Озат педагогикалық тәжірибе мен инновация


Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату



бет2/3
Дата13.03.2024
өлшемі0.58 Mb.
#495149
1   2   3
Озат педагогикалық тәжірибе мен инновация (презентация)

Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату.

Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір талаптары бар. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны тәрбие процесіне енгізу; педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге ат салысу.

Инновация туралы ұғым, маңызы.

Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатңа жету. Инновациялық процессіз мектептің дамуы мүмкін емес. Мектептің тарихында оқыту мен тәрбиенің ескі түрлері, құралдарының орнына жаңа, озық үлгілер келген кездер көп болды. Мысалы: 20 жылдары мектеп тәжірибесіне жобалау әдісі бойынша топқа үй тапсырмалары берілді. Осы тәсілді жаңашыл мұғалім Н.П.Гузик өзгертіп қолданды.

Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.


Модификациялық инновация - педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру. Мысалы: А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды.
Түбірлі: мектепке білімнің мемлекттік стандарттарының енгізілуі.
Комбинаторлық инновация - белгілі әдістердің элементтердің бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда.

Инновациялық процестің кезеңдері:


иновацияның себептері;
жаңалықты жобалау;
жаңалықты жүзеге асыру.

Шалва Александрович Амонашвили

Жаңашыл педагогтің қызметі: профессор, психология ғылымдарының докторы, академик. Негізгі идеялары және педагогикалық ұрындары: ынтымақтастық педагогикасы, жеке тұлғаны демократияландыру. Ш.А.Амонашвили 6 жасар балаға тәрбие және білім берудің мазмұнын, принциптерін, тиімді әдістерін ғылыми негіздеп, оны мектеп тәжірибесі арқылы дәлелдеді. Бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты тәрбиелеуде гуманитарландыру идеясын жүзеге асырды. Ұраны: "Тәрбие процесінің барлық салаларында әр баланың жеке басына құрметпен қарау". Шалва Александрович мектеп есігін жаңа ашқан, әлі буыны бекіп үлгермеген 6 жастағы балалардың тауын жығып, талабын қайтармас үшін оларға баға қоймайды. Балалардың еңбегін олардың тындырған істерінің нақты нәтижелерімен бағалайды. Оның оқушыларының дәптерден жасаған қолжазба кітаптары бар. Оған балалар өздерінің алғашқы әңгімелерін жазады, өздерінің салған суреттерін папкаларға жинайды. Балалар табыстарын ата-анасына көрсетіп, мақтанып, оны мектептегі көрмеге қойып, ұжымның рухын көтеріп, оқушыларға күнделікті оқу, білім, өздігінен іздену жолдарын түсіндіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет