Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева


Әдеби процесс пәнiнiң мақсаты мен мiндеттерi



Pdf көрінісі
бет2/84
Дата14.12.2022
өлшемі1.27 Mb.
#467255
түріУчебное пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
qazrg adebi protsess

 
Әдеби процесс пәнiнiң мақсаты мен мiндеттерi 
 
Жоспар 
1.Әдеби процесс жайлы түсінік. 
2.Әдеби процестің қамыту аясы. 
3.Пәннің атқаратын міндеттері. 



4. Қорытынды. 
Тірек сөздер: «Қазіргі әдеби процесс» курсының объекті, предметі, 
мақсаты мен міндеттері. Соңғы 20 жыл ішінде әдебиет әлемінде орын алған 
келелі мәселелерге шолу. 
Қазіргі лирикадағы жаңашылдық ізденістер. Егемендіктін нәтижесінде 
туған әдеби процестегі жаңалыктар. Тарихи және жеке адамдарға деген 
көзқарастың өзгеруі. Жаңа такырып, жаңа бағыттардың пайда болуы. Бүгінгі 
қазақ әдебиетінің өзіне тән ерекшелігі.  
Адамның, оның жеке басының басты мәселеге айналуы
жалпыхалыктық, рухани ой-сана проблемаларының күшеюі, жанұя 
мәселесіне көп көңіл аударылуына байланысты болып табылады. Бұл 
мәселелерге жауапты қазіргі қазақ лирикасынан Қ.Мырзалиев лирикалары 
мен Ғ.Қайырбеков, Ж.Молдағалиев поэмаларынан молынан кездестіруге 
болады. 
Егемендік жағдайындағы халыкгық үлтгық сезімін оятушы, сенімділікке 
үндейтін елендер – бүгінгі әдеби процесте алдыңғы және жетекші жанр 
болды. Поэзиядағы жана тарихи сезімге үндеу, рухани толысу және ой-сезім 
тазалығына үндеу идеялары алға қойылды.
Қазіргі казақ поэмасындағы жанр, түр ізденістер де басты мәселелерге 
айналды. Бүгінгі поэманың жаңашылдығы жаңа идеялардың пайда болуы, 
дәуір тынысын жаңаша сипаттау. Сабырхан Асановтың «Сағыныш сазы» 
Оралтай Біләловтың «Дала мен домбыра» поэмаларын такырыптық 
тұрғыдан талдауға тұрарлық шығармалар. Монолог типіндегі лирикалық 
поэмалар, поэмадағы лирикалық қаһарман бейнесі, эпикалык элементтер 
араласқан поэма-дастандар. Дастандарға эпикалык элементтердің кірігуі 
— 
дәуірдің талабы. Әдістер мен түрлерді дамыту жолындағы ізденістердің 
әрі қарай жалғас табуы лироэпикалык және драмалық түрлерді жетілдірілу 
қажеттігін пайда етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет