2. Тиімді ұсыныстар (ТҰ). Тиімді ұсыныс бұйымның конструкциясының, өндірістің технология-сының және қолданатын техниканың өзгеруін қарастыратын немесе материал құрамының өзгеруін қарастыруға берілетін мекеме өндіріс немесе ұйым үшін жаңа және пайдалы болып табылатын техникалық шешімдер танылады.
Рациоңализация - көп аспектілі проблема, бәрінен бұрын экономикалық. Ескі (моральді және физикалық тозған) технологиялық процестерді жетілдіруге кабілетті тимді ұсыныс енгізілді. Рациоңализацияның әлеуметтік аспектісі жұмыстардың қоғамдық белсенді формасы. Өнертабыс сияқты, тиімді ұсыныс анықталған белгілерге жауап беруі тиіс: біріншіден, анықтамадан тиімді ұсыныста техникалық шешім болуы қажет: қондырғының конструкциясын, технологияның тәсілін, заттың құрамын көрсететін техникалық шешімдер. Тиімді ұсынысқа ұйымдастыру ұсыныстары, мәселен, тиімді жаттығу режимі, магазиннің жұмысының ыңғайлы графигі, автоматтың қозғалысының тиімді маршруты т.б. жатпайды. Технологиялық шешім бойынша тиімді ұсыныстың негізгі критерийі объектінің (конструкцияның, технологияның, материалдық) пайда және үнемділік тұрғысынан өзгерісінің бар болуы саналады.
Тиімді ұсыныс жаңалық белгілеріне жауап беруі қажет. Өнертабыс пен тиімді ұсыныстың мәнді ерекшеліктері бар. Мұнда (өнертабыс) жеке немесе сала бойынша жаңа ұсыныс болса, тиімді ұсыныстар нақты жетілдіруге бағытталады. Тиімді ұсыныс пайдалылық белгісіне беруі қажет. ТҰ арнайы бланкіге жазба өтініш формасында беріледі. Өтініште: ұсыныс, авторлар тізімі және олар туралы мәліметтер келтіріледі. «Ұсыныс сипаттамасы» өтініш бөлімінде: жетілдіру мақсаты, техникалық шешім мазмұны экономикалық немесе басқа оң эффектісі туралы мағлұматтар беріледі. Осыған қоса мынаны ескерген жөн. Мысалы, ұсыныс тиімсіз болған жағдайда да, оны мекеме басшысы ынталандыру марапатын бере алады, өйткені оны енді айналысудың қажеті жоқ деп есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |