«Оқушылардың техникалық шығармашылығы» пәні бойынша



бет44/46
Дата02.01.2022
өлшемі0.8 Mb.
#452663
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
okush lard n tehnikal k sh garmash l g lektsiya

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ортаев Б.Т. Оқушылардың техникалық шығармашылығы: Оқу құралы.- Түркістан: Қ.А.Ясауи ат. ХҚТУ, 2008. - 150 б.

  2. Алексеев В.Е. Организация технического творчества учащихся. - М.:Высшая школа, 1984. - 46с.

  3. Техническое творчество учащихся. /Сост.П.Н.Андрианов. - М.:Просвещение, 1987. - 215 с.

Оқыту әдістері: ауызша баяндау, әңгімелесу

Оқыту формасы: лекция

Оқыту құралдары: оқулық

Материалдық қамтамасыз етілуі: ОӘК

Бақылау түрі:ауызша сұрақ - жауап.

Бүгінгі таңда оқу, тәрбие ісі мен мектеп оқушыларын енбекке баулудың ең негізгі талаптарының бірі жеке бастың шығармашылық жағы мен белсенділігін қалыптастыру болып отыр. Балалардың техникаға әуестігі кішкене кездерінен оянатынын педагог-ғалымдар анықтаған. Біздің елімізде техниканың қалай дамып, өсіп отырғанын олар күн сайын көріп-біліп отыр. Сондықтан да ересектердің ашып жатқан жаңалықтары мен жетістіктеріне олардың да өз үлесін қосуға деген құштарлығы керемет. Оқушылардың құмарлығын пайдалана және қанағаттандыра отырып, жоғары сынып оқушыларын техникалық обьектілер жасауға үйрететін нақтылы сабақтарды ұйымдастыруға болады.

Мектеп оқушылары үшін құрастыру дегеніміз- өз ойын жұмыс істейтін моделге айналдыра отырып, жоспарлау және жобалау деген сөз. Жоғары сынып оқушылары әр түрлі әдіспен жоспарлауы мүмкін. Олар өз жоспарын сөзбен, суретпен, нобаймен, эскизбен және т.б. білдіре алады.

Мектеп оқушыларының және оның үстіне жоғары сынып оқушыларының құрастырушылық қызметінің кәсіби қызметтен өзіндік ерекшелігі бар, яғни балалар құрастыратын техникалық обьектілерге субьективтік жаңалық қана тән болады. Солай бола тұрса да, мұнда құрастырушылық кәсіптің толып жатқан элементтері бар. Мәселен, идеяны ойланып-толғану, ойша бейне жасау, құрастыру әдісін таңдап алуға ұмтылу, бөлшектерді жасаудың ретін белгілеу, қажетті құрал-сайманды әзірлеп алу және т.б.

Бұйымның мақсаты, оны пайдалану және жасау жағдайлары, өлшемі, пайдалануға қойылатын талаптар және т.б. көрсетілетін тапсырма бойынша конструкторлық құрастыру жұмысы жүргізілген кезде тапсырманы шешу жолдарын оқушылардың өздері таңдай алады. Бірақ оқушылардың бәрі бірдей конструкторлық міндетті түсіне, оның үстіне оны тұжырымдай алмайтынын есте ұстаған жөн: мұндайда оқушыларға қажет жерінде түсіндіріпжіберген жөн, ал өзі де түсініп, әрі қарай не істеу керектігін білетін сәтте араласудың қажеті болмайды.

Н.К.Крупская жетекшінің рөлі маңызды, бірақ оны байқатпай істеу керек деп есептеген. Балалар тумасынан зерттеуге , айналаны танып білуге бейім, міне осыған қажетті мәліметті дер кезінде абайлап қана беру керек. Кейде тіпті баланың ойы жетекшінің көкейінде тұрған жаймен дөп түсіп жатқанның өзінде оны мақтауға асықпаған жөн. Бала мұдайда өзінен талап етілген нәрсені неғұрлым шапшаң жасауға ұмтылып, жаңа нәрсені өзімше жасасам – ау деген құштарлығын тежеп алады.

Оқушы шығармашылық міндетті шешу жолдарын өз бойындағы дағды мен білімге сүйеніп іздестіруі тиіс. Оқушыларды нақтылы тапсырманы орындау үшін өз бойындағы қандай білім мен дағдының жетіспейтінін байқай білуге үйретудің маңызы зор. Оның үстіне сыныптан тыс техникалық сабақтарда олқы білім мен іскерліктердіқалай, қандай әдістемемен және әдістермен толықтыруға болатынын міндетті түрде ойластыру керек. Мұнда түсініктілік пен шамаға лайықтылық , көрнекілік,саналық сияқты негізгі дидактикалық принциптерді ескеру қажет. Оқушыларды конструкторлық – технологиялық әрекетке баулу дегеніміз – олардың байқай, ойлана, елестете білуге, қиялдауға, заттың пішінін, құрылысын алдын – ала жобалай білуге үйрету деген сөз. Балаларды ойға алған жобаның пайдасы мен мақсатын дәлелдеп шығуға үйрету керек. Балаларға өз ойын әр түрлі ойша, графикалық және практикалық нұсқада түрлендіре отырып, еркін жобалауға, жоспарлауға мүмкіндік беру керек. Жоғары сынып оқушыларын конструкторлық – технологиялық әрекетке даярлау – бұл балалардың ойлануға үнемі жаттығуына мүмкіндік туғызу, яғни балаларды мейлінше кең тараған еңбек құрал – жабдықтарымен,ең қарапайым конструкторлық – технологиялық іс –қағаздармен (техникалық сурет, сызба, сипаттама және т.б.) таныстыру.

Мұндай міндеттерді шешуде еңбекке дайындау процесінде конструкциялау элементтерін өндіру, практикалық тапсырмаларды шығармашылық ықпалмен орындау мүмкіндік туғызды. Қазіргі оқу бағдарламалардың түсінік хатында мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы, өнімді еңбегін ұйымдастыруда еңбек операцияларын орындауда техналогиялық талаптарды сақтауға мүмкіндік беретін, жұмыс барысында әр түрлі жабдықтарды қолдану және оларды дайындау қажеттілігі туралы кездейсоқ айтылмаған.

Техналогиялық талаптарға: бұйым өлшемінің,пішімінің дәлдігі және олардың өңдеу тазалығы жатады. Бұрынғы бағдарламалардан соңғы жарық көрген бағдарламалрдың

Ерекшелігі оқушылар бұйымды дайындамас бұрын заттың конструкциясымен немесе өңдеумен (дайындаумен) танысады. Сондай-ақ мектеп оқушылары суреттегі, көрінісіне ойларын қосуды үйренеді, жұмысты орындау үшін материалдардың сапасы мен қасиетін ескере отырып таңдайды. Мұндағы ерекшелік конструкцияны, техналогиялық процестерді жетілдіру, қажетті жабдықтарды дайындау.

Көп жылғы тәжірибиегі сүйене отырып, кейбір ғалымдар мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту негізіне олардың конструкцияны, техналогиялық -техналогиялық іс-әрекетінің жататыны айтылады (С.И.Поликанин). конструкторлық –техналогиялық қызмет келесі схема бойынша ұйыьдастырылады.

Конструктрлық тапсырмалар (есептер, міндеттер):

1.оқушылардың алдына концтрукторлық есептердің қойылуы.

2. конструкцияланатын бұйымға қойылатын талаптарды, ұжым болып дайындау.

3.заттың конструкциясын техникалық сурет немесе эскиз жолымен дайындау.

4.Бұйымның конструкциясын жекелеген жағдайларда көмекші материалдар: қағаз, картон, ермексаз ( пластилин) және басқа материалдардың көмегімен алдын-ала модел түзу арқылы іздеу.

5.Бұйымға қойылатын талаптарға сай келетін жекелеген оқулықтарда көрсетілген ең жақсы конструкция үлгісін ұжым болып талқылау.

6.Затты дайындауға қабылданған техникалық суретті,эскиздерді соңғы өңдеу.

Техналогиялық тапсырмалар:

1.Конструкцияланған бұйымды дайындаудағы операциялар тізбегін(материал, аспап,жабдықтау таңдауды) дайындау.

2.Алдын ала қабылданған технологиялық процеске кейбір өзгертулер енгізу.

3.Заттың конструкциясының кейбір өзгертулеріне байланысты техналогиялық процеске түзетулер енгізу.





Әмбебап

Мамандандыру дәрежесі бойынша

Арнаулы

бойынша


Механикаландыру және автоматтандыру дәрежесі бойынша

Станоктық

Арнайы

Мамандандырылған

Бекіту

Құрастыру


Бақылау



Қолды

Механикаландырылған

Жартылайавтомат

Автоматтандырылған

2-сурет. Қондырғыларды топтастыру

Түтік (құбыр) июге арналған қондырғы
Мектеп шеберханасы жағдайында техналогия пән сабағында және факльтативтік сабақтарда, техникалық үйірме жұмысында құбыр ию қажеттілігі жиі кездеседі.

Төмнде ұсынылып отырған екі роликті құбыр иетін қондырғы мектепте және оқу-өндірістік комбинаттарда дайындауға қол жетімді құрал болып табылады. Оның көмегімен диаметірі 25 мм-ге дейінгі болат түтіктерді; ал түсті металдарды қорытпаларынан диаметірі (D) 35 мм-ге дейінгі материалдарды қатаң түрде анықталған радиус бойынша сызық түсірмей, иілген бөлікті жалпайтып жібермей июге болады.

3-суретте дайындалатын қондырғы (бейімдеу құралы) өлшемдері үшін қажетті бөлшек сызбалары және жалпы түрі көрсетілген. Иілетін құбыр (түтік) диаметіріне байланысты D (диаметрі) және H (биіктігі) ерекшелікті сипаттайды.

Тұғырдан 1 басқа барлық бөлшектер болаттан дайындалады. Қапсырма (хомут) 8 конструкциясы сығымдаушы роликті 6 қажетті кезінде тездетіп өзгертуге мүмкіндік береді. Қондырғы жинақталған түрде стубцина көегімен верстакқа бекітіледі. Егер бекіту бұрыштамасын 10 шешетін болсақ, онда оны атауызда бекітуге болады.

Түтікшелер бір-бірінен тек диаметрі және материалымен ғана емес, сондай-ақ қабырға қалыңдығыменде ерекшеленеді. Осыған байланысты қыздырумен немесе түтікті толтыру (түтікті толтырған материал ретінде )

3-сурет. Екі роликті түтікті иетін қондырғы:

1-тұғыр; 2-тірек (швеллер); 3-болат; 4-бұрыштама; 5-сухарь; 6-сығымдау ролигі; 7-тұтқа; 8-қапсырма (хомут); 9-бағыттаушы ролик; бекітуші бұрыштама.

көбіне өзен құмы пайдаланылады) немесе толтырмастан ию тәсілін таңдау орындалады. Мәселен, газ немесе су өткізетін құбырлардың қабырға қалыңдығы 2,5-3 мм құрайды және оларды суық (қыздырмай) жағдайда толтырмастан иеді, ал әдетте материалы түсті металдар құбырларды қыздырады (алюминий мен дюралюминийді 350*-4000, жезді 600-7000 температурада), содан кейін құммен толтырады.

Қабырғалары жұқа құбырларды қыздырмастан, бірақ ішін толтырып июге нұсқау беріледі.

Біз саналы түрде ұсынылып отырған еңбек объектісінің нақтырақ конструктивтік сипаттамасын екі себеп бойынша қалдырып кетіп отырмыз:



  • дайын нұсқау алдағы тұрған жұмыстың шығармашылық мазмұнын төмендетеді;

  • ал аталған еңбек объектісіне қызығушылық ұмтылыс болған жағдайда алғашқы әдебиет көзін пайдалануға болады (для умелых рук: Приложения к журн. “юный техник”, 1978,№ 8)

Әмбебап ию құрылғысы

Кеңестік кезеңде білім беру жүйесінде бүгінгі күнге жарамды,оңды тәжірбиелердің болғанын жоққа шығаруға болмайды.Солардың бірі ретінде мектептегі және мектептен тыс мекемелердегі оқушылардың техникалық шығармашылық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың формалары мен тәсілдері.Техникалық шығармашылықіс-әрекетүшін еңбек обьектілерін мерзімдік орталық баспа материалдары арқылы кеңінен таратуы.

Солардың бірі ретінде Мурманскі №19 мектептің еңбек пәні мұғалімі В.И.Сазановтың «Школа и производства» журналындағы мектеп оқушыларымен дайындаған әмбебап ию қондырғысын техникалық шығармашылықтың туындысы деп қарауға болады.

Қондырғы диаметрі 2-5 мм болат сым темірді және қалыңдығы 2 мм-ге дейінгі металл жолақ қаңылтырды (шойынды емес) тез, әрі саналыиюге мүмкіндік береді. Ауыстыруға мүмкіндік беретін алмастыру түзеткіштері

дайындамадан июдің әр түрлі формаларын алуға мүмкіндік береді.

Әмбебап ию қондырғысы төмендегі үлгіде пайдаланады. Негізді 1 атауызға (тискіге) бекітеді, содан кейін дайындаманы түзеткіш 7, 8 (төртбұрышты немесе домалақ ) пен эксцентрик қысқыштың арасында орналастырады. Экцентрик қысқыш 6 тұтқасы мен (3) дайындаманы түзеткішке қысады, ал пішін түзуші шарнирдің екінші тұтқасы көмегімен дайындаманы түзеткіш бойынша сығымдайды. Тәсілді бөлшекке қажетті конфигурация берілгенге дейін қайталайды.Түйіндесуді орындау кезінде пішін түзетін шарнирді қолданбауға болады.

Цилиндр түзеткішті дайындау үшін әр түрлі диаметрлі түтіктердің кесінділерін пайдалануға болады. Квадрат түзеткіш дайындама қалыңдығына сәйкестікке қысқышпен екеуінің арасында саңылау орнатуға мүмкіндік беретін ортадағы бекіту тесігі оның дәл ортасынан болмайды. Екі қосымша өзек түзеткіштер 4 және 5 үлкен шағын бұйымдарды дайындауға арналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет