II- ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМГЕ ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
«Құндылық бағдар» ұғымы кеңестік социология ғылымында 1964-1965 жылдары пайда болды. «Социология в СССР» деген сөздіктер жинағында «құндылық бағдар» ұғымына берілген түсінік төмендегідей:
Жеке адамның құндылық бағдары – бұл жеке адамның белгілі бір әлеуметтік құндылықтарды мақсат етіп ұстауы, яғни әлеуметтік құндылықтардың белгілі бір тобына деген қарым-қатынасы. Мысалы: құндылықтар еңбек, оқу, қоғамдық жұмыс, жанұя, еңбек ақы, т.с.с. болып келуі ықтимал.
Құндылық бағдар мәселесі маркстік құндылықтар теориясы жайлы еңбектерде зерттеліп, қайтадан өңделуде. Себебі, жеке адамның дамуы, өмірдегі оның беталысы, мінез-құлық, әдет-дағдысы, мәдениет пен өмірдегі құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.
60-70 жылдары құндылық бағдар мәселесін В.П.Тугаринов пен О.Г.Дробницкийлер зерттеді.
Құндылықтардың табиғатының күрделілігінен олардың әртүрлі топтамасы пайда болды.
В.П.Тугаринов құндылықтардың екі тобын бөліп қарастырды:
- өмірдің құндылықтары - өмір, денсаулық, өмірдегі қуаныш, адамдармен қарым-қатынас, т.б..;
- мәдени құндылықтар – материалдық (техника, баспана, тамақ, киім, т.б.);
- әлеуметтік саяси (қоғамдық тәртіп, қоршаған әлем, қауіпсіздік, бостандық, еркіндік, адамгершілік);
- рухани құндылықтар (білім, ғылым, өнер).
Социологтар құндылықтарды белгілі бір ереже немесе іс-әрекеттің реттегіші ретінде қарастырады.
Бұдан басқа материалдық және рухани құндылықтар (В.Ломов), өзекті және потенциалды (В.Ломов, В.Г.Алексеева) құндылықтар топтамасы да кездеседі.
Белгілі кеңес психологы В.Н.Мясищевтің (1960ж.) пікірі бойынша: «Құндылық бағдар жеке тұлғаның рухани дамуының орталығы, жеке тұлғаның қоғамға, белгілі бір топқа, еңбекке, өзіне деген саналы қатынасы» болып табылады.
С.Л.Рубинштейн құндылық бағдардың әлеуметтік психологиялық негізі туралы өз теориясын ұсынды. Ол адамның қоршаған әлемге деген қатынасы, осы адамның қажетті заттар мен құбылысты, құндылықты жеке бөліп қарауына деген пікірді білдірді. Адам өмірдегі жағдай мен мағына мәселелерін қарастыра отырып, С.Л.Рубинштейн адамның мінез – құлқын ретке келтіретін құндылықтардың қызметін ерекше атап көрсетті.
С.Л.Рубинштейннің пікірінше, ішкі жағдайда болған өзгерістерді нәтижесінде белгілі бір құндылықтар өзекті, негізгі қажеттіліктерге айналады.
Философиялық сөздікте (Мәскеу,1983ж.) құндылық бағдар ұғымына:
«Жеке тұлғаның өмірдегі тәжірбесінен жинақтаған ішкі жан дүниесінің маңызды элементі, адамның саяси, философиялық, адамгершілік сенімі мен құштарлығы, мінез-құлықтың адамгершілік қағидалары» - деп анықтама берілген.
Ал ғылыми әдебиеттерде «құндылық бағдар» ұғымына әртүрлі анақтамалар беріледі. Ғалымдардың бір тобы құндылық бағдарды адамның жалпы әлеуметтік бағыттылығы деп қарастырса, екінші бір тобы – құндылық бағдарды жеке тұлғаның әлеуметтік құндылықтарға деген субъективті қатынасы деп, ал үшінші тобы «құндылық бағдар» ұғымына психологиялық тұрғыдан түсініктемелер береді. Кейбір зерттеушілер «құндылық» түсінігін белгілі бір сапалы қасиеттердің жеке бөлініп шығуымен түсіндіреді.
Құндылықтардың пайда болуы адамның қажеттілігін қанағаттандыратын іс-әрекетпен байланысты. Құндылық іс-әрекеттің мақсаты ретінде жүреді. Философия ғылымында құндылықты қоғамның тарихи құбылыс, субъект пен объектінің іс жүзінде өзара әрекеттесу кезеңі деп қарастырады.
«Адамгершілік құндылық – ол әлеуметтік маңызы бар адамгершілік құбылыс. Ол адам мен қоғамның даму идеяларының іске асуына мүмкіндік туғызушы». (Л.Д.Леутская).
Құндылық бағдар күрделі жеке тұлғалық қалыптасу болып анықталады. Құндылықтар қажеттілікті қанағаттандыратын құрал болып анықталады. Құндылықтар қажеттіліті қанағаттандыратын құрал есебінде жүреді.
Құндылықтар адамның сезімін оятып, іс-әрекетінің себеп – салдарын анықтайды, соған байланысты әрекетті реттейді, оның іске асуына ықпал етеді. Сондықтан құндылық адам мен оның қажеттілігінің қоршаған орта мен арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Сонымен, құндылық бағдар дегеніміз бір жағынан алғанда, жеке тұлғаның нақты іс-әрекетке деген көзқарасы мен қарым-қатынасының білінуі, екінші жағынан белгіленген мақсаттар жүйесі. Ол – жоғары деңгейде объектілерді, хал-жағдайды, қажеттілікті, мақсаты таңдауды түсіндіреді,
қоғам мен адамдарға жақсылық пен жамандықты, ақиқат пен адасуды, әсемдік пен сүйкімсіздікті, әділеттілік пен әділетсіздікті, рұқсаттылықты, тыйымсалушылықты, мәнді мен мәнсіздікті ажыратуға көмектеседі.
Жеке тұлғамен ұлттық мәдениетті қалыптастырудағы құндылық бағдардың әлеуметтік – адамгершіліктік аспектісі прогресшіл қазақ ағартушыары Ж.Аймауытов, Ы.Алтынсарин, Ш.Әлжанов, А.Байтұрсынов, Ш.Уалханов, М.Жұмабаев және А.Құнанбаевтардың еңбектерінен маызды орын алған.
Құндылықтардың әлеуметтік – адамгершііктік маңызы туралы ой – пікірдің дамуы Қ.Б.Бержанов, Қ.Б.Жарықбаев, Н.И.Ильминский, Қ.Қ.Құнантаева, О.И.Обдов, А.И.Сембаев, А.П.Сейтешов, Т.Т.Тәжібаев, Г.А.Уманов, С.А.Ұзақбаева және К.М.Храпченковтардың тарихи-педагогкалық ой – пікірлерімен тығыз байланысты.
Еліміздің тәуелсіздік аясындағы алғашқы бет алыстары, тың жаңарулар мен өзгерістерге толы серпінді дамуы басталған қазіргі шақта ой-сана қозғалысының саяси әлеуметтік, экономикалық өмірге тигізетін әсері зор.
Ел басшысы, Н.Назарбаевтың «Қазақстан болашағы — қоғамның идеялық бірлігінде деген еңбегінде: «Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы - адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр» - деп атап көрсетілген.
Қоғамымыздың өскелең мәдениеті, егемен елдің экономикалық және әлеуметтік прогресі жағдайында мектептің маңызы зор.
Қазіргі кезде біздің қоғамымыздың басты міндеттерінің бірі - ғылыми-техникалық прогресті, нарықтық экономика процесін жеделтетуді соның негізінде елімізде әлеуметтік-экономикалық өзгерісті түбегейлі жүзеге асыру. Бұл мәселені ойдағыдай шешуде басты сала - ол оқу барысында оқушылардың құндылық бағдарын дұрыс қалыптастыру болып табылады. Ол үшін болашақ ұстаздарға тек арнаулы пәндерді ғана оқытып қоймай, кәсіби бағдары мен құндылық бағдары қалыптасқан маман етіп даярлауды талап етеді. Бұл мәселені ойдағыдай шешуде басты сала оқу барысында болашақ ұстаздарды құндылық бағдарын қалыптастыруға даярлау болып табылады.
Әр адамның мінез-құлқының негізгі сипаттарының бірі— оның бағдары. Әр адамның өмірдегі бағдарының әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан дамуының оның оқып, білім алуы, мен тәрбиеленуі үшін маңызы зор екеніне ешкім күмән келтірмейді. Алайда, әр адамның бағдары деген ұғымның өте күрделі категория екенінде айту керек.
Адамның іс-әрекеті әр нәрсеге итермелейтін, ішкі ойын іске асыратын қозғалысқа келтіретін дұрыс шешуін күттіретін мәселе. Оны дұрыс шешкен жағдайда ғана адамның құндылық бағдары ұғымының мәнін түсінуге болады. Бұл мәселе бойынша қоғамда әр түрлі көзқарас бар.
Ғалымдардың бір тобы (Божович Л.И., Неймарк М.М., Ильин В.В. және басқалар) адамның бағдары оның тұтынушылық қасиетіне байланысты десе, екінші бір тобы (Щукина Г.И., Ядов В.А., Кон И.С.) тұтынушылық, қызығушылық,
мақсат қою өмірдегі іс-әрекеттермен бірігіп қалыптасады дейді.
Адамның құндылықтарды сезінуі - қоғамдық болмыстың айнасы болып табылатын қоғамдық сананың қалыптасуы үшін аса қажет. Құндылық бағдарды сезіну: құндылықтарға өз бетінше жасырын түрде ұмтылу, жеке идея, бір жүйеге келтірілген, ой санадан өткізілген құндылық қана адамның сол құндылықты меңгеруге деген қоздырғыш күші тудырады.
Алайда, құндылық бағдар, оның маңыздылығы, жеке тұлғаны құндылықтарға бейімдеу, құндылық бағдардың қалыптасуына әсер етуші фактор, олардың сипаттары туралы, әсіресе, біздің Қазақстандық педагогика, психология ғылымдарында жетік көңіл бөлінбеген. Тағы бір айта кететін жайт, құндылық бағдардың мәні мен құрылымы туралы нақты
көзқарас жоқ. Жеке адамның өмірдегі орны оның іс-әрекеттері, сол әрекеттің адамның жасына, қоршаған ортасына қарай өзгеріске ұшырау себептері, оқу тәрбие жұмыстарын құндылықтарға негіздеп жүргізу, яғни оқушы жастарды құндылықтарға бейімдеу қоғамда өз орнын табу, экономикалық тұрғыдан еркін ойлау қабілетін қалыптастыру ісі жете зерттелмеген.
Дегенменде, құндылық бағдар, құндылық бағдарды қалыптастыру проблемасын егжей-тегжей зерттеген жұмыстар қатарына Г.Қ. Нұрғалиеваның ғылыми жұмысы жатады. Бұл жұмыста құндылық бағдардың мазмұны, маңыздылығы зерттеліп, оған ғылыми- техникалық прогрестің, қоғамның әлеуметтік жағдайының, ортаның және тағы басқа жағдайлардың әсері қарастырылады. Қазіргі кезде өнеркәсіпке қажетті білікті маман кадрлар даярлау ісіндегі ұстаздарды оқушылардың құндылық бағдарын қалыптастыруға даярлаудың маңызы зор екенін көрсете келіп, «оқушылардың құндылық бағдарын көре білу - мұғалімнің маңызды кәсіби сапасы» деп атап көрсетеді. Бірақ, автор мұнымен шектелмей оқушылардың құндылық бағдары интегралдық жеке тұлғалық қалыптасу, ал құндылық бағдар дамудың танымдық іс-әрекет және мотивация салаларының бірлігімен өзара үйлесімділігін сипаттайды деп, осыған байланысты өзінің моделін ұсынады. Автордың моделі оқушылардың құндылық бағдарын көре білудің негізгі өлшемдерін, құндылық бағдар процесінің кешенділігін, үздіксіздігін, жүйелілігін, интегралдық жеке тұлғалық қалыптасудың үлгісін көрсете отырып, кешенді түрде зерттеу жұмысын жүргізудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу, тәрбие процесін басқарудың ережесі мен шарты болып табылады.
Модельде оқушылардың құндылық бағдарын қалыптастырудың мынадай өлшемдері анықталады:
I. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының маңызын көре білу.
ІІ.Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің маңыздылығын көре білу.
ІП.Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің педагогикалық диагностикасын көре білу.
IV. Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің ғылыми-әдістемесін көре білу.
Осы сараланған басты өлшемдердің жекеленген көрсеткіштері де қоса белгіленеді:
І.Жеке тұлғаның құндылық бағдарын «көре білуді» қалыптастыру.
2.Жеке тұлғаның құндылық бағдарының жекелеген компоненттгерін «көре білу».
3. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының механизмдерін «көре білу».
4.Жеке тұлғаыың құндылық бағдарының заңдылығын «көре білу».
5.Жеке тұлғаның құндылық бағдарының қайшылығын «көре білу».
Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің маңыздылығын «көре білудің» басты көрсеткіштері:
1. Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің маңызын «көре білу».
2.Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің механизмдерін «көре білу».
З.Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің компоненттерін «көре білу».
Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің
кайшылықтары мен заңдылықтарын «көре білу».
Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің
компоненттерінің өзара байланысын «көре білу».
Бұл модель мазмұндылық сипатымен бірге, психологиялық сипаты жағынан да толықтырыла түседі. Бұнда автор жеке адам дамуының теориялық негіздеріне сүйене отырып дамудың негізгі үш саласын /танымдық, іс-әрекет, мотивация/ белгілейді.
Танымдық саланың мазмұны төмендегідей білімдермен анықталады:
жеке тұлғаның құндылық бағдарының маңызы; жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің маңызы; жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностиканың маңызы және құндылық бағдар процесінің ғылыми әдістемелік жүйесі жайлы білім негіздерін саналы түрде меңгеру.
Достарыңызбен бөлісу: |