«Оқушылардың техникалық шығармашылығы» пәні бойынша



бет46/46
Дата02.01.2022
өлшемі0.8 Mb.
#452663
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
okush lard n tehnikal k sh garmash l g lektsiya

Оқыту формасы: лекция

Оқыту құралдары: оқулық

Материалдық қамтамасыз етілуі: ОӘК

Бақылау түрі:ауызша сұрақ - жауап.

Техникалық конструкциялау және моделдеу сабағында әртүрлі оқыту әдістері мен тәсілдері қолданылады. Сабақ күрделі және пдагогпен үйренушінің әрекеті ауқымды болса, онда оны өткізу әдістері мен тәсілдері де әртүрліше болады.

Процестер, принциптер және конструкциялау тәртібі туралы педагог мағлұматты түсіндіру, әңгіме, ауызша айту түрінде береді. Игеретін білімді сезімдік негізде жасау үшін демонсртация әдісі қолданылады. Конструкторлық біліктілік пен дағдыны қалыптастыруға практикалық жұмыс әдістері: нұсқау, тапсырмаларды шешуге жаттығулар, ұжымдық талқылау, манипулятивті (айлалы, әрекетті) әдіс, өзіндік жұмыс қорытынды шығару мүмкіндік туғызады. Әдістерді таңдау және оларды сабақта үйлесімді пайдалану үйренетін материал мазмұнына және сабақ мақсатына байланысты. Конструкциялауда оқыту әдістері ерекшеліктеріне тоқталайық. .

Техникалық есептерді ( тапсырмаларды ) шешуге арналған жаттығулар.

Оқушылардың техникалық мүмкіндігін дамытудың тимді құралы- есептерді шешу, белсенді ойлау қызметті мейлінше шығармашылық процестің тапсырмалар шарты болып табылады. Техникалық есептер мазмұны бойынша конструкторлық және технологиялық болып бөлінеді. Осыдан басқа оларды шешу тәсілдері жалпы принцптерді нақты жағдайларда қолдануға, жалпы ережеге қатысты бөлінген жеке жағдайға негізделеді. Берілгендердің өздері есептің шартын алгаритімде оларды шешу жолдарын көрсетеді. Шартты түрде шығармашылық деп аталатын тапсырмада физика немесе техника заңдарының білімі негізінде орындалатын белгілі талаптар тұжырымдамаларды , бірақ құбылыстарға немесе процестерге нұсқаулар( тікелей немесе жанама ) жоқ болады, оның үстіне заңдарды тапсырманы шешу кезінде пайдалану қажет .

Бұл тапсырмада ізделіп отырған нәтиже мен шешу тәсілдерінің өзара байланыс көбірек белгілі. Шығармашылық тапсырманың әдетте бірнеше шешу нұсқалары болыды және оның шекарасы анықталмаған кең ауқымды. Жиі пайдаланатын әдістер «мозговая атака» (« мишабулылы») , ойлап тадушылық тапсырмаларды шешу алгоритімі ( алгоритм решения изобретательских задач ( АРИЗ) – (ОТТАША) және т.б.

Конструкторлық тапсымалар іс- әрекетін жалпы мақсатына байланысты келесі үлгідегі кластарға бөледі.


  • модельдеуге арналған тапсырмалар – белгілі немесе сурет , сызба, схема, эскиз бойынша объектіні әзірлеу;

  • конструцияны аяқтауға арналған тапсырмалар – техникалық құрылғының жоқ буынын ( звеносын-бөлігін ) іздеу немесе соңына жеткізу;

  • жетелдіруге немесе қайта конструкциялауға арналған тапсыралар –техникалық құрылғылар жұмысының жекелеген көрсеткіштерін жақсарту үшін конструктивті өзгертулер енгізу ;

  • техникалық тапсырмалар енмесе өз ойы бойынша конструкторлық есептер.

Техникалық құрылғыларды конструкциялау процесіндегі әрбір кезеңде конструктор тапсырманы істің мәні бойынша шешеді. Мәселен, «эскиз жобасын дайындау» кезеңінде эскидің нобайын құру бойынша тапсырманы шешеді , құрылғының бөліктерін , оларды талдау бойынша тиімді нұсқаны таңдайды.

Конструкорлық процестерді игеру үшін және бүтіндей нәтижелі конструкциялау үшін бәрінен бұрын конструкторлық тапсырмаларды шешу керек. Педагог алдын-ала әрбір конструкциялау процестері үшін кезеңдерді дидактикалық талаптарды ескерумен таңдайды және түйеді. Тапсырмаларды шешуге оқушылардың шамасы келетін, жалпы және техникалық білім , практикалық біліктілк дәрежесіне сәйкес келуі қажет, сондай-ақ объективті игеретін және қасымша білім мен біліктілік қажеттілігі талап етіледі. Тапсырманың мазмұны полетехникалық сипатта болуы, техника мен ғылымның казіргі жағдайы, олардың даму тенденциясы бағытын, мектептегі еңбекке дайындау бағытын көрсету тиіс. Конструкторлық тапсырмалардың негізгі мақсаты техниканың белгілі бөліміне оқушылардың кызығушылығын қалыптастыру .

Оқушы өзіне белгілі таныс тапсырманы беруі қажет. Бұл жағдайда мұғалім оқкшыларға кез-келген мезетте көмек бере алады. Тапсырманы нәтижелі шешкен оқушыларды мадақтау үлкен мәнге ие.

Конструкторлық тапсырмаларды шешу бірнеше кезеңдерден тұрады. Оларды шешуде басты зейін оның мәніне және соңғы нәтижені анықтауға аударады.

Техникалық модельдеу мен конструкциялау сабағын оқу шеберханасында өткізуге болады. Дұрысы жақсы жабдықталған санитарлық гигиеналық, педагогикалық, еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру мен еңбек қауіпсіздік талаптарына жауап беретін қосымша бөлменің болуы. Жақсы жабдықталған материалдық-техникалық базада ұйымдастырылатын технология пәнінің және модельдеу мен конструкциялау іс-әрекетінің оқу процесінде ерекшелігі танымдық-практикалық бағытының айқындығында.

Сондықтан жабдықтар ғылыми,көрнекілік,оқушылардың шамасына лайық т.б. дидактика процестері бірінші кезекте жүзеге асырылатын болуы қажет.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет