«Оқушылардың техникалық шығармашылығы» пәні бойынша



бет8/46
Дата02.01.2022
өлшемі0.8 Mb.
#452663
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46
okush lard n tehnikal k sh garmash l g lektsiya

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ортаев Б.Т. Оқушылардың техникалық шығармашылығы: Оқу құралы.- Түркістан: Қ.А.Ясауи ат. ХҚТУ, 2008. - 150 б.

  2. Алексеев В.Е. Организация технического творчества учащихся. - М.:Высшая школа, 1984. - 46с.

  3. Техническое творчество учащихся. /Сост.П.Н.Андрианов. - М.:Просвещение, 1987. - 215 с.

Оқыту әдістері: ауызша баяндау, әңгімелесу.

Оқыту формасы: лекция

Оқыту құралдары: оқулық

Материалдық қамтамасыз етілуі: ОӘК

Бақылау түрі:ауызша сұрақ - жауап.
1. Техникалық шығармашылық деп, нәтижесінде адам бар техниканы немесе өндірістің технологиялық процесін (үрдісін) жетілдіретін немесе табиғатта, техникада кездеспеген оң тиімділік жасайтын жаңаны пайда етеиін техникалық есептерді шешу кезіндегі мақсатты еңбек іс-әрекетің түрін айтады.

Жұмыстың және инженер-техникалық жұмысшылардын техникалық шығармашылығы - пайдаланып жүрген техниканы, өндірістік технологияны (өнім өндірудің), барлық кезеңдері мен оны бақылаудың тәсілдерін және т.б.

Жетілдіруге бағытталғандарды - тиімді (ұтымды ұсыныстық іс-әрекеттер деп атайды. Әлем практикасында белгісі техниканың жаңа принциптерін түзудегі және қолдануға даярламаның дайындауға бағыттағанды - ойлап табушылық іс-әрекет дейді. Бұл техникалық шығармашылықтың ең жоғары кезеңі.

Мемлекеттерде өнертабысты және тиімді ұсыныс жасаушыларды, қорғаудың зандылықтары белгіленген. Олар - техникалық есептерді шешу жаңалығы, прогрессивтілігі, өнеркәсіпте қолдану мүмкіндігі жәнс т.с.с.

1973 жылғы ережеде және нормативті актілерде жаңа ұғымдар «жаңаашылымдар», «өнертабыс», «тиімді ұсыныстар». Жаңа ендірулер ғылыми-техникалық дамудың интенсивтілігім қамтамасыз етудегі талаптар мен сәйкестілікті жүзегс асыратын экспертизаның оң шешімімен орындалады.

Ғылыми-техникалық шығармашылықтағы басты роль фундаментальды зерттеулерге жататыны қашаннан мәлім болған. Олар перспективалық есептерді (міндеттерді) шешуге мүмкіндік беретін ғылыми әлеуетті (потенциалды) тудырды. Көптеген фундаментальды зерттеулердің қорытындылары ғылыми жаңаашылымдар болып табылады.

«Жаңаашылым» ((жаңалық ашу) - открытие) ұғымы кең тараған және құқықтық (заңды) мағынасы бар. Кең тараған мағынада ұғым ғылымда қандай да үлкен теориялық және практикалық мәні бар бір жаңа дегенмен теңестіріледі. Жаңаашылымдарға құқық әрбір Республиканың азаматтық заңдылықтарында бекітілген. Бұл ұғымға «Жаңаашылымдар өнертабыстар және тиімді ұсыныс жасаушылар туралы ережесі мазмұнында түсіндірме берілген. Бұрынғы ереже бойынша «жаңаашылымдар» деп ілгеріде белгісіз болған танымдық деңгейде түбірлі өзгерту енгізуші материалдық әлемнің объективті өмір сүруші заңдылықтарын, қасиеттері мен құбылыстары белгілеу танылады. Географиялық, археологиялық, палентологиялы ашылымдар, сондай-ақ пайдалы қазбалардың орнын табу шығармашылық табылған зат сипатына ие. Математикалық жаңаашылымдар және қоғамдық ғылымдар саласындағы ашылымдар заңдық тұрғыда ашылып табылмайды, олар тек объективті болмыстың процесін көрсетеді.

2. Сонымен берілген анықтамадан, «жаңаашылым» белгілі нормативті ұғымдарды қамтиды: 1) Ғылыми фактілерді анықтау. 2) Жаңалық. 3) Анықтық (дұрыстық).

Бұл белгілер түсіндірмелерді талап етеді. «Материалдық әлемнін өмір сүруші заңдылықтарын, қасиеттерін және құбылыстарын белгілеу жаңаашылымды көрсетеді, объективті болмыс жөніндегі жаңа білімдерді апаратын танымдық акт нәтижесі. Білімнің құрамына берілген объектінің (заңдылық, құбылыс, қасиет) өмір сүретіні, ғылыми түсіндірмесі кіреді. «Жаңаашылым» ұғымы анықтамасындағы ашылған білімді практикалық жүзеге асыру шектелмейді.

Жаңаашылымның жаңалықтық белгісіне КСРО кезінде әлемдік жаңалық талаптары қойылады. Ережеге сәйкес жаңаашылымды ойлап табу жаңаашылым сапасындағы өтініш жасалған заңдылықтың қалыптастырылуы алғаш белгілі болған мерзім бойынша, баспадағы (арнайы құжат болуы қажет) заңдылықтың жарық көрген мерзімі бойынша анықталады. «Анықтық» белгісі мағынасында жаңаашылымның өмір сүруі теориялық немссе экспериментальды дәлелденген болуы қажет. Жаңаашылымды практикада тіркеу көбінесе жаңаашылымның экспериментальды дәлелденгенінің артықшылығы бар приңципінен туындайды.

Жаңаашылымның құқықтық танылуы тек ғылыми экспертизадан кейін ғана жүзеге асырылады. Сараптаманы жүргізу үшін болжамды ашылымға өтінішті белгіленген қатаң тәртіп бойынша береді. «Өтініш» термині жинақы. Өтінішке: жаңаашылымға берілетін диплом туралы өтініш, болжамды ашылымның түсіндірмесі, жаңаашылымның ойлап табушылығын белгілейтін құжаттар, жаңаашылымның анықтығы және мәні туралы қорытынды, жаңаашылымды иллюстрациялаушы (графиктер, схемалар, сызбалар, суреттер, т.б.) материалдар қамтылады. Жаңаашылымдарға диплом беруге өтініш мемлекеттік өнертабыс комитетіне беріледі. Алдын ала ұйымдастырылған және ғылыми экспертизаға сәйкес өнертабыстық мемлекеттік комитет (Госкомизобретение) пен Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының дұрыс қорытындысына сәйкес жаңаашылым енгізіледі. Диплом авторға (авторларға) беріледі. Ешнәрсеге байланыссыз жаңаашылым авторы (авторлары) марапатталады. Марапаттау мөлшері жаңаашылым мәні есебімен белгіленеді.

3. Өнертабыс - бұл халық шаруашылығының, әлеуметтік - мәдени құрылыстың немесе қорғаныстың кез келген саласындағы оң тиімділік беретін міндеттерді (есептерді) техникалық шешудегі жаңа және мәнді ерекшеліктер. Анықтамалардан білетініміз, жаңаашылым материалдық «әлемдегі зандарды, құбылыстарды және қасиеттерді белгілесе, ал өнертабыс- бұл белгілі техникалық есептерді (міндеттерді) шешу көмегімен ілгеріде объективті болмағандарды (объектілерді, құбылыстарды, т.б.) жасау.

И.Кант жаңаашылым мен өнертабыс арасындағы ерекшелікті: Бірнәрсені ойлап табу - бұл тіптен жаңалық ашу емес. Ашылымға дейін өмір сүрушіні ашу болжанады, тек ол, мәселен: Америка Колумбаға дейін белгілі болмаған; ойлап табу, мәселен, оқ-дәрі (порох), шеберге де ешкімге белгілі болмағанды, оны ол жасады» - деп сипаттайды.

Жаңаашылым мен өнертабыс арасында диалектикалық өзінің байланыс өмір сүреді. Өнертабыс, жаңаашылымға тіректенеді, яғни дамыған ғылыми білімдер нәтижесінде алынады. Сонымен жаңаашыл көптеген өнертабыс мүмкіндігін өзінде қамтиды. Мысалы: Н.Г.Басовтың А.М. Прохоровтың, Ч.Таунсонның кванттық процестерді пайдалану негізделген электромагниттік толқындарды күшейту және генерация принциптері жаңаашылымы халық шаруашылығының барлық саласы практикалық көптеген - өнертабыс тудыру үшін мүмкіндіктер берді. Бұл ғылыми жаңаашылымдардың өнертабыс үшін белгілі мәні жөнінде негізгі мәлімет береді. Өнертабыс өз кезегінде ғылыми білімдердің дамуын үлкен ықпал етеді.

Өнертабыс объектілері: жаңа қондырғылар, жаңа тәсілдер, жаңа заттар, жаңа арналуы бойынша ілгеріде белгілі болған қондырғыларды тәсілдерді қолдану және жетілдіру болуы мүмкін.

Қондырғыларға: агрегаттар, машиналар, механизмдер, приборлар құрал-саймандар т.б. жатады. Тәсілдерге технологиялық процесте іздестіру, дайындау, өлшеу, сынау және бақылау, монтаж, құрастыр әдістері және т.б. қатысты.

Ауыл шаруашылық (егін шаруашылығы) саласындағы селекциялық жетістіктер, қорғау құқығы бойынша өнертабысқа теңестіріледі. Бұлар ауылшаруашылық мәдени дақылдардың жаңа сорттары мен гибридтер басқада өсімдіктер, ауыл шаруашылық малдары мен құстарының тұқымдары, мамық жүнді аңдардың жаңа түрлері, тұтты жібек құр. Бұларға мәселен, мал шаруашылығындағы олардың тұқымдарын негізіне будандастыру арқылы жолмен алу, т.б. жатады.

Өнертабыс әлемдік жаңалықты болуы қажет, яғни өтініш бергенге дейін шетелдерде және Қазақстан Рсспубликасында оған теңестірілген шешімдер болмауы тиіс. Өнертабысқа бір ғана қорғау құжаты беріледі. Бір ұқсас ұсынысқа бірнеше өтініш берілсе, онда бірінші өтініш беруші таңдау жасалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет