Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру заман талабы



бет3/3
Дата06.04.2023
өлшемі27.7 Kb.
#471863
1   2   3
СҒЗЖ Ордабек

Үшінші тетігі – балаларды оқыту мен тәрбиелеуге ата-аналардың белсенді қатысуы. Ата-ананың борышы бала бойына жас кезінен адами құндылықтарын дарытып, саналы өмір сүруге баулу. Ата-ана баласының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мұғалімдерімен тығыз байланыс жасау керек. Бұл үшін жаңа әдістеме әзірленіп жатыр.
Төртінші тетік – қосымша білім беру жүйесін дамыту. Ұлттық жоспарда оқушылар сарайы, музыка мектептері, жас техниктер мен натуралистер станциялары жұмыстарын түбегейлі өзгерту қа­растырылған. Еліміз тарихында алғаш рет аталған ұйымдардың материалдық-техникалық базасы жаңартылатын болады. Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдермен қаруланған біршама ұстаздар қауымы өз мамандығына деген сүйіспеншілігі арта түсіп, жаңа нәтижелерге жетуде, шәкірттерінің жаңа белестерді меңгеруіне жол ашуда. Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Біздің еліміздің негізгі тірегі – зияткерлік ұлт мүмкіндігі. Сондықтан да біздің балаларымыздың сапалы білім алуы маңызды. Оқушылардың мектепте алған білімін қоғамдық — әлеуметтік ортада пайдалануға икемдеу, олардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы еліміздегі білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне басымдық берілуі тиіс. Мұндай жаңа міндеттерді мұғалімнің кәсіби санасының өзгеруінсіз, кәсіби құзіреттілігінің өсуінсіз ескі психологиямен, ескі әдістермен, ескі біліктілік арттыру жүйесімен шешу мүмкін емес. Олай болса қоғам – жаңалыққа жаны құмар, жаңаша ойлайтын, өзгермелі өмірге икемделіп қана қоймай, оны жағымды жаққа өзгертуге белсенді қатысатын ұстаздарға мұқтаж.
Сапалы білім беру мақсатында тиімді әдіс-тәсілдерді ізденіспен пайдалану- ұстаз алдына қойылып отырған уақыт талабы. Ю.К.Бабанский: “ Сапаны арттыру- нақты жағдайдағы кез келген шешімнің ең тиімді нұсқасын таңдау”- деп атаған болатын. Сондықтын өз мамандығыма қатысты айтатын болсам “Мектептегі информатикалық сауаттылықтың негізгі міндеті- ақпаратты түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процестерін меңгеру, оқу барысында кейіннен қызмет ету саласында да өзін-өзі көрсету, дамыту құралы ретінде компьютерлік технологияларды тиімді пайдалану тәсілдерін үйрету болып табылады.
Қортындылай келе, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді; іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет