Оқушылардың сауаттылығын арттыру жолдары


Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары



бет2/4
Дата05.06.2023
өлшемі62.38 Kb.
#474692
түріСабақ
1   2   3   4
Оқушылардың сауаттылығын арттыру

Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары
2015-2016 оқу жылы
Мақсаты: Пән бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту. Оқушының жекелеме тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын ояту. Сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.



р/с

Жүргізілетін жұмыстар

Тапсырмалар

Орындалатын тапсырмалар

1

Жаңа сабақты меңгерту

Көшіріп жазу

«Керекті сөзді тауып айт»

2

Мәтінмен жұмыс түрі

Суреттер таратылады, соған байланысты сөздер жазу керек.

«Қатеңді тап»

3

Шағын шығармалар оқу

Жаттығу жұмыстарын орындау

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз;

4

Оқушының сөздік қорын дамыту

Жазу калиграфиясын түзету мақсатындағы жұмыс

Көркем жазу, анықтама, мәтінді меңгеру, талдау

5

Оқушының есте сақтау қабілетін дамыту

Сөздерді жаттау, ойдан отбасына байланысты эссе жазу

Мәтінді оқу

6

Сөйлеу қабілетін дамыту

Берілген ережелерді жаттау

Өтілген тақырып бойынша жаттау

7

Тестпен жұмыс жасауға жаттықтыру

Тест




8

Шығармашылық жұмыстарға баулу

Өзіндік жұмыстар

Мәнжазба жазу

9

Тірек сызбалар арқылы ауызша мәтін құрау;

Кеспе қағаздармен жұмыс

Жазу , сауаттылығын

10

Лексикалық тапсырма

Сөздіктермен жұмыс

Сөйлемдер құрау

11

Ауызша сұрақтар қою

Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою






Жоспарланған шаралар. Олардың iске асыруының мерзiмдерi.



Үлгерімі төмен оқушылармен
Жүргізілетін жұмыстар

 Берілетін тапсырмалар және өз бетінше орындауға берілетін жұмыс

 Мерзімі 

1

 Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту

1.«Керекті сөзді тауып айт» ойыны
2.«Бұлар кiмдер?» ойыны
3.Сөзжұмбақты шешіп көр !
5.Артық сөзді тап
6.Сөйлемді аяқта
7.Бұл қай кезде болады ?

 қыркүйек
қазан

2

Үй тапсырмасын орындауға бейімдеу

1. Үйге берілген мәтінді оқып келуді, сызба арқылы мазмұнын айтуды қадағалау.
2.Мәтінді көшіріп жазып келу.
3.Сөздерді буынға бөлгізу, буын түрлерін ажырату.

 қараша
желтоқсан

3

Оқушының есте сақтау қабілетін дамыту

1.Сөзжұмбақ шешуді үйрету.
2.Тестпен жұмыс жасауға жаттықтыру
3.»Сандарды сөйлет» ойыны
4. Сызба бойынша бір тақырыпқа сөйлету

 қаңтар
ақпан

4

Әр оқушының сауаттылығын арттыру

1.«Қатеңді тап» ойыны
2.Заттардың атауын көпше түрінде жаз
3.Қазақ тіліне тән дыбыстарына сөздік диктант жаздыру
5.Берілген сөздерден сөйлем құрастыру

 наурыз

5

Сөйлеу қабілетін дамыту

1.Үй тапсырмасын сұрау
2. Ауызша сұрақтар қою
3.Рольдеп диалогті оқу
4.Бір тақырыпқа сөз тіркестерін құрастыру
5.Тіл туралы, Отан туралы, еңбек туралы 
мақалдарды жаттау
6. Жаңылтпаштарды жаттату

сәуір
мамыр



Сабақ кестесі :



Жұмыс түрлері

Мерзімі

жауапты

Диктант ( көшіріп жазу )

Апта сайын

мұғалім

Жазу калиграфиясын түзету мақсатындағы жұмыс

Күн сайын

мұғалім

Шағын шығармалар оқу

Күн сайын

мұғалім

Суретпен жұмыс

Апта сайын

психолог

Тест тапсырмалары ( қабілетіне қарай )

Тоқсанға бір рет

мұғалім

Оқу шапшаңдығын қадағалау

Күн сайын

мұғалім

Ата – анамен жұмыс ( әңгіме )

әр айда 1 рет

мұғалім

Тіл дамыту

тоқсан сайын

дефектолог



І. Жаңа оқыту әдіс-тәсілдері арқылы қазақ тілін меңгерту жолында оқушылардың сауаттылығын арттыру .
«Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» деп елбасымыз атап айтқандай,оқушылардың талантын ашу – менің күн тәртібімдегі өзекті мәселелардің бірі.
Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін сабағымда белсенді оқыту,диалогтік оқыту,сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы сатылай кешенді талдау,мән беріп оқыту технологиясын қолданып келемін.
Белсенді оқытуда қысқа әңгіме,ойын түрлері,сөздік ойыны т.б. атауға болады.Өзім беретін 2,4-сыныптарда мән беріп оқыту технологиясы бойынша оқушылардың оқу,тыңдау,айту,жазу дағдыларын дамытудамын.Көбінесе топтық жұмыс жасап,достық қарым-қатынасты нығайта отырып,ұлттық бірліктің жарасымына жол ашамын.
Сонымен бірге оқушылардың теориялық білімдерін дамыту мақсатында Н.Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясының тиімді жақтарын айтқым келеді.
1. Оқушыларға теориялық білім береді.
2. Тілін дамытады.
3. Ұлттық құндылықтарды бағалай білуге, құрметтеуге үйретеді.
4. Ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастырады.
5. Оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.

Қазақ тілі сабағында оқушылардың сауаттылығын арттыру жолдары

1. Дыбыстарды тіркестіріп сөз жасаңдар;


2. Түсіп қалған буынды табу;
3. Тиісті сөздерді тауып , сөйлемді аяқтау ;
4. «Бес жолды өлең»
5. Берілген сөздерден сөз құрастыру ;
6. Сөздердің мағынасын табу;
7. Сөздерді сәйкестендіру ;
8. Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жазу;
9. Сөйлемдерден мәтін құрастыру;
10.Берілген мақалдардың сыңарын табу ;
11Өлеңге ұйқастар тауып , өлеңді жалғастыру ;
12. Өлең шығаруға баулу ;

Үлгерімі төмен оқушылармен әр түрлі жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Сабақтарда жаттығулардың түрлерін пайдалану арқылы оқушылардың білім деңгейлерін арттыруға болады.


Сөйлемдерді дұрыс құраңдар.
1. күн, ұзарады, күзде, қысқарады,түн.
2. жеміс, піседі, бақта, бақшада, көкөніс.
3. егін, күздігүні, жинайды, диқаншылар.
4. қараңғы, түседі, күзде, ерте.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет