ағылшын тілі мұғалімі. 6 «К» сыныбындағы сабағында мұғалім мен ағылшын тілін қолданды. Оқулық бойынша жіберген қателер түзетіліп отырды, оқушылардың ауызша оқыған дағдысы жақсы. Әйтсе де, пән мұғалімінде КТЖ бекітілмеген, ҚМЖ жазылмаған сабақ бір сарынды, сабақты тұрлендіру, оқушының танымдық іс-әрекетін ашатын жаңашылдық жоқ. Пән мұғалімдеріне тәлімгерлік көмек беру, әріптестерінің сабақтарына кіру ұсыныс ретінде берілді.
Рахметхан Памер-физика пәні мұғалімі. 5 «Е» сыныбындағы сабағында мұғалім сыныпты жақсы игерді,кейбір оқушыларда қызығушылық бар. Есепті тыңғылықты шығару дағдысы жақсы қалыптасқан. Алайда пән мұғалімі күнтізбелік-тақырыптық жоспары мен қысқа мерзімді сабақ жоспарын көрсете алмады. Лицей компонентіндегі сабақ болғандықтан, мұғалім тарапынан сабаққа қатысты ресурстар берілмеген, оқушылар уй тапсырмасын толық орындамаған. Мұғалімге тәлімгер тарапынан көмек көрсету,тәжірибе алмасу ұсыныс ретінде берілді.
Усейн А.Ж- биология пәнінің мұғалім. Сабақ жоспарға сәйкес өткізілді.оқушылар сабаққа белсене қатысады. Шығармашылыққа бейімделген. Жұптық жұмыс орындауда өз ойын дәлелді жеткізе алады. Слайд арқылы талдау, оқушы ойының тианақты жеткізілуі, жаңа сөздерді өмірмен байланыстыру, кері байланыстың жүргізілуі пән мұғалімі тарапынан орындалды. Кейбір оқушыларға шығармашылықты жеке беру, топ арасындағы байланысты орнату ұсыныс ретінде берілді.
Айтқожа А.С, Қыпшақ Р- дене шынықтыру пәні мұғалімдері. Сабақ жоспарға сәйкес оқушылармен қарым-қатынас жақсы. Дене қимыл әрекеттерінен сабаққа дайындық барысындағы , яғни жүгіру элементтерінің ұлдар мен қыздардың топтпрын ескере отырып орындалды. Сабақта кері байланыс дағдысына мән беру,жоспарда көрсетілген іс-шаралар толық орындалуын қадағалау қажеттілігі ұсыныс ретінде берілді.
Сағиолданов Қ.Б- дене шынықтыру пәні мұғалімі. Сабақ жоспарға сәйкес, жоспар бекітілген. Пән мұғалімі тарапынан дене қимыл жаттығулары орындалып, Жұптық тапсырмалар орындалды.Дегенмен пән мұғалімі тарапынан қалыптастырушы бағалау сабақтың өне бойынан көрініс табатынын, сонымен қоса кері байланыстың үздіксіздігі ескерілуі керек.
Үмбетбаев Қ. Ж- көркем еңбек пәнінің мұғалімі. КТЖ қойылмаған. ҚМЖ да жазылған іс-әрекет сабақ барысында жүргізілмеді. Жаңа сабақты дәптерге көшіріп жазды. Оқушылардың еңбек құралдары толық емес. Пән мұғаліміне сабақ құрылымын жасауда әдістемелік көмек керек. Кәсіби тәжірибе алмасу керектігі ұсыныс ретінде берілді.
Мұса Жанерке- көркем еңбек пәні мұғалімі. КТЖ да күн реті қойылмаған. Сабақтың мақсаты ботик жасау. Сыныпта орындалған жұмыс паспорттауды безендіруге бағытталды.Оқушылардың еңбек құралдары бар, алайда әр топтан бірен-саран оқушы қатысты. Жаңа сабақ бойынша жасалатын бұйымның технологиясы көрсетілмеді. Пән мұғалімдеріне тәжірибе алмасу ұсыныс ретінде берілді.
Жаңадан келген ұстаздардың сабақтарына қатыса отырып, анықтама берілді.
Етекбаева Ж.М- қазақ тілімен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 6 «Е» сыныбындағы сабағына қатыса отырып, түсіндіру жұмыстарын байыппен орындай білді. Тілдік мақсаттың орындалуына негізделген тапсырмалар орындалды. Дегенмен, сабақ үрдісінде оқушы мен мұғалім арасында қарым-қатынастың орнатылмауы, тотық, жұптық тапсырмалардың реттілікпен алынуы жетіспейді. Пән мұғаліміне айтылған ұсыныстармен жұмыс жасау ескертілді.
Тұрсын Қалбия- физика пәнінің мұғалімі. 11 «Б» сыныбындағы сабағында оқушымен қатынасы жақсы, тыңдата білетіндігі байқалды. Сабақта тек физика пәнін таңдаған оқушылармен жұмыс жаслды. Есептер шығаруда оқушылардан белсенділік байқалмады. Тақтаға орындалған жұмыстар мұғалім көмегімен орындалды. Пән мұғаліміне оқушылармен откен материалдармен жұмыс жасау, формула жаттау, түрлендіру, есеп шығарудың тиімді жолдарын таңдай білуде қосымша жұмыс жасау ескертілді.
Сафиева Г.Н- орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Пән мұғалімнің оқу ойын сабаққа шоғырландырудағы пихолгиялық тренингі, тексеру барысында консультанттар саймен қоюлы, қателерді оқушылардың шығаруы, диологтық әдісті тиімді қолдануы ұтымды ұйымдастырылған. Сонда да болс, мұғалімге сабақтың мақсаты мен бағалау критерииін хабардар етуге, сабақтың 40 минутқа жоспарлануы ұсыныс ретінде берілді.
Төлеубаева С.Ж-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. КТЖ мен сабақ жоспары сәйкес.Жоспарланған әдістер сабақ барысында орындалды. Үй тапсырмасы сұрақ-жауап әдісінде жүргізілді. Пән мұғалімі сабақ мақсаты мен әдісін нақты айқындап алды. Бейне филм көрсетіліп, поэманың мазмұндық идеясын табу оқушыларға ұнады. Әйтсе де, сынып белсене қатыспады, оқушылардың сөздік қоры төмен. Қойылған сұрақтарға толық жауап бермеді.иЖекелеген оқушылар тобымен жұмыс жасау ұсыныс ретінде берілді.
3. Кун тәртібінде үшінші мәселе бойынша сөз алды. Жалпы білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың ұйымдастырушы және өткізілуі туралы ережемен таныстырып өтті. Негізгі мақсаты білім беру қызметтерінің сапасын бағалау, білім алушылардың жалпыға міндетті стандартты , оқу бағдарламасының мегеру деңгейін анықтау.9 сыныптар екі пәннен тапсырады., жалпы сұрақ саны 60, тестілеу уақыты 130 минут алады. Қазақ тілі пәнінен 20 тест тапсырмасы және жалпы білім беретін пәндердің бірі 40 тест тапсырмасынан тұрады. Тест жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына сәйкес оқу материалдарын қамтиды. Екі пән бойынша максималды балл075 баллды құрайды. Лицей бойынша 2018-2019 оқу жылында 9- сыныптар саны тоғыз. Негізгі пәндер бойынша ОЖСБ-ға дайындық жүргізу әр пән мұғаліміне жүктеледі. Пән мұғалімінің жұмыс жасау жоспары мен тесстілеу нәтижесі тексерілетіндігін айтты. Алынған тестілеу жұмысына маниторинг шығарылып, нәтижесі бойынша жұмыс жасау керектілігі. І тоқсан бойынша білім сапасын төмен көрсетіп отырған 9 «А», (60%), 9 «Г» (63%), 9 «Ж» (44,1%), сыныптармен ерекше дайындық жүргізу керектігі ескертілді.
4. Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша сөз алды. 2018 жылдық 22-28 қараша аралығында 5,6,9,10 сыныптардың математика, 10- сыныптардың физика пәндерінің дәптерлері тексерілді. Лицейдің математика физика оқу бағытында екендігін ескерсек, бұл шараның әрбір пән мұғалімі тарапынан жүргізілетін жауапкершілікті жұмыс екндігі ескерілуі керек. 5- сыныптардың математика пәні бойынша дәптерлері аптасына 2,3- рет тексерілген кейбір үлгерімі төмен оқушылардың орфографиялық қырағылығын арттыру ұсыныс ретінде берілді.6-сыныптардың дәптерлерінің сыртына қойылатын талап сақталған. Дегенмен 6 «К» сыныбында дәптерді салғырт ұстайтындығы анықталды. 9-сыныптар бойынша оқушыларда алгебра және геометрия дәптерлерінде сызбалар мен графинттер талапқа сай сызылмаған, кейбір оқушылар қызыл сызықтан асып кеткен сияқты қателер анықталды. Пән мұғалімдеріне оқушы колиграфиясына назар аудару ескертілді.10- сыныптар бойынша барлық дәптерлер біріңғай толтырылған. Қызыл сызықтан асып жазған оқушылар бар. Дәптер тексеру барысында қателер көрсетілмеген, мұғалім тарапынан түзету жасалмаған. Оқушылардың орындаған жұмысына сай баға кою керектігі ескертілді.Оқушылардың коллиграфиясы, таза ұстауы, дәптер жүргізу мәдениеті, дағдысына мән беру керектігі ұсыныс ретінде айтылды.
Шешімі:
7-8 сыныптардағы биология пәнінің оқытылу жағдайы қанағаттанарлық деп танылсын.
1,1 Пән мұғалімі тарапынан кейбір оқушыларға берілетін сараптау тапсырмалары қысқа мерзімді жазуды ескерілсін.
1,2 Практикалық дағдыларды қалыптастыруда тапсырмалар орындау тереңдетілсін.
2, Жас және жаңадан келген мамандардың кәсіби шеберлігінің қорытындысы қанағаттанарлық деп танылсын.
2,1 Пән мұғалімдері тарапынан теориялық шеберлігін тәжірибелеу шараларын жүзеге асыруда оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері ескерілсін.
3, 9- сыныптардың ОЖСБ-ға дайындық барысында пән мұғалімдерінің дайындық сабақтарын өткізу жұмысы тереңдетіле жүргізілсін.
3,1 әр алынған бақылау көрсеткіші диагностикалансын. Диагностика жүргізу пән мұғалімдеріне жүктелсін.
4, Дәптер жүргізуге қойылатын талаптар пән мұғалімдері тарапынан бақылансын.
Хатшы С.Ж. Толеубаева
№ 178 лицейдің директор жанындағы мәжіліс хаттамасы.
31.12.2018 жыл
Қатысқаны: 137
Қатыспағаны: 6
Күн тәртібінде:

  1. 9- сыныптардағы тарих, Адам. Қоғам. Құқық пәндерінің оқытылу жағдайының қорытындысы. Директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары: Даулетбаева Г.А.

  2. ІІ тоқсан бойынша 5-10 сыныптардын математика, физика пәндеріненалынған бақылау жұмыстарының қорытындысы. Директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Сағиолданов Т.Б

  3. Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің жазба жұмыстарын тексеру қорытындысы Директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары: Даулетбаева Г.А.

  4. Күнделік KZ тексеру қорытындысы Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шажабаева К.С. Директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Сағиолданов Т.Б.

  5. Халықаралық ЖИТС-не күрес айлығының қарсы күрес айлығының іс-шараларының орындалуының қорытындысы. Директордың тәрбие ісі жоніндегі орынбасары Жәкі Ж.Б

Тыңдалды:
1 Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Даулетбаева Г.А сөз алды. 2018 жылдың 10-25 желтоқсан аралығында 9- сыныптардағы тарих, Адам Қоғам Құқық пәндерінің оқытылу жағдайы тексерілді. Тексеру барысында сабаққа қатысып, оқушылардың білім-білік дағдылары зерделенді. 9 «Б», 9 «Г» сыныптарына сабақ беретін соғарғы санатты мұғалім Оспанбаева А.А сабақтары дидактикалық мақсатты орындау тұрғысынан нәтижеге жетті. Қатысқан сабақтардың құрылымы, жүйелігі, барлық кезеңдердің оқу материалын дұрыс таңдауымен ерекшеленді. Айгул Аманжолқызының сабақтары 70%-80%-құрады. Ұсыныс ретінде жоспар жасау сабақ өткізу кезінде сыныптың даярлық деңгейін ескере отырып, уақытты ұтымды түрде бөліу,оның көлемі мен оңтайлы түрде қолдануын ойластыру шарт. Осы мәселелерге көңіл аударған жан Байысов Қ.К сабақтарының тиімділігі 80%-90%-ды құрады. Мұғалім сабақты кәсіби біліктілікпен жүргізілетіні байқалды. Сабақта эмоциялық жағдай жасалған, мұғалім оқушылардың зяткерлік белсенділігін ояту, ойлану, сөйлеу, есте сақтау қабылеттерін дамыту бғытында нәтижеге жете білді. Тексеру кезінде мұғалімнің әдістемелік біліктілігін тарату деген ұсыныс берілді.
Темірова Гулназ Сенбаевна өткізген сабақтарының тиімділігі 70%-80%-ды құрады. Сабақтың мақсаты өткізілген материалға сәйкес, оқушылардың даярлық деңгейі ескерілген, оқушылардың зияткерін белсенділігін оятуға мүмкіндік жасалған. Пән мұғаліміне топ арасындағы, жұп арасындағы байланысқа мән беру ретінде ұсыныс жасалды.
Шынасыл Ғалымжан Жораұлы тиімділігі 80%-85%-ды құрады. Сабақтардың әдістемелік тұрғыдан қамтамассыз етілуі жақсы. Шығармашылық тапсырмалыр сабақ тақырыптарымен мақсаттарына сай берілді. Мұғалімнің оқушымен қарым-қатынастағы қолданған әдіс-тәсілдері таңдауды тапсырмалардың дифференциясылығына,әр түрлі деңгейде берілуіне көңіл бөлу керектігін ұсыныс ретінде айтты.
Сөледі:
1 Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз алды. Жазба есептеу алгоритімінн меңгерту, логикалық ойлау, есте сақтау қабылеттерінің деңгейін, оқушылардың білім, білім дағдыларын бақылау мақсатында 2018 жылдың 17-22 желтоқсан аралығында 5-10 сынып оқушыларынан әкімшілік бақылау жұмысы физика, математика пәндерінен алынды. Математика пәндерінен төмендегідей көрсеткіш корсетті. 5 сынып 262 оқушы 74% білім сапасы 100% үлгерім көрсетті,
6 сынып 427 оқушы 70% сапа , 96% үлгерім көрсетті.жазба жұмысын «2»- ге жазған 16 оқушы екендігі анықталды.
7 сынып 302 оқушы білім сапасы 57%, үлгерім 91% болды, «2»-ге жазған 27 оқушы төмен білім сапасын көрсетті.
8 сынып 334 оқушы 78% білім сапасын, 98% улгерім сапасын көрсетті. «2» ге жазған 4 оқушы анықталды.
9 сынып 302 оқушы 54% білім сапасын, 92% улгерім сапасын көрсетті. «2» жазған23 оқушы анықталды.
10 сынып 294 оқушы 59%, білім сапасын, 97%, үлгерім көрсетті. «2»-ге жазған 6 оқушы болды. Жалпы мектеп бойынша 5-10сыныптардан 1921 қатысып, білім сапасы 66%, улгерім 96% болды, «2»-ге жазған 76 оқушының математика пәнінен білім-білік дағдысы анықтау керектігін ескертті.
Физика пәні бойынша жазба жұмысының қорытындысы 5 сынып 256 оқушы 59,3% білім сапасын, 94,6%үлгерім көрсетті, «2»-ге жазған 13 оқушы анықталды.
6 сынып 439 оқушы 55,3% үлгерім, 89,7%үлгерім көрсетті, «2»-ге жазған 45 оқушы анықталды.
7 сынып 306 оқушы білім сапасын 46%, улгерім 84,6% көрсетті, «2»-ге жазған 47 оқушы анықталды.
8 сынып 316 оқушы білім сапасы 46%, үлгерім 84,6%көрсетті, «2»-ге жазған 47 оқушы анықталды.
8 сынып 316 оқушы 57%, білім сапасы 94,6%, үлгерім көрсетті, «2»-ге жазған 17 оқушы анықталды.
9 сынып 299 оқушы 36,1%, білім сапасы 87,6%, үлгерім көрсетті, «2»-ге жазған 38 оқушы анықталды.
10 сынып 290 оқушы 57,9%, білім сапасын, 92,7%, үлгерім көрсетті, «2»-ге жазған 21 оқушы анықталды.
Жалпы мектеп бойынша 5-10 сыныптар бойынша 1906 оқушы 50,4% білім сапасы, 90,5%үлгерім көрсетті, «2»-ге жазған 181 оқушының білім-білік дағдылары негізінде жұмыстар жүргізу керектілігі ескертілді. Пән мұғалімдері тарапынан пәндер бойынша есептердің мазмұны, берілу шарты және шығару тәсіліне сәйкес құрылымдауды тиімді жүргізуге ыпал ету керектігін ескертті.
2 Кун тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша сөз алды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жазба жұмыстарының дәптері 2018 жылдың 10-15 желтоқсан аралығында тексерілді. Тексеру оқушы дәптерінің жалпы жағдайы, (қатесіз толтырылуы,тазалығы,ұқыптылығы), жазбаша сынып жұмысының көлемі, жазбаша үй жұмысының көлемі, оқушы дәптерінің уақытылы тексерілуі талаптары бойынша жүргізілді.
5 сыныптар бойынша Ауелбекова А.А, Рапилов Э.Ж, Оразалиева Т.А, Етекбаева Ж.М, Исабаева Б.Б дәптерлер орфографиялфқ нормаға сай, тазалығы мен көркем жазу дағдылары толық қалыптаспаған. Жалпы оқушылардың дәптер қолдану деңгейлері қанағаттанарлық деп айтуға болады. Тексеру барысында кері байланыстың талапқа сай еместігін ескертті.6-7 сыныптар бойынша тексерілген дәптерлер бойынша төмендегідей көрсеткіштер анықталды. Оқушылардың дәптер сырты қапталған, тексеру нормасы сақталған. Көптеген оқушылардың көркем жазулары төмен, таза ұсталуы сақталмаған. Көркем жазу нашар оқушылармен тұрақты жұмыс жүргізу керектігі есертілді. 8 сыныптар бойынша пән мұғалімдері Төлеубаева С.Ж, Уразбаева Ж.А, Ертуғанова Б.Б, Сатпаева Р.Т, Оразбаева Т.А, Усентаева Б.А дәптердің жалпы жағдайы «жақсы»деп бағалауға болады. Дәптер уақытылы тексеріліп тұрады. Сыныптардың дәптерлері түгел қапталған, таза, ұқыпты ұсталған. Сынып жұмысы мен үй жұмысы көлемі нормаға сай. Дегенмен, тапсырмаларының қатесін тексеру толық жүргізілмеген. Оқушы жұмысына кері байланыс беру жүйелі жазылмаған. Көбінесе бір сөзбен ғана жазу көрсетілген.оқушы дәптерін тексеру кезінде пән мұғалімінің жұмысқа кері байланыс беру стилін жүйелеу керектігін ескертті. Орыс тілі пәні бойынша жазба жұмыстар дәптерлері 2018 жылдың 10-14 желтоқсан аралығында тексерілді. Пән мұғалімдері Битимбаева Ж.К, Каирбаева М.Н, Омарова К.П, Шегалиева Л.К, Ханасилова С.К, Сафиева Г.К, Ноғайбаева Ж.Е, Танцарова А.З, Мусаева А дәптерлері тексерілді. Әр пән мұғалімі 17-18 оқушы дәптерін тексертті. Оқушы дәптерлерін тексеру жүйелі тексерілген, дәптерлер қапталған, таза ұстауға көңіл бөлінген. Үй тапсырмасы мен сынып тапсырмасы нормасы талапқа сай толтырылған, Тапсырмаға коментарий беру стилімен анықтау керек, кейбір оқушыларға балл қойылмау керектігі ескертті. Үлгерімі төмен оқушылардың түзетуіне ескерту жасау, жасыл шелек толтыру сияқты ұсыныстар айтылып өтті.
3 Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша сөз қозғалды. Мақсаты: бағдарламаны, 2-тоқсан бойынша бағдарламаның практикалық бөлімін жүзеге асыру, тоқсандық бағаның әділ қойылуы зерделенді. Тексеру барысында пән мұғалімдерінің оқушыға қойылған бағаны түзетілуі, кунделік кз өзгеріс енгізілді, баға өзгертілді деген сөзбен тіркелетіндігін айтып өтті. 9 Ғ, 9Д, 9 Е, 9А, 9Ә,9Б сыныптардағы алгебра, биология, тарих, ағылшын тілі, орыс тілі, физика пәндерінен баға түзетілген еді. Жалпы журналдың жағдайы қанағаттанарлық, журналдар уақытылы толтырылуда, жазба жұмысы бағалары уақытылы қойдырылған, журнал толтыру нұсқаулығы орындалуда. Сондай-ақ кейбір пәндер баға қоры аздығы және жоғарыда көрсетілген кемшіліктер, күнделік кз баға қорының айырмашылығы сынып жетекшілерінеескертіліп, дер кезінде аталған ескертулер берілді. Мемлекеттік құжат электронды сынып журналындағы оқушының тоқсандық бағасын түзетіп өзгерткен үшін сөгіс берілетіндігін айтып өтті.
4 Күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша сөз алды. Халықаралық ЖИТС-ке қарсы күрес айлығының іс-шараларының орындалуының қорытындысы туралы айтып берді. «Салауатты өмір салты» бағыты аясында Лицей оқушыларының зиянды заттарды қолданбауы, жат қылықтарды болдырмау мақсатында белгілі жоспар бойынша жұмыстар атқарылды. 26.11-30.11.19жыл ралығында «Біз өмірді таңдаймыз!» тақырыбында апталық өтілді. 5-7 сыныптар арасында қабырға газеттер шығарылды. «Біз тамаша өмір үшін!» атты сурет сайысы өткізілді. А Нурбекова мен Д Мамутованың ұйымдастыруымен «Салауатты өмір сүр» атты ашық жиын өткізілді. 9-10 сыныптар арасында ЖҚТБ/АҚТБ бойынша тест алынды. Берілген тақырыпты тәрбие сағаттары мен дәріс-сабақтар ұйымдастырылды. Психиатор-нарколог С.Н Кенесбекованың қатысуымен «Нашақорлық» АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу тақырыбында дәріс өткізілді «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастырылуымен 10 сыныптар арасында волейболдан жарыс өткізілді. Барлық іс-шаралар жоспарға сәйкес, жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
Шешімі:
1. Оқушылардың тарихи сауаттылығын арттыруда танымдық дағдыларды жетілдірілсін. Жауапкершілік пән мұғалімдеріне жүктерлсін.
1.1. ОЖСБ-ға дайындық мақсатында берілетін сұрақтар мен тапсырмаларды тереңдетіп талдау пән мұғалімдеріне жүктелсін.
1.2. Пән бойынша қойылатын оқу мақсаттары мен тілдік мақсаттар сабақтастырылып, оқыту мазмұны тереңдетілсін.
2. Оқушылардың математикалық сауаттылық дағдысы тереңдетілсін, жауапкершілік пән мұғалімдеріне жүктелсін.
2.1. Математика пәнінен төмен көрсеткіш берген 6 «Ә» сыныбы 24%, 7 «Б» сыныбы 39%, 9 «А» сыныбы 35%, 9 «Е» сыныбы 35%, 10 «Ж» сыныбы 30%, лицейішілік бақылауға алынсын.
2.2. Физика пәнінен білім сапасының төмен деңгейін көрсеткен 7 «В» сыныбы 29%, 7 «З» сыныбы 25%, 7 «Е» сыныбы 22%, 8 «Г» сыныбы 17%, 9 «Г» сыныбы 17%, 9 «И» сыныбы 25%, 10 «З» сыныбы 15%, эксперименттік топтпрға бөліп жұмыс жасау ескеріліп, лицейішілік бақылауға алынсын.
2.3. Бақылау жұмыстарында жіберілген қателер ескеріліп, «қанағаттанарлықсыз» бағаланған оқушылармен жеке дара жұмыстар жүргізілсін.
3. Қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиетінің дәптерлерін жүргізуде біріңғай орфографиялық режимді сақтау қадағалансын.
3.1. Оқушы коллигоафиясы үнемі мұғалімдердің назарында болып, жұмыс дәптерлерінің тазалығы, ұқыптылығын талап етілсін.
3.2. Оқушы жұмысына керібайланыс беру стилін журналдарындағы (кунделік.кз) оқушының ағымдағы бағасын түзетіп, өзгерткен үшін төмендегі пән мұғалімдеріне ескерту берілсін.
Сыдықова Ә.А Сапарбекова Ш.Т
Есенгалиев С.Т Устенов Р.Н
Жандыбаева Т.С Жайна А
Ағажанова И.Қ Омарова К.Т
Жанпейсова Ә.Е Ногайбаева Ж.Е
Сафиева Г.К Оспанбаева А.А
Әубәкір І.Е Айдарова А.Б
Янмин Г Сатов Ғ.Ж
Битимбаева Ж.К Ханасилова С.К
Пиримбаева Ә.Н Қасен Б.Н
Шынасыл Ғ.Н Сультанова Г.М
Разуанқызы Г Алсаева А.О
Каирбаева М.Н Ауелбекова А.А
Тлеккабулова Ж.У Слямгалиева Г.Н
5 Халықаралық ЖИТС ке қарсы күрес айлығының жүргізілуі қанағаттанарлық деп танылсын.
Хатшы: С.Ж. Толе

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет