І топ «Мақалды жалғастыр»
Бірлігі жоқ ел тозады ,
******************** (Бірлігі күшті ел озады )
Ақыл көпке жеткізер,
******************** (Білім көкке жеткізер )
« Сәйкестендір»
Еріншектің аяғы құтқарады
Қоянды бір тоғыз
Білгенің от басынан
Білмегенің ертеңі бітпейді
Өнеге тоқсан тоғыз
ІІ топ «Өлеңді жалғастыр»
Шашырап алтын шапағы,
Тамылжып таңдар ...(атады )
Асығып
барлық адамдар
Жұмысқа ...( бара жатады )
« Сөйлемдерден мәтін құрастыр »
*Бір балапан ұядан түсіп қалды .( 3 )
*Қарлығаштар риза болды . ( 5 )
*Біздің үйде үш жылдан бері
қос қарлығаш ұя салады.( 1)
*Ағам оны ұясына салды.( 4 )
*Олар жылда ұяларынан балапан ұшырады .( 2 )
«Мағынасын тап »
Есінен шығып кетті - ұмыту
Бармағын тістеу – өкіну
Қабағын қарс жабу – ашулану
Ит өлген жер – алыс
Бірауызды болу – тату
Етек жаю – көбею
9. Түрлі ұйқастар арқылы сөз мағынасына түсінік жүргізу, өздеріне мысал келтіртіп, дәлелдету.
Арқамнан
түс,
Түскі тамақ іш.
Бар-жоғыңды
сана,
Болса сенде
сана.
Төгіп кел де
күл,
Күлем десең
күл.
Қорыта айтқанда, оқытуда жаңа технологияларды қолданудың ұстаздар және оқушылар үшін маңызы өте зор.
Сөзжұмбақ « Қарлығаш »
1.Үй құсы
2. Құстың баласы
3.
Туымыздағы құс
4. Ең кішкентай құс
5. Сөйлей алатын құс
6. Ең ұзақ жасайтын құс
7. Сұлулық символы
8. Теңіз құсы
Бала тәрбиесінде жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал мәтелдер олардың дүниетанымын, түсінігін, болжағыштығын,
ұғымын кеңейтумен қатар, тілін ұстартып ойын жүйелеуге, кеңейтуге әсері мол. Мақал –мәтелдер- ой дәні, сөз мәйегі. Балалардың ақыл-есін молайтып, ой-өрісін кеңейтеді, адамгершілікке, адалдыққа, ерлікке, еңбекке, өнер-білімге тәрбиелейді.Жаңылтпаш баланың тілін ұштап, асықпай еркін сөйлеуіне көмектессе, жұмбақ –тез ойлауға , шапшаң жауап беруге үйретеді.Сондықтан мен сабақтарымда балалардың тілін дамыту үшін,
осы жаңылтпаш , мақал-мәтелдер, жұмбақтарды кеңінен пайдаланамын.
Мысалы:
Жұмбақтар
1. Өзінше ноян,
Қорқақ кім... (қоян)
2. Алмастан тыным,
Шабады ... (құлын)
3. Бата алмас түлкі,
Үсті тікен ... (кірпі)
4. Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы ... (арыстан)
*Өздерің де осы үлгіде ойын құрастырып келіңдер.
Лексикалық ойын.
Көп нүктенің орнына сан есімді қойсаң мақал толық шығады.
Білімді............... жығады, білекті............... жығады.
............ауыз сөздің тобықтай түйіні.
Мақал-мәтел жаттайық. Мағынасын түсіндір.
Әдептілік, ар -ұят - адамдықтың белгісі.
Мақал- мәтелдің соңын тап.
1. Қыз өссе елдің көркі , ……………................................
2.Досы жоқпен сырлас, досы көппен ……………………......
3. Туған жердей жер болмас, .......................................................
4. Әдепті бала арлы бала .......................................................
Кері мақалды, нақыл сөзді кім түзейді?
1. Әкесінің
баласы адамның дұшпаны емес,
Адамның баласы бауырың емес.
2. Егер ісім өнсін десең, ретін тап па.
3. Мимен асқан қардан, бақпен асқан патша артық.
4. Қайғысызға жақ бол, қайғылыға сақ бол.
5. Адам баласына адам баласының бәрі- қас.
Өтілетін тақырыпқа сәйкес орнымен қолданылған анаграммалар, өтірік өлеңдер, оқушылардың ойын тереңдетеді, тілін дамытады.
Үлгерімі нашар оқушылардың дамуы мен оқуын қадағалау мониторингі.
Жеткен нәтиже :
Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан , оқушылардың пәнге қызығушылығы артты .
Оқушылардың білім сапасы көтерілді .
Оқушылардың логикалық ойлауы , шығармашылық іс – әрекетке қабілеті артты .
Осы жұмысты өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата – аналар таныстырылып , оларға ақыл – кеңес берілді .
Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.
7. Өз ісіне деген сенім пайда болды.
8. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренді.
9. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренді.
10. Шығармашылық белсенділіктері артты.
Қорытынды
Заман талабына сай білім бере отырып, оқушы бойында танымдық қабілетін дамыту бүгінгі таңда ұстаз үшін үлкен жауапкершілік іс болып табылады. Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру», – деген тұжырымдамасында ашып көрсеткен.
Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттандыру талабы білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің
дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр. Бұл жердегі мұғалімнің міндеті: әр оқушының бойындағы бейімділікті дер кезінде көре біліп, оны дамыту.
Мен ұстаз ретінде әр оқушыны болашақ азамат ретінде бағалап, осы тұжырымдаманы өз қызметіме басшылыққа аламын. Қазіргі компьютерленген жаңа заманда әр оқушының заман талабына сай әлемдік дәрежеде білімді меңгеруі үшін қазақ тілі пәні бойынша шығармашылық қабілетін дамыту – ең басты міндетім.