Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет79/84
Дата14.12.2022
өлшемі1.27 Mb.
#467255
түріУчебное пособие
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84
qazrg adebi protsess

Қобыланды батыр 
...Көп әлеумет, құлақ сал 
Аузымнан шыққан сөзiме, 
Қырық мың атты қызылбас, 
Қырық кiсiдей көрiнбес 
Батырыңның көзiне. 
Тiкелеп атқан оқтары 
Тiкенектей қадалмас 
Қоблекеңнiң жүзiне. 
Қабағынан қар жауып, 
Кiрпiгiне мұз тонып, 
Қатуланып қаттанды, 


165 
Буырқанып бұрсанды, 
Мұздай темiр құрсанды. 
Топтанып тұрған кәпiрге 
Қобыланды батыр жол салды. 
Жалғыз өзi батырың 
Жойып кетiп барады, 
Қойға тиген қасқырдай 
Сойып кетiп барады. 
Жолбарыс шапқан құландай 
Шоршып кетiп барады. 
Үш мың атты бiр сайға, 
Төрт мың атты бiр сайға, 
Аламын деп қайтарда, 
Қойып кетiп барады. 
Қайтарында алмаққа 
Тiзгiнiнен қосақтап, 
Түйiп кетiп барады. 
Ақ бiлегi қан болып
Тұла бойы сал болып, 
Жау үстiне жол салды, 
Үкiмiн жауға мол салды. 
Көмегi жоқ соңында, 
Жаны құдай қолында. 
Туырлықтай ту алып, 
Туды қанға сауарып, 
Қырық мың атты қызылбас 
Әрi-берi қозғалды. 
Қырылмағаны аз қалды. 
Қызылбас қашып жосыпты, 
Қашқанына қойсын ба, 
Батырдың алдын тосыпты! 
Ықтиярсыз найзалап, 
Бiрiне бiрiн қосыпты. 
Бөлек-бөлек қылады, 
Есебi жоқ қырады. 
Бiрiн шауып, бiреуiн
Қылышпенен ұрады. 
Атумен оқ қалды, 
Тартумен дөп қалды, 
Қоблекеңнiң сүңгiсi 
Қызыл қанға боялды. 
Көбiсi тұрып шәрiнiң, 
Ұйқысын ашып, оянды. 
Қашпағанды қобыланды, 
Алтын күн ұдай ұрысып, 


166 
Бiтiруге таянды. 
Үкiмiн жауға мол салды, 
Жетiншi күнi сәскеде 
Жаудың барын тауысып, 
Ақ найзаға сүйенiп, 
Қобыланды жалғыз бұл қалды. 
Сол қаланың әйелi 
Ерлерiнен айрылып, 
Бәрi де жесiр, тұл қалды. 
Бұл қырғанға қоймады
Қоблекең бұған тоймады. 
Шәрiн тегiс бұзсам деп, 
Ат қоймаққа ойлады 
Қазанның қырлы қалаға. 
Қобыланды тұрып сыйынды 
Жетi кәмiл бабаға. 
Ақ сұңқар құстай шЇйiлiп, 
Ел шығармай салаға, 
Мал шығармай далаға, 
Қаладан атын қарғытып, 
Кiндiктен оғын сырғытып, 
Қаланың аузын қан қылып, 
Қақпаның аузын шаң қылып, 
Тұлымдысын тұл қылып, 
Айдарлысын құл қылып, 
Солқылдаған мырзасын 
Табанға салып жүн қылып, 
Алтын артты шанаға, 
Қарамай қатын-балаға, 
Өтiрiк емес, жан аға, 
Қырық қақпалы қазанды 
Он сегiз күн дегенде 
Бұзып-жарып батырың, 
Малын-жанын ызғытып, 
Қақпаның аузын аштырып, 
Айдап шықты далаға! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет