Оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастыру Мазмұны Кіріспе 4 I- тарау. «Білімге қҰндылық Қатынас»


Оқушылардың құндылық бағдарын қалыптастырудың



бет9/10
Дата20.06.2022
өлшемі343 Kb.
#459374
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастыру

2.3. Оқушылардың құндылық бағдарын қалыптастырудың

себеп-салдары


Мотив адамның мінез-құлқына қозғау салатын, жағымды әрекеттерге бағыттайтын күш. Тиісті мотивтер болмайынша мінез-құлықтың қажетті нормалары бекілмейді, адамгершілік қасиеттер қалыптаспайды. Сол себептен педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған оқу - тәрбие процесі әдет пен дағдыны, адамгершілік қасиет пен құндылықтарды қалыптастырудың тиімді жолы болып табылады.
Әдет - әрекет жасауды қажетсіну, ал әдет дағдымен тығыз байланыста болады.
Жеке тұлғаның құндылық бағдарының қалыптасуы, егер оқушы мен студент үшін оқу, оқу еңбегі шын мәніндегі іштей күйзеліс тудырып, білім деңгейлерін көтеру үшін талпынатын болса, белгілі бір қажеттілікке айналса, онда оқу еңбегі олар үшін құндылық болып табылады. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының мотивация саласының негізін құндылықтар қалайды.
Соңғы кездердегі жеке тұлғаның мотивациялық - құндылық аспектілеріне жасалған зерттеу жұмыстары кең ауқымдылығымен ерекшеленеді.
Мотивтердің мәні мен маңызы, құрылымы, қажеттілігі мен қайнар көзі, міне, бұл мәселелер психолог ғылымдар арасында қызу, пікірталас туғызуда. Екі бағыттағы ағым пайда болады, оның біріншісі; мотивтердің серпінділік жағын, ал екінші бағытты жақтаушылар мотивтердің энергетикалық және мазмұндылық жақтарының диалектикалық бірлігін мақұлдайды.
Жеке адам, оның мұқтаждықтары туралы теориялар өте ерте кезде, Грецияда пайда болған. Әдепкі кезде пайда болған, жазылған теорияның бірі - материалистік теория, Бұл теорияны жақтаушылардың бірі, Греция философы Аристарх Эпикур. Бұл теория бойынша, адамның әрекеттері, қылықтары, оның жағымды сезімдерге ұмтылып, оларды қайтарып тастауымен байланысты. Олардың айтуы бойынша, адам өзінің тұрмысында, тіршілігінде әрқашанда жағымды сезімді туғызып, сол сезімдерді жоюға талпынады.
Француз психологтары мұқтаждық туралы физиологиялық теорияның негізін салады. Бұл биологиялық, теория, олар ешуақытта адамның мұқтаждығын биологиялық, физиологиялық ағымдарға теңеуге болмайтындығын ескертеді.
Адам қоғамның тыс, қоғамға тәуелсіз өмір сүре алмайды, өйткені оның тәні де, жаны да айналасындағылармен қарым-қатынас жасайды. Әулеметтік жағдай әсер откенде ғана адам «кісілік» мән-мағынаға ие болады. Ер жетіп, ес білетін кісінің өмір жолына, ұстаған бағытына әсер ететін мотивтер (түрткі, себеп) көп.
Адамның бір мұқтаждығьшың қанағаттанып, оның орнына басқа мұқтаждығының пайда болуы оның өмір сүруіне, әрекет етуі өте қажетті шарт болып табылады. Егер адам өзінің мұқтаждықтарын қанағаттандырумен ғана тынатын болса, онда өмір сүрудің, тіршілік етудің айырықша керегі де болмас еді. Адамның қоғамға мұқтаждығы, ал қоғамның алға дамып отыруы да болмас еді. Сол себептен мұқтаждық, я қажеттілік адамның болсын, қоғамның болсын прогрессивтік түрде алға дамуына қажетті қозғаушы күш болып табылады.
Мұқтаждықтар негізінде адамдардың өз іс-әрекетінің мотивтері болады, яғни белгілі бір мұқтаждықты қанағаттандыруға байланысты бой ұру пайда болады.
Сонымен, мотив - іс-әрекетке жетелейін себеп, ал мақсат - адамның белгілі бір істі орындауға талпынуы. Мақсат мотивке үнемі сай келе бермейді. Бірақ, мақсаттың іс-әрекеттің мотиві болуы маңызды құбылыс. Мұнда адамның алдына қойылған міндетерді, мүмкін болғанша, орындауға талпынуы пайда болады, сөйтіп, ол оның мұқтажына айналады.
Іс-әрекет процесінде адамның алдына бір ғана максат тұрмайды, бір-біріне байланысты мақсаттардың бүтін бір жүйесі тұрады. Мысалы, мектеп оқушысының алдына тек үй тапсырмасын орындап қана қою оның соңғы мақсатын білдірмейді. Бұл міндетке қоса ұлы мақсат - білімді адам, өз ісінің шебері, мына қоғамның белсенді мүшесі болу мақсаты тұрады.
Бір жүйедегі мақсаттар ең таяу тұрған мақсаттар болады да, екінші бірі келешектегі, алда тұрған мақсаттар болады. Нақ сол сияқты іс-әрекет мотивтері де таяу, қысқа және алыс жатқан мотивтер болады. Егер адам қысқа, шолақ мотивтерді басшылыққа алса, оның іс-әрекетінің келешегі болмауы мүмкін. Бұл оның мүдделерінің тар өрістілігін немесе қажетті принциптілігі жоқ екендігін көрсетеді. Ең таяу мотивтерді басшылыққа алатын адамдар әдетте ең қарапайым ғана мақсаттар (өзінің материалдық мұқтаждықтарын қанағаттандыру, дүниені қызықтау) қояды. Бұл адамдар көбінесе еш нәрседен бас тартпайды,олар үлкен қиыншылықты жеңіп шығуға әдеттенбеген.
Алыс жатқан мотивтерді басшылыққа алатын адамдар ең таяу мақсаттарды өзінің әрекетіндегі ұлы мақсатқа жету жолындағы қажетті саты, қажетті кезең деп қарайды. Мұндай адамдарды кездескен қиыншылықтар жігерсіздендірмейді, жекеленген сәтсіздіктер оның жігерін әлсіретпейді, қайта өзінің бүкіл өмірінің мақсаты болып табылытын алдына қойылған міндетті шешуге жігерлендіре түседі.
Жеке адам әлеуметтік қатынастармен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Адамның өзіне тән белгілі бір көзқарас, қарым-қатынас, моральдық талаптары және тағы басқа да сапалы қасиеттері қалыптасқанда ғана ол басқаларға тәуелді болмайды. Біздің ойымызша, дамудың осы бір денгейін меңгерген адам барлык психикалық процестер мен функциялар, барлық қасиеттер мен саналар белгілі бір құрылымға ие болады. Бұл құрылымың негізі - жеке адам дамуының мотивация саласы.
Жеткіншектерде мотивтердің қалыптасуы ерікті түрде
жүреді. Бұл жастағы балалардың мотивациялық құрылымы тек баланың дамуы мен тәрбиесі негізінде белгілі бір адамгершілік құндылықтарды қабылдау процесі кезінде пайда болады.
Адам қоғамның, белгілі бір топтың құндылықтарын ғана қабылдайды. Бұдан адамның ұжым мен топпен бірлікте екенін және оның ұжыммен тікелей қатысы бар екенін, ұжым мен топтағы орнының бар екендігін аңғаруға болады. Адам құндылықтарды қабылдап қана қоймай, өзінің құндылықтарды біліп, саналы түрде ұғынуы үшін әрекет жасайды, өзіне-өзі талап қояды.
Мотивтердің иерархиясы қарапайым ынтығу мен қызығушылықтан белгілі бір қажеттіліктің пайда болуына дейінгі аралықпен сипатталады. Мысалы, болжамдық іскерлікті қалыптастыруда оқушының болашақ туралы ойлауын, яғни болжай білуге, көре білуге мектепте жүрген кезінің өзінде-ақ үйрету қажет. Бұл баланың қызығушылығынан киялға, арманға айналуы мүмкін, ал өсе келе, жоғары кластарда болжам жасауға деген ынтасын туғызады,
Танымдық іс-әрекетте құндылық бағдар оқушының білімін өзінің қажеттілігі мен талап, тілегіне сай дәрежеге жеткізеді, ал шығармашылық іс-әрекеттің мотивациясы жеке тұлғаның өз мүмкіндіктерін пайдалана алуымен сипатталады.
Бірлескен іс-әрекетте маңызды нәрсе болып, адамның өзіне серіктесіне (партнер) назар аударуы, іскерлік қарым-катынас орнатуы және ортақ тіл табыса білуі болып саналады.
Жеке тұлғаның құндылық бағдары.болашаққа арналған, ол жоспарланған істің құнды үлгісі ретінде қолданылады.
Құндылық бағдардың негізгі атқаратын қызметі - адамның мақсаты мен іс-әрекетін дұрыс жолға қойып, оның орындалуын бақылау.
Жеке тұлғаның құндылық бағдарының мотивациялық-мақсаткерлік компоненттеріне келетін болсақ, болжам, мақсат, идеал секілді негізгі педагогикалық категорияларды терең зерттеуді, сол категориялардың өзара байланысын, олардың жеке тұлғалық қалыптасу категорияларынан айналуын зерттейді, көздейді.
Мақсат адамның саналы іс-әрекетінің белгілі бір заңдылығын, идеал мен нақтылықтың диалектикалық бірлігі, нақтылықты белгілейтін форма. Мақсатқа бсрілген бұл анықтамадан оның көп қырлы категорияға жататынын көруге болады.
Адамның саналы әрекеті мақсатсыз болмайды, себебі мақсат қою, бағдарлама жасау және осыларды іс жүзіне асырудағы маңызды нәрсе адамның іс-әрекеті болып табылады. Сондықтан мақсатты жеке тұлғаның «көре білуі», болжай білуі және бағдарлай алуын сипаттайтын процесс ретінде қарастыру кажет.
Көптеген философиялық зерттеу жұмыстары мақсаттың қалыптасуына арналған (Б.А. Боронович, В.М. Гришенко, В.А. Костин, А.Н. Костин, А.Н. Яценко, М.Л. Салаш және т.б.)
Мақсатты болжау белгілі бір рухани іс және мақсатгың қалыптасу процесі ретінде жүреді. Мақсатты болжаудың ішкі құрылымы екі компоненттен тұрады: мазмұндылығы мен серпінділігі. Мақсатты болжаудың сипаты жаңа істің дамуымен байланысты. Саналы түрде қойылған мақсат сананың қызметіне қажетгі тіректі қамтамасыз етеді, мақсатгы қоя білу, жоспарлау, көре білудің элементтерін қамтиды. Мақсатты болжаудың категориялары: «көре білу», болжау, бағдарлау және жоспарлау.
Жеке тұлғаның құндылық бағдар жүйесі сол тұлғаның танымдық іс-әрекетімен байланысты, ал құндылық бағдар дербес жеке тұлғалық қалыптасу ретінде дамудың танымдық, іс-әрекет және мотивация салаларымен анықталады. Сондықтан жеке тұлғаның құндылық бағдарының мотивтері қандай, болса мотивтердің қалыптасуы қажет пе деген басқа да сауалдарға шешім табу міндеті түр.
Құндылық бағдарға қызығу, ынталану, талпыну ұғымдарының студенттің болашақ іс-әрекетгерінің объектілері мен субъектілерімен біртұтас байланысы ғана емес, сонымен бірге сол жеке тұлғаның құндылық бағдарына дұрыс көзбен қарауы деп қарастыру қажет. Ол көптеген психикалық процестерді, қабілетті көтермелейді, оларға дем береді, адамның іс-әрекетін толыққанды, қуатты және жарқын болуына көмектеседі.
Құндылық бағдарының маңызды қасиеттерінің біріне оның серпінділігін, яғни жай ғана қызығушылықтан жеке бастың тұрақты қасиетіне дейін өзгеруін жатқызуға болады.
Білуге, үйренуге қызығушылық адамның ми қабатында оптимальды қозу ошағының пайда болуымен байланысты; адамның бір нәрсеге қызығуы кезіңде оны тез арада жақсы түсініп, тұрақты қабылдаудың физиологиялық тұрғыдан түсіндірілу себебі де осыдан.
Білуге, үйренуге қызығушылықтың адамның санасын оятатын зор күші бар, ол қызығуды қанағаттандыру үшін амалдар мен қажет заттарды іздестірудің пәрменділігін, нәтижелігін арттыруға мәжбүр етеді.
Жалпы алғанда, жеке тұлғаның құндылық бағдар жүйесіне қызығушылық мынадай факторлардан тұрады деп санаймыз:

  1. Жеке тұлғаның құндылық бағдар проблемасына қызығу.

  2. Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесін меңгеруге талпыну, ықылас білдіру.

  3. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасын меңгеруге ұмтылу, талпыну.

4. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының ғылыми әдістемесін игеруге ықылас білдіру, қызығу.
Сонымен, жеке тұлғаның құндылық бағдар жүйесінің мотивация саласы: жеке тұлғаның құндылық бағдар процесі; жеке тұлғаның құндылық бағдары; жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасы және жеке тұлғаның құндылық бағдарының ғылыми әдістемесін меңгеруге, қалыптастыруға деген ынта-ықыластың пайда болуымен анықталады. Бұл басты өлшемдердің жекелеген көрсеткіштері;
1. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының маңыздылығын түсінуге, жеке тұлға проблемасына, жеке тұлғаның құндылық, бағдарының ерекшеліктерін білуге ынталану, талпыну.
2. Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің маңыздылығын түсінуге, құндылық бағдар процесінің ерекшеліктері мен зандылықтарын білуге, жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің амалдарын үйренуге, құңдылық бағдар процесінің қайшылықтарын жеке білуге талпыну, қызығу, ынталану.
3. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасының маңыздылығын түсінуге, диагностиканың бағдарламасын жасай білуге, диагностиканың нәтижесін «көре білуге», диагностиканың нәтижесіне қарай тәрбие жұмыстарын жоспарлай білуге, жалпы тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін анықтап, белгілеуге қызығу, ынта-ықылас білдіру, ұмтылу.
4. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының ғылыми әдістемесінің маңыздылығын түсінуге, ғылыми әдістемені тиімді пайдалана білуге, оқу процесін тиімді ұйымдастыруға ұмтылу, қызығу, ынталану.
Оқушының құндылық бағытын қалыптастыру
Мотив адамның мінез-құлқына қозғау салатын, жағымды әрекеттерге бағыттайтын күш. Тиісті мотивтер болмайынша мінез-құлықтың қажетті нормалары бекілмейді, адамгершілік қасиеттер қалыптаспайды. Сол себептен педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған оқу - тәрбие процесі әдет пен дағдыны, адамгершілік қасиет пен құндылықтарды қалыптастырудың тиімді жолы болып табылады.
Әдет - әрекет жасауды қажетсіну, ал әдет дағдымен тығыз байланыста болады.
Жеке тұлғаның құндылық бағдарының қалыптасуы, егер оқушы мен студент үшін оқу, оқу еңбегі шын мәніндегі іштей күйзеліс тудырып, білім деңгейлерін көтеру үшін талпынатын болса, белгілі бір қажеттілікке айналса, онда оқу еңбегі олар үшін құндылық болып табылады. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының мотивация саласының негізін құндылықтар қалайды.
Соңғы кездердегі жеке тұлғаның мотивациялық - құндылық аспектілеріне жасалған зерттеу жұмыстары кең дербес жеке тұлғалық қалыптасу ретінде дамудың танымдық, іс-әрекет және мотивация салаларымен анықталады. Сондықтан жеке тұлғаның құндылық бағдарының мотивтері қандай, болса мотивтердің қалыптасуы қажет пе деген басқа да сауалдарға шешім табу міндеті түр.
Құндылық бағдарға қызығу, ынталану, талпыну ұғымдарының студенттің болашақ іс-әрекетгерінің объектілері мен субъектілерімен біртұтас байланысы ғана емес, сонымен бірге сол жеке тұлғаның құндылық бағдарына дұрыс көзбен қарауы деп қарастыру қажет. Ол көптеген психикалық процестерді, қабілетті көтермелейді, оларға дем береді, адамның іс-әрекетін толыққанды, қуатты және жарқын болуына көмектеседі.
Құндылық бағдарының маңызды қасиеттерінің біріне оның серпінділігін, яғни жай ғана қызығушылықтан жеке бастың тұрақты қасиетіне дейін өзгеруін жатқызуға болады.
Білуге, үйренуге қызығушылық адамның ми қабатында оптимальды қозу ошағының пайда болуымен байланысты; адамның бір нәрсеге қызығуы кезіңде оны тез арада жақсы түсініп, тұрақты қабылдаудың физиологиялық тұрғыдан түсіндірілу себебі де осыдан.
Білуге, үйренуге қызығушылықтың адамның санасын оятатын зор күші бар, ол қызығуды қанағаттандыру үшін амалдар мен қажет заттарды іздестірудің пәрменділігін, нәтижелігін арттыруға мәжбүр етеді.
Жалпы алғанда, жеке тұлғаның құндылық бағдар жүйесіне қызығушылық мынадай факторлардан тұрады деп санаймыз:

  1. Жеке тұлғаның құндылық бағдар проблемасына қызығу.

  2. Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесін меңгеруге талпыну, ықылас білдіру.

  3. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасын меңгеруге ұмтылу, талпыну.

4. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының ғылыми әдістемесін игеруге ықылас білдіру, қызығу.
Сонымен, жеке тұлғаның құндылық бағдар жүйесінің мотивация саласы: жеке тұлғаның құндылық бағдар процесі; жеке тұлғаның құндылық бағдары; жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасы және жеке тұлғаның құндылық бағдарының ғылыми әдістемесін меңгеруге, қалыптастыруға деген ынта-ықыластың пайда болуымен анықталады. Бұл басты өлшемдердің жекелеген көрсеткіштері;
1. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының маңыздылығын түсінуге, жеке тұлға проблемасына, жеке тұлғаның құндылық, бағдарының ерекшеліктерін білуге ынталану, талпыну.
2. Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің маңыздылығын түсінуге, құндылық бағдар процесінің ерекшеліктері мен зандылықтарын білуге, жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің амалдарын үйренуге, құңдылық бағдар процесінің қайшылықтарын жеке білуге талпыну, қызығу, ынталану.
3. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасының маңыздылығын түсінуге, диагностиканың бағдарламасын жасай білуге, диагностиканың нәтижесін «көре білуге», диагностиканың нәтижесіне қарай тәрбие жұмыстарын жоспарлай білуге, жалпы тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін анықтап, белгілеуге қызығу, ынта-ықылас білдіру, ұмтылу.
4. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының ғылыми әдістемесінің маңыздылығын түсінуге, ғылыми әдістемені тиімді пайдалана білуге, оқу процесін тиімді ұйымдастыруға ұмтылу, қызығу, ынталану.
Осындай дараланбаған педагогикалық өзара әрекеттесуде әркімге қатаң түрде бөлініп берілетін рөлдерді ұсынуға болады. Олар басқа құндылық бағдарды метақағида - полисубъективті (диалогтік) әдіске қарама-қайшы келеді Бұл қағидаға сәйкес тек "субъект - субъект" қатынастары, оқуда тең құқылы бірігіп әрекеттесу жағдайларында ғана жеке тұлғаның үйлесімді дамуы мүмкін. Педагогтің суперпозициясы мен құндылық бағдары субординациялық позициясы жеке тұлғалық тұрғыдан тең кұқықты, өзара бірігіп әрекеттесуші адамдардың позицияларына айналу керек. Мұндай өзгеру педагогикалық процеске қатысушылардың рөльдері мен қызметтерінің өзгеруіне тікелей байланысты. Педагог мұнда тәрбиелемейді, оқытпайды, ол тұлғаның өз бетімен дамуға деген талпынысын өзектендіреді, колдайды, онын белсенділігін зерттейді, өз бетімен әрекет етуіне жағдайлар жасайды, яғни өз мүмкіндігін қабілетіне сәйкес бағалау еркіндігін қалыптастырады.
Алайда, педагогикалық процесті диалогизациялауды - бұл "жұп педагогикаға" кайта оралу деп түсіну емес, өйткені мұнда бірігіп әрекеттесу формаларының толық жүйесін қолдану талап етіледі. Оларды енгізерде оқу мәселелерін шешуде педагогтің барынша жәрдем беруінен бастап, олардың біртіндеп өз белсенділіктерінің өсуіне дейін, одан оқуда өзін-өзі тәртіпке келтіре алатын жағдайға жетіп, олардың арасында серіктестік қатынастар пайда болғанша белгілі бір тәртіп, динамика сақталу керек. Педагог позицияларының өзгеруіне байланысты бірігіп әрекеттесу формаларын қайта құру өзін-өзі дамыту жолына дербес бет алған окыту субъектісін өзін-өзі өзгертуіне мүмкіндік береді, атап айтқанда оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың демократиялық стилін қолдайды. Демократиялық басқару стилі жеке адам бойында сенім қатынасына негізделген құндылық бағдарды қалыптастыруға себепкер
болатыны белгілі. Құндылық бағдарды қалыптастыруда оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың және басқарудың альтернативті (балама) формалары мен стильдерін колданған жөн деп есептейміз.
Сонымен бірге жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуы арқылы құндылық бағдарды құндылық бағдарды қалыптастыру процесі онын даралану дәрежесі мен шығармашылық бағыттылығына байланысты. Бұл заңдылық тәрбиенің даралық-шығармашылық әдісі деген метақағидасына негіз болады. Ол тұлғаға өзінің қаншалықты өсіп дамығанын сезініп, қойған мақсатына жеткенде қуануына мүмкіндік береді. Даралық-шығармашылық әдістің, негізгі мақсаты жеке тұлғаның өз қабілеттерін көрсете білуі үшін, оның шығармашылық мүмкіндіктерін анықтап (диагностикасын жасау), дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады. Дәл осындай әдіс құндылық бағдарды қалыптастырудың жеке тұлғалық деңгейін де қамтамасыз етеді.
Гуманистік тәрбие құндылық бағдарды жалпы адамзаттық құндылықтарының әлеуметтік ұйымдастырылған интериоризация процесі ретінде қарастырылады. Гуманистік тәрбие айтарлықтай дәрежеде кәсіби-этикалық өзара жауапкершілік метақағидасының жүзеге асырылуымен де байланысты болғандықтан жеке тұлғаны көзқарасы мен рухани дүниетанымына ықпал етеді. Мұның негізінде жатқан заңдылыққа сәйкес педагогикалық процесс қатысушыларының адамдардың тағдырына, коғамның болашағына деген жауапкершілікті өз мойындарына алуға дайындығы олардың гуманистік өмір салтын ұстанып, педагогикалық этика нормаларын сақтайтындарын көрсетеді. Бұл қағида жеке тұлға педагогикалық процесте қалыптасқан жағдайлар ағысына көніп кете бермей, керісінше бұл жағдайларды өзі жасап, өз стратегиясын алға тартып, саналы және жоспарлы түрде өзік-өзі кемелдендіре алатындай іште орныққан белсенділікті талап етеді.
Сондай дәстүрлі қоғамның құрылымының ғасырлар бойы шаңырағын шайқалтпай ұстап тұрған, халық мұраларының тарихи процесінде жоғалып кетпеуіне себепші болған құдірет - адамгершілік принциптеріне негізделген руханилық болатын. Қазіргі модернизациялану заманында қазактың рухани кұндылықтары сақталуы мумкін бе? Әлде жалпы адамзаттық құндылықтардың басымдылығын мойындап қана алға жылжуымыз керек пе? Оған елбасымыздың "...бүгінде қазақ санасына ұялаған әлемдік ахуалдың қаншалықты маңыздылығына қарамастан, ең "басты діл" діни де емес, өркениеттік те емес, ұлттық діл болу керек", - деген пікірін келтіруге болады.
Өйткені, құндылықтар жүйесінің әртүрлі элементтері болып есептелетін жеке, топтық, кауымдастық, жалпы адамзаттық құндылықтар иерархиясы бүгінгі Қазақстан жағдайында белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік мәселе. Одан адамның жеке басының тұлғалық құндылығы жалпы адамзаттық құндылықпен сәйкес келіп жатса, онда әлеуметтік болмыста үйлесімді ахуал қалыптасар еді деген ой қалыптасады. Себебі, жалпы адамзаттық құндылықтар, шынайы діни құндылықтар сияқты (оларды дін атын жамылып адамдарды алалауға, бір-біріне қарама-қарсы қоюға шақырып жүрген іс-әрекеттермен шатастырмау қажет) адамдардың "Эгосына", өзімшілдігіне қызмет етпейді. Олар моральдық жағынан тазаруға, тәубаға келуге, гуманистік іс-қимылдарға шақырады. Ал жеке бастық немесе топтық құндылықтар (оның этникалық, әлеуметтік қауымдар, ұйымдар түріндегі формалары болсын) көбінесе өзінің шектеулі мүдделерін қорғау мақсатында қалыптасады. Сондықтан олар өздерінің кейбір жағымсыз іс-әрекеттерін алалауға бейімділік танытумен болады.
Міне, құндылықтар теориясының классикалық түсініктерінде де жеке тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру онын рухани дамуының мазмұнына байланысты екендігі анықталып отыр. Олай болса, зерттеу жұмысымыздың міндеттерінің ең бастысы халқымыздың рухани кұндылықтарының мазмұнын анықтау болып табылады. Олардың ішінде қоғамдық формациялардың ауысу кезеңдеріне төтеп беретін бұлжымас, өзгермейтін құндылықтар болады. Сондықтан рухани кұндылықтарды - адамның шынайы болмысының нығаюына игілікті әсер ететін, оның тұлғалық өзек болатын, еркіндігін жасампаздықпен, шығармашылықпен паш етуге мүмкіндіктер ашатын ақиқаттың түрлі құбылыстары деуге болады. Рухани кұндылықтардың материалды құндылықтардан айырмашылығы әрбір жанның ішкі потенциалын ашуға көмектеседі, жалпы рухани үйлесімдікке қызмет етеді. Ол әлеуметтік дүниеден әділетсіздікті, үйлесімсіздікті күшпен емес, ыстық ықыласпен, жүрек жылуымен, нұрымен орнына келтіруге, түзеуге тырысады. Сондықтан оларды жалаң Зердемен, қарапайым логикамен түсіндіріп беру мүмкін емес болады.
Бұл ойдың негізгі түптамыры Қазақстандағы халықтар арасындағы "өзара кірігу үрдісінің іргетасы ұлттық мемлекеттілік болып табылады", -деген тұжырымда жатыр. Әрине, енді ғана тәуелсіздігін алған ел үшін бұндай бағдардың тарихи-әлеуметтік қажеттілігі зор. Дегенмен де ұлттық кейпін, мазмұнмен қоғам дамуы. діннің өрістеуі шектелмейтіні де белгілі. Сондықтан ұлттық діл жалпыадамзаттық құндылықтардан сусындап, акиқаттың шынайы рухани дамуымен астасып жатса ғана үнемі жаңғырып отыратынына күмән келтіруге болмайды. Бұл орайда адамзат тарихында өздерінің қайталанбас ізін қалдырған ғұлама ойшылдардың рухани мұрасын зерттеу және олардың тәлімдік ойларын жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдалану үлкен маңызы бар әрекет болып табылады. Өйткені, Қорқыт, Асан Қайғы, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи, Махмұд Қашқари, Абай, Шәкәрім сияқты т.б. тұлғалар өз заманының рухани байлығын өз дүниетанымдарында қордалайды, жүйелейді, халқына паш етеді.
Түрлі тәрбие жүйелері арқылы қазақ этнопедагогикасындағы ізгілікті ойларға негізделген қазіргі уақытта оқу мекемелерінің тәрбиелік потенциалдарын күшейту, қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық, рухани құндылықтар туралы білімдік мазмұнын анықтау, халық педагогикасының рухани-ізгіліктік құндылықтарын тұтас қабылдау; адам бойындағы ізгі қасиеттерді құрметтеу және дұрыс бағалай білу; ұлттық құндылықтардың жалпы адамзаттық құндылықтармен үйлесімділігін сақтау, ұлттық мәдениет пен гуманистік тәрбиенің үйлесімділігін қамтамасыз ету басты міндеттері болып табылады.
«Құндылық бағдар» ұғымы кеңестік социология ғылымында 1964-1965 жылдары пайда болды. «Социология в СССР» деген сөздіктер жинағында «құндылық бағдар» ұғымына берілген түсінік төмендегідей:
Жеке адамның құндылық бағдары – бұл жеке адамның белгілі бір әлеуметтік құндылықтарды мақсат етіп ұстауы, яғни әлеуметтік құндылықтардың белгілі бір тобына деген қарым-қатынасы. Мысалы: құндылықтар еңбек, оқу, қоғамдық жұмыс, жанұя, еңбек ақы, т.с.с. болып келуі ықтимал.
Құндылық бағдар мәселесі маркстік құндылықтар теориясы жайлы еңбектерде зерттеліп, қайтадан өңделуде. Себебі, жеке адамның дамуы, өмірдегі оның беталысы, мінез-құлық, әдет-дағдысы, мәдениет пен өмірдегі құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.
60-70 жылдары құндылық бағдар мәселесін В.П.Тугаринов пен О.Г.Дробницкийлер зерттеді.
Құндылықтардың табиғатының күрделілігінен олардың әртүрлі топтамасы пайда болды.
В.П.Тугаринов құндылықтардың екі тобын бөліп қарастырды:
- өмірдің құндылықтары - өмір, денсаулық, өмірдегі қуаныш, адамдармен қарым-қатынас, т.б..;
- мәдени құндылықтар – материалдық (техника, баспана, тамақ, киім, т.б.);
- әлеуметтік саяси (қоғамдық тәртіп, қоршаған әлем, қауіпсіздік, бостандық, еркіндік, адамгершілік);
- рухани құндылықтар (білім, ғылым, өнер).
Социологтар құндылықтарды белгілі бір ереже немесе іс-әрекеттің реттегіші ретінде қарастырады.
Бұдан басқа материалдық және рухани құндылықтар (В.Ломов), өзекті және потенциалды (В.Ломов, В.Г.Алексеева) құндылықтар топтамасы да кездеседі.
Белгілі кеңес психологы В.Н.Мясищевтің (1960ж.) пікірі бойынша: «Құндылық бағдар жеке тұлғаның рухани дамуының орталығы, жеке тұлғаның қоғамға, белгілі бір топқа, еңбекке, өзіне деген саналы қатынасы» болып табылады.
С.Л.Рубинштейн құндылық бағдардың әлеуметтік психологиялық негізі туралы өз теориясын ұсынды. Ол адамның қоршаған әлемге деген қатынасы, осы адамның қажетті заттар мен құбылысты, құндылықты жеке бөліп қарауына деген пікірді білдірді. Адам өмірдегі жағдай мен мағына мәселелерін қарастыра отырып, С.Л.Рубинштейн адамның мінез – құлқын ретке келтіретін құндылықтардың қызметін ерекше атап көрсетті.
С.Л.Рубинштейннің пікірінше, ішкі жағдайда болған өзгерістерді нәтижесінде белгілі бір құндылықтар өзекті, негізгі қажеттіліктерге айналады.
Философиялық сөздікте (Мәскеу,1983ж.) құндылық бағдар ұғымына:
«Жеке тұлғаның өмірдегі тәжірбесінен жинақтаған ішкі жан дүниесінің маңызды элементі, адамның саяси, философиялық, адамгершілік сенімі мен құштарлығы, мінез-құлықтың адамгершілік қағидалары» - деп анықтама берілген.
Ал ғылыми әдебиеттерде «құндылық бағдар» ұғымына әртүрлі анақтамалар беріледі. Ғалымдардың бір тобы құндылық бағдарды адамның жалпы әлеуметтік бағыттылығы деп қарастырса, екінші бір тобы – құндылық бағдарды жеке тұлғаның әлеуметтік құндылықтарға деген субъективті қатынасы деп, ал үшінші тобы «құндылық бағдар» ұғымына психологиялық тұрғыдан түсініктемелер береді. Кейбір зерттеушілер «құндылық» түсінігін белгілі бір сапалы қасиеттердің жеке бөлініп шығуымен түсіндіреді.
Құндылықтардың пайда болуы адамның қажеттілігін қанағаттандыратын іс-әрекетпен байланысты. Құндылық іс-әрекеттің мақсаты ретінде жүреді. Философия ғылымында құндылықты қоғамның тарихи құбылыс, субъект пен объектінің іс жүзінде өзара әрекеттесу кезеңі деп қарастырады.
«Адамгершілік құндылық – ол әлеуметтік маңызы бар адамгершілік құбылыс. Ол адам мен қоғамның даму идеяларының іске асуына мүмкіндік туғызушы». (Л.Д.Леутская).
Құндылық бағдар күрделі жеке тұлғалық қалыптасу болып анықталады. Құндылықтар қажеттілікті қанағаттандыратын құрал болып анықталады. Құндылықтар қажеттіліті қанағаттандыратын құрал есебінде жүреді.
Құндылықтар адамның сезімін оятып, іс-әрекетінің себеп – салдарын анықтайды, соған байланысты әрекетті реттейді, оның іске асуына ықпал етеді. Сондықтан құндылық адам мен оның қажеттілігінің қоршаған орта мен арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Сонымен, құндылық бағдар дегеніміз бір жағынан алғанда, жеке тұлғаның нақты іс-әрекетке деген көзқарасы мен қарым-қатынасының білінуі, екінші жағынан белгіленген мақсаттар жүйесі. Ол – жоғары деңгейде объектілерді, хал-жағдайды, қажеттілікті, мақсаты таңдауды түсіндіреді,

  • қоғам мен адамдарға жақсылық пен жамандықты, ақиқат пен адасуды, әсемдік пен сүйкімсіздікті, әділеттілік пен әділетсіздікті, рұқсаттылықты, тыйымсалушылықты, мәнді мен мәнсіздікті ажыратуға көмектеседі.

Жеке тұлғамен ұлттық мәдениетті қалыптастырудағы құндылық бағдардың әлеуметтік – адамгершіліктік аспектісі прогресшіл қазақ ағартушыары Ж.Аймауытов, Ы.Алтынсарин, Ш.Әлжанов, А.Байтұрсынов, Ш.Уалханов, М.Жұмабаев және А.Құнанбаевтардың еңбектерінен маызды орын алған.
Құндылықтардың әлеуметтік – адамгершііктік маңызы туралы ой – пікірдің дамуы Қ.Б.Бержанов, Қ.Б.Жарықбаев, Н.И.Ильминский, Қ.Қ.Құнантаева, О.И.Обдов, А.И.Сембаев, А.П.Сейтешов, Т.Т.Тәжібаев, Г.А.Уманов, С.А.Ұзақбаева және К.М.Храпченковтардың тарихи-педагогкалық ой – пікірлерімен тығыз байланысты.
Еліміздің тәуелсіздік аясындағы алғашқы бет алыстары, тың жаңарулар мен өзгерістерге толы серпінді дамуы басталған қазіргі шақта ой-сана қозғалысының саяси әлеуметтік, экономикалық өмірге тигізетін әсері зор.
Ел басшысы, Н.Назарбаевтың «Қазақстан болашағы — қоғамның идеялық бірлігінде деген еңбегінде: «Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы - адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр» - деп атап көрсетілген.
Қоғамымыздың өскелең мәдениеті, егемен елдің экономикалық және әлеуметтік прогресі жағдайында мектептің маңызы зор.
Қазіргі кезде біздің қоғамымыздың басты міндеттерінің бірі - ғылыми-техникалық прогресті, нарықтық экономика процесін жеделтетуді соның негізінде елімізде әлеуметтік-экономикалық өзгерісті түбегейлі жүзеге асыру. Бұл мәселені ойдағыдай шешуде басты сала - ол оқу барысында оқушылардың құндылық бағдарын дұрыс қалыптастыру болып табылады. Ол үшін болашақ ұстаздарға тек арнаулы пәндерді ғана оқытып қоймай, кәсіби бағдары мен құндылық бағдары қалыптасқан маман етіп даярлауды талап етеді. Бұл мәселені ойдағыдай шешуде басты сала оқу барысында болашақ ұстаздарды құндылық бағдарын қалыптастыруға даярлау болып табылады.
Әр адамның мінез-құлқының негізгі сипаттарының бірі— оның бағдары. Әр адамның өмірдегі бағдарының әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан дамуының оның оқып, білім алуы, мен тәрбиеленуі үшін маңызы зор екеніне ешкім күмән келтірмейді. Алайда, әр адамның бағдары деген ұғымның өте күрделі категория екенінде айту керек.
Адамның іс-әрекеті әр нәрсеге итермелейтін, ішкі ойын іске асыратын қозғалысқа келтіретін дұрыс шешуін күттіретін мәселе. Оны дұрыс шешкен жағдайда ғана адамның құндылық бағдары ұғымының мәнін түсінуге болады. Бұл мәселе бойынша қоғамда әр түрлі көзқарас бар.
Ғалымдардың бір тобы (Божович Л.И., Неймарк М.М., Ильин В.В. және басқалар) адамның бағдары оның тұтынушылық қасиетіне байланысты десе, екінші бір тобы (Щукина Г.И., Ядов В.А., Кон И.С.) тұтынушылық, қызығушылық,
мақсат қою өмірдегі іс-әрекеттермен бірігіп қалыптасады дейді.
Адамның құндылықтарды сезінуі - қоғамдық болмыстың айнасы болып табылатын қоғамдық сананың қалыптасуы үшін аса қажет. Құндылық бағдарды сезіну: құндылықтарға өз бетінше жасырын түрде ұмтылу, жеке идея, бір жүйеге келтірілген, ой санадан өткізілген құндылық қана адамның сол құндылықты меңгеруге деген қоздырғыш күші тудырады.
Алайда, құндылық бағдар, оның маңыздылығы, жеке тұлғаны құндылықтарға бейімдеу, құндылық бағдардың қалыптасуына әсер етуші фактор, олардың сипаттары туралы, әсіресе, біздің Қазақстандық педагогика, психология ғылымдарында жетік көңіл бөлінбеген. Тағы бір айта кететін жайт, құндылық бағдардың мәні мен құрылымы туралы нақты 
көзқарас жоқ. Жеке адамның өмірдегі орны оның іс-әрекеттері, сол әрекеттің адамның жасына, қоршаған ортасына қарай өзгеріске ұшырау себептері, оқу тәрбие жұмыстарын құндылықтарға негіздеп жүргізу, яғни оқушы жастарды құндылықтарға бейімдеу қоғамда өз орнын табу, экономикалық тұрғыдан еркін ойлау қабілетін қалыптастыру ісі жете зерттелмеген.
Дегенменде, құндылық бағдар, құндылық бағдарды қалыптастыру проблемасын егжей-тегжей зерттеген жұмыстар қатарына Г.Қ. Нұрғалиеваның ғылыми жұмысы жатады. Бұл жұмыста құндылық бағдардың мазмұны, маңыздылығы зерттеліп, оған ғылыми- техникалық прогрестің, қоғамның әлеуметтік жағдайының, ортаның және тағы басқа жағдайлардың әсері қарастырылады. Қазіргі кезде өнеркәсіпке қажетті білікті маман кадрлар даярлау ісіндегі ұстаздарды оқушылардың құндылық бағдарын қалыптастыруға даярлаудың маңызы зор екенін көрсете келіп, «оқушылардың құндылық бағдарын көре білу - мұғалімнің маңызды кәсіби сапасы» деп атап көрсетеді. Бірақ, автор мұнымен шектелмей оқушылардың құндылық бағдары интегралдық жеке тұлғалық қалыптасу, ал құндылық бағдар дамудың танымдық іс-әрекет және мотивация салаларының бірлігімен өзара үйлесімділігін сипаттайды деп, осыған байланысты өзінің моделін ұсынады. Автордың моделі оқушылардың құндылық бағдарын көре білудің негізгі өлшемдерін, құндылық бағдар процесінің кешенділігін, үздіксіздігін, жүйелілігін, интегралдық жеке тұлғалық қалыптасудың үлгісін көрсете отырып, кешенді түрде зерттеу жұмысын жүргізудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу, тәрбие процесін басқарудың ережесі мен шарты болып табылады.
Модельде оқушылардың құндылық бағдарын қалыптастырудың мынадай өлшемдері анықталады:
I. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының маңызын көре білу.
ІІ.Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің маңыздылығын көре білу.
ІП.Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің педагогикалық диагностикасын көре білу.
IV. Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің ғылыми-әдістемесін көре білу.
Осы сараланған басты өлшемдердің жекеленген көрсеткіштері де қоса белгіленеді:
І.Жеке тұлғаның құндылық бағдарын «көре білуді» қалыптастыру.
2.Жеке тұлғаның құндылық бағдарының жекелеген компоненттгерін «көре білу».
3. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының механизмдерін «көре білу».
4.Жеке тұлғаыың құндылық бағдарының заңдылығын «көре білу».
5.Жеке тұлғаның құндылық бағдарының қайшылығын «көре білу».
Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің маңыздылығын «көре білудің» басты көрсеткіштері:
1. Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің маңызын «көре білу».
2.Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің механизмдерін «көре білу».
З.Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің компоненттерін «көре білу».

  1. Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің 
    кайшылықтары мен заңдылықтарын «көре білу».

  2. Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің 
    компоненттерінің өзара байланысын «көре білу».

Бұл модель мазмұндылық сипатымен бірге, психологиялық сипаты жағынан да толықтырыла түседі. Бұнда автор жеке адам дамуының теориялық негіздеріне сүйене отырып дамудың негізгі үш саласын /танымдық, іс-әрекет, мотивация/ белгілейді.
Танымдық саланың мазмұны төмендегідей білімдермен анықталады:
жеке тұлғаның құндылық бағдарының маңызы; жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің маңызы; жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностиканың маңызы және құндылық бағдар процесінің ғылыми әдістемелік жүйесі жайлы білім негіздерін саналы түрде меңгеру.
Жеке тұлғаның құндылық бағдарының танымдық саласы жеке тұлғаның қоғамдық болмыстың, еңбек пен мәдениеттің құндылықтары туралы білімдерді саналы түрде ұғынып, меңгерумен анықталады. Ал бұл процесс адамның санасына, зейініне, сонымен бірге қоғамдық болмыс, еңбек және мәдениет құндылықтары туралы білімдерді саналы меңгеруіне тікелей байланысты. Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің іс-әрекет саласы жеке тұлғаның құндылық бағдары, жеке тұлғаның құндылық бағдар процесі, жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасы және жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің ғылыми-әдістемелік жүйесін қалыптастыруға қажетті іскерлік пен дағдылардың студенттердің бойынан көрініс табуымен анықталады.
Жеке тұлға дамуының мотивация саласы жеке тұлғаның құндылық бағдары, жеке тұлғаның құндылық бағдар процесі, жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасы және жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің ғылыми әдістемелік жүйесін меңгеруге, қалыптастыруға деген ынта-ықылас пен қызығушылықтың пайда болуымен анықталады.
Адам психикасының айырықша ерекшелігі адамда сананың болуымен тікелей байланысты. Сана адамға тән нәрсе. Сана деп еңбек арқылы пайда болып, адамның жаратылысқа және басқа адамдарға мақсатты түрде қалыптасуында орын алатын психикалық әрекетті айтады. Адамда сана болу үшін ол өзін айналасындағы дүниеден ажырата біліп, сол дүниеге және өзінен басқа адамдарға қарым-қатынасын анықтап, өзінің кім екенін саналы түрде ажырата білуі керек. Сана әлеуметтік тұрмыстың, тарихи қоғам дамуының жемісі.
Адам белгілі нақты коғамдық жағдайларда өмір сүріп, тіршілік ететіндіктен, оның санасы қоғам тұрмысының ықпалында болып, сол тұрмысты сәулелендіріп отырады. Қоғамдық тәжірибенің өзгеруімен бірге адамның санасы да өзгеріп отырады. Сананы меңгеруші және оның иесі жеке адам, жеке тұлға.
Оқу жұмысы мен белгілі бір білімдер жүйесін меңгеруде сана мен зейіннің маңызы өте зор.
Оқушылар әрекетінің басты, жетекші түрі - оқудағы еңбек. Мұның өзі көп уақытты алып, зор ақыл-оймен ерік-жігерді талап етеді.
Оқу еңбегі негізінен, интеллектуалды еңбек, оқу қызметі қажетті рухани және моральдық қасиеттерді, мінез-құлықтың әдеттері мен дағдыларын қалыптастыруға елеулі әсер етеді. Оқу арқылы оқушыларға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинақтаған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді.. Сонымен бірге жеткіншек білім жүйелерін меңгереді, сейтіп, өзін практикалық іс-әрекетке дайындайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді, оларды жан-жақты біле түсуге мүмкіндік алады. Білімді меңгеру ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс.
Таным процесі туралы теориялық түсініктемені таным теориясы береді, онда бейнелеу теориясының алатын орны ерекше. Бұл теорияға лайық объективті дүниені тану процесі адамның сана сезіміндегі, шындық құбылыстардың бейнесінің ерекше процесі болып табылады.
Ғылым мен техниканың өсуіне қарай адам дамуының жетілуіне қажетті жаңа таным құралдары жасалуда, адамның әлі де танылмаған заттармен құбылыстар дүниесін меңгеруін жеңілдететін зерттеудің барынша жетілген әдістері жасалуда.
Оқудың ғылыми танымдық формасының бейнесі, оның үстіне ол ғылыми таныммен тығыз байланыста болып табылады.
Оқу процесі Бұл педагогтік күрделі құбылыс, оның көптеген айырмашылықтары мен ерекше белгілері бар.
Таным қызметінің мотивтеріндегі айырмашылық ғылыми және оқушы танымдарының салыстырмалылығына барынша елеулі ықпал жасайды. Бұрыннан белгілі болғандай, ғылыми танымның міндеттері өмірден алынады, қоғам дамуының талаптарынан туындайды. Мектеп оқушылары танымының мотивтері серпінді болуға тиіс. Білім шәкірттік таньтмға айналу үшін оқушының оқуға, білім алуға деген қүштарлығы болуы керек.
Оқу, білім алу адам жеке басының танымдық Қызметінің ерекше түрі. Оқи жүріп, білім негіздерін меңгере отырып, олар өздерін қоршаған дүниені таниды.
Кез- келген білімдерді меңгеру оқушыларға зор талап қояды. Өйтксні, ұғыну өте күрделі процесс. Ол бірнеше кезеңдерден тұрады, бірінші кезеңінде нені оқыту керек, қалай оқьш, қалай меңгеруі керектігі жайлы мағлұмат алады. Бұдан кейін қабылданған білімнің тәжірибеде орындап, оның келесі кезеңін тұжырымдап, ұғынған нәрсені ойда ұстап тұру, яғни есте сақтау қабілетін қалыптастыру, соңғы кезең білімнің негізін сипаттайтын немесе негізгі болып саналатын зат, я болмаса құбылыс туралы белгілі ұғымды қалыптастырумен сипатталады.
Болашақ ұстаздарды жеке тұлғаның құндылық бағдар жүйесінің танымдық саласын қалыптастыруда танымдық іс-әрекеттің маңызы өте зор.
Ғалымдар оқу белсенділігі туралы мәселеге назар аударып, көптеген ғалымдар өздерінің зерттеу жұмыстарын осы проблемаға арнады, және де бұл мәселе төңірегінде әр түрлі көзқарас бар. Ғалымдардың бір тобы (А.В. Дарвинский, А.К. Грощева, Б.П. Есипов) оқушылардың танымдық белсенділігін 
арттырудың негізгі құралы, олардың өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуі деп санайды. Жаңа нарықтық қатынастардың өмірге келуіне байланысты 
оқушылардың танымдық әрекеттерін әлеуметтік маңызы бар өзекті мәселелердің қатарына жатқызамыз. Себебі, қазіргі кезде қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістер жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қалыптасуы біздің қоғамның әрбір мүшесі үшін маңызы бар құбылыс болып табылады.
Мектептің міндеті - оқушыларға құндылықтар жүйесін қалыптастыру процесі кезінде танымдық іскерліктің өз алдына, оқушының талабына сай қалыптастырып, оларға мектеп қабырғасында ғылыми танымның әдістемелері туралы мағлұмат алуларына жағдай жасап, осы бағытта оқу-тәрбие процестерін ұйымдастыру.
Егер оқушылар жеке тұлғаның құндылық бағдарының мәнін, маңыздылығын ұғынса, білсе, жеке тұлғанын құндылық бағдар процесінің ерекшеліктері мен заңдылықтарын, компоненттерінің маңыздылығын, механизмдері туралы, жеке тұлғаның құндылық бағдарын меңгеруге қажетті іс-әрекеттердің маңыздылығын түсініп, соны меңгеруге қажетті білім негіздерін игерсе, онда танымдық іс-әрекеттің тиімділігінің артқаны. Бұл оқушыларға өздерінің болашағы туралы, болашақ мамандығы туралы бастапқы мағлұматгар алып, өз мүмкіндігін пайдалана білу, білімнің пайдасы мен маңызын саналы түрде ұғынып, түсінуіне көмектеседі.
Білімді меңгерудің басты көрсеткіштері оқушылардың алған білімдерін жалаң түрде қайтадан қайталап айтып іс- берулерімен анықталмайды, сол алған мазмұнына орай өз пікірлерін ортаға салып, ойларын ашық білдіруі, жалпы өзінің көзқарасын анық батыл түрде білдіріп, өз бағасын беруі болып табылады.
Жеке тұлғаның құндылық бағдарының танымдық саласы тек құндылықтар туралы түсініктердің жиынтығымен ғана емес, сонымен бірге белгілі бір объектіні немесе құбылысты құндылық ретінде ұғынуымен де анықталады. Бұл құндылықтар арқылы солардың негізінде жеке тұлға өзін адамгершілік, өнегелі сапаларды «таратушы» санайды.
Құндылықтар теориясында жалпы адамзаттың, моральдық интероризация процесінің мәнін жете ұғыну, өте маңызды орын алады.
Көрнекті кеңес психологы ғалымы А.Н. Леонтьев: "Менің өмірімдегі мен нені меңгере алмадым, соны ұғына алдым ба, жоқ па, егер ұғынсам, меңгерсем, қаншалықты қандай дәрежеде ұғындым, оның мен үшін, менің жеке тұлғам үшін маңыздылығы қандай..." деп, психология ғылымында "мән" және "маңыз" деген ұғымдардың түсініктемелерін зерттеген.
Білімді меңгеру процесінде бағалау мен бағаның алатын орны ерекше. Себебі баға объективті қасиеттерді танып білулердің негізінде беріледі және бағалау өз алдына таным болып табылады.
Мектеп іс-тәжірибесінде білімді формальды түрде, яғни білімді немқұрайлы меңгеру жиі кездеседі. Оқушы ғылыми фактіні біле тұра, оны саналы түрде түсініп, ұғынбайды, ғылым оқушы үшін, бұл жағдайда жеке тұлғалық мәнге ие болмайды, жай құбылыс ретінде қалып қояды. Білім мен оны саналы түрде сезінудің арасындағы мұндай алшақтық білімнің маңыздылығын, яғни құнын түсіреді, білімнің маңыздылығы абстрактілі күйде болуының салдарынан пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет