«Өзін-өзі тану» пәнінен лекциялар жинағЫ


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет14/17
Дата19.12.2023
өлшемі0.83 Mb.
#487029
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Лекциялар

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Экология ұғымына түсінік беріңіз?.
2. Қазақстандағы апат аймақтардың адам өміріне зияны қандай?.
3. Ерекше қорғауға алынған аймақтардың түрлері мен маңызына сипаттама беріңіз.
4. Мемлекеттік табиғат ескеркіштері дегенімізді қалай түсінесіз?
5. Мемлекеттік қорғалымдар туралы өз бетімен жұмыс. Метаплан құрастыру.
6. Экология ғылымының негізгі мақсаты мен міндеттерін сиппаттаңыз?
 
 
 
 
 
 


№12 Дәріс 
Тақырыбы: Өзін-өзі танудың философлиялық аспектілері
Мақсаты: өзін-өзі тану мен философияның бірлігі, студенттерді ғылыми көзқарастармен, 
біліммен толықтыру, өзін-өзі танудың философиялық аспектілерін түсіндіру.
Тірек ұғымдар: “өзін-өзі тану”, “өзін-өзі дамыту”, “өзін-өзі жетілдеруә”,“өзін-өзі өзектілеу”, 
т.б.
Жоспар.
1. Өзін-өзі тану ұғымының философиялық қырлары.
 2. Құндылықтарға философиялық тұрғыда сипаттама.
 3. Өзіндік таным философиясы.
1. «Өзіңді - өзің таны»- бұл «жеті дананың» /әсіресе Хилон мен Фалес/ аузынан шыққан дана сөз 
немесе даналық формуласы. Дельфия шіркеуінің маңдайшасына ойып жазылған. Дельфиялық 
дана сөз Сократқа дейін белгілі болатын кейін ол Сократқа танылды. Бұл кездейсоқтық емес еді, 
себебі Сократқа дейін антикалық бірде - бір ойшыл адам қызметінің басқару принципінің бірден 
бір бөлігі өзін-өзі тану екенін Сократтай бағалай алған жоқ. Греция тарихында теориялық 
ойлаудың жаңа кезеңінде адам проблемасы, философия проблемасын өзін-өзі тану арқылы 
түсінуге болатындығына көз жеткізді. Ксенофонт Сократты былайша сөйлейді: “Кімде-кім өзін - 
өзі тани білсе ол өзінің не істей алатынын және не істей алмайтынын түсіне біледі. Соның 
нәтижесінде бақытты өмір сүре отыра өзін қанағаттандыра алады білмейтін нәрсесінен аулақ 
бола өмірде қателікке бой алдырмай бақытсыздықтан айналып өте алады. Осы артықшылығының 
арқасында біреудің құндылығын көре алады және оны өз қажеттілігіне қолдана алады”. 
/Ксенофонт Воспоминания IY.2.26-27/. /б.э.д. 470-399 ж.ж./ аралығында өмір сүрген антикалық 
ойшыл, бірінші афиналық философ Сократтың ауызша таратқан даналық ойларының 
туындыларында өзіндік танымның негізін: философия танымының үлкен мақсаты: адамның 
танымы, оның іс- әрекеті, ой - өрісі, тұрмысы деп білді. Бұл таным, тек өзін-өзі тануда ықтимал 
екенін айтты “өз-өзіңді тани біл” бұл тұжырымды дәлелдеу үшін Сократ өз өмірін зерттеді. Мен 
білем, ештеңе білмейтінімді жақсылық ойлаушы кім екенін де білмеймін… Сонда да мен 
сіздермен бірігіп не екенін пікірлесіп түсінгім келеді. Сократ ойынша Адам рухы әулиелік 
болғанда ғана әулиелік білімге жетеді: айқын нәрсе, әрқашан да айқын. Сонымен қатар рух- білім 
сақшысы, адам танымы – бұл өткен істердің, бұрынғы білімдер жиынтығының еске түсуі. 
Даналық- бұл білім, бірақ адам барлығын білуге күші жетпейді. “Адам дейді Сократ- барлығына 
дана болуы мүмкін емес тиісінше кім білсе сол дана” Сократ танымында барлығы Құдайдан 
тарайды, жалғыз ғана шындық адам күш-жігерінің бағыты-білімді танудан бастау алады. Адам 
білімінің формалары, қоғамдық, саяси өмірі танымның жеке бір бөлшегі ғана. Сократша таным 
үрдісінде білім, мысалы жарылқаушының әділетті адамның өзі. Сократ мейрімділік 
жарылқауының үш негізін белгілейді.
1. Деңгейлік “Өз деңгейінен жоғары ештеңе жоқ”
2. Танымдық
3. Әділеттік Сократ табиғатты зерттеуде мүлдем қарсы болды.
Бұл тұрғысында ол адамның іс-әрекеті құдай ісіне қайшы деп есептеді.
Сократша әлем-құдайдың сыйы, Сократ мейлінше құдайға құлшылық еткен ол Афин 
жұртшылығымен бірге құдайға құрбандық шалып барлық діни жоралғыларды мүлтіксіз 
орындаған. Өзін-өзі тану арқылы Сократ мейірімділікке, әділеттілікке, заңдылыққа жетуге 
болатындығын айқындайды. Бірінші кезекте адам рухы, табиғат, білімділік деп есептеген. Оның 
мына сөзіне қарап: “Мен ештеңені білмеймін. Дегенмен сенімен бірге пікірлесіп, ізденгім 
келеді”- оның философиялық формуласы, ізденісінің құдіреті екенін танытуға мүмкіндік береді. 
Ол өзінің білмейтіндігін ең соңында білетіндігіне айналатынын толық сезінген. “Пікірлесіп 
ізденгім келеді” қағидасы өзін-өзі тануына итермелейді және сол арқылы өзінің ойын түсіндіргісі 
келеді. Сократ туралы айтқанда оның философиялық пәл сапасы адамзаттың даму тарихымен 
бірге біте қайнасып бүгінгі күнге дейін маңыздылығын сақтап келеді. Ежелгі философтардың 
ойынша өзін-өзі тану ол адамның жан дүниесімен өзін айқындауының жалпы ізденісі. Сократтың 
пайымдауынша мейірімділік пен зұлымдылық жолында дұрыс таңдау жасау және әлемдік ортада 


өзінің орныңды табу мен өзіңді айқындау өзіңді-өзің тани білгенде ғана орындалатын айқын 
нәрсе.
2. Қазіргі кезеңде біз адамның рухын соңына дейін өлшедік, негізін орнаттық, адамда табылған 
мазмұнды бастапқы жүйе, ғылыми жүйе болып қаланды. Философия МЕН деген ұғымды табуға 
үйретеді. Бастапқыда МЕН арқылы жансыз, түрсіз көпшілікке тәртіп, ой сананың өсуі енеді. 
Бірлік адам басқару ережелерінен тұрады. Бақылау шекарасына дейін таратады, және ол оны 
қалай жүргізеді, солай әрі қарай ой өрістің өсуі, тәртіп тарайды. Оның бақылауы көптің әлемде 
әр адамға өз орнын табуға нұсқау береді, басқаны шығарып жібермес үшін, ол бірлікті шексіз 
әртүрлілікке енгізеді. Сол әлемдік денелер бір-біріне жақын тұрады, бірқалыпты жүйелі дене 
болады. сол арқылы жарықтар нұсқаған жолдармен айқындалады. МЕН арқылы үлкен баспалдақ 
орнатылады, онда-әлемге қажетті күш жинауға, болашақты жалпы айқындауға құқылы. МЕН 
арқылы адамзаттың мәдениеті артса, әлемнің де мәдиниеті артады. Ол заттарға керекті тәртіпті 
орнатып қана қоймай, ол соған қажетін де береді, өзі таңдағандай: ол басқан жерде табиғат 
оянады, оның көз қарасынан жаңашылдық кереметтер орын алады. Оның денесі рухты, сені 
қоршаған бұйымнан пайда болатын, оның тіршілігінде ауа жеңілдей түседі, ауа – райы жұмсақ, 
табиғат сол арқылы тіршіліктің панасына айналады. Адам шикізатты өз қалауынша пайдаланып, 
қажетті материал жасайды. Ол үшін бұрынғы өлі салқын болған көрініс нәр беретін дән-дақыл 
боп, қорек беретін жеміс боп, тіршілік беретін жүзім боп өсіп-өнеді. Оның айналасына 
жануарлар пайда болады, оның жылы көзқарасынан олар жабайылықтан айрылып, адамның 
қолынан тамақтанады, оның дегенімен жүреді. Адамның айналасында жандар топтасады-ол 
адамдар. Сол адамдарға ол әсерін тигізеді, адамгершіліктің мәнін көрсетеді, оның іс әрекеті 
адамзатпен бағаланады, әр адал ісіне айналадан адам қасиеті мол үлкен жүректі адамдар пайда 
бола береді. Адамдардың қасиеттері күшейіп бірігіп әр денелерде бір рух орнатуға бағышталады, 
бір ой өріс, бір күш –жігер адамзаттың ұлы бірлігіне жоспарына көмекші болады. Ұлы адам өз 
ғасырында бар күшімен адамзаттың ең үлкен баспалдағына шығуды мақсат етеді, кейін 
қарағанда сол биікке шыққанда таң қалады, артында зындан тұрғандай сезінеді, содан өтіп 
шыққанына артын қарап сескенеді, содан өтіп шыққан Ұлы адамзаттың шежіресінен 
үлгергенінше барлық қасиеттісін алады.. Оның жоспарын бұзыңдар, кедергі келтіріңдер! Сіздер 
оны қалай ұстап тұра аласыңдар, бірақ мың жыл, көп мың жыл деген адамзаттың шежіресіне не 
жатады? Бұл тағы бір таңды оятарда көрген түсіңмен бірдей. Ұлы адам тіршілік ете береді, іс-
әрекетін жалғастырады, сіздер жоқ болып кеткен, ол үшін танымның кеңейгені, сіздерге ажал-
оның жоғары өмірге дамығаны. Оның жоспарының сәні, түрі ол үшін жойылғанымен сол күйінде 
қала береді. Оның тіршілік еткен әр кезінде ол өзі алып сол шеңберге сыртқы қоршаған ортадан 
іс- әрекетін жүргізе береді. Осындай адам өз-өзіне былайша айта алады. Мен адаммын. Ол өз-
өзінен қорықпай, өзінің ұлылығынан сескенбеу керек? Осылай әр адам, осындай барлығы 
қайсысы –Мен жетеумін деп айта алады. Сен қай жерде тіршілік етсең де сен адамзаттың кейпін 
ұстайсың ; жануарға жақындасаң да, айдаумен жұмыс істесең де, отты жердің жағасында отқа 
қыздырынсаң да, сен оны өзің жаққан жоқсың, ол сөніп қалғанша қарап отырып жылайсың, ұзақ 
жанбағанына, сен ең аянышты немесе қатыгез, жексұрын болсаң да, сен де менсің, сондықтан 
сенде жетеумін деп айта аласың. Қаншадегенмен сен менің жолдасымсың, бауырымсың, мен де 
МЕН тұрғанда баспалдақта тұрдым, бұлда адамзаттың баспалдағы. Мүмкін мен өте тез, асығыс 
көтеріліп кеткен болармын, бірақ мен сонда сен тұрғанда тұрдым. Мүмкін сенде бір күні мен 
тұрған жерге жетерсің, оған көп миллиарттаған уақыт өтсе де осылай бір-бірімізге әсер етеміз. 
Сен бір күні менің шеңберіме енесің, ал мен – сенің. Сонда ұлы мен де сені өзімнің жоспар 
құрудағы пікірлесім деймін. Қалай мен сескенбеймін, адамзат бейнесінің алдында, құдай 
алдында шіркеуде тұрып адам бейнесін сақтаймын. Менің жүйемді білмей тұрып, менің ой-
пікірімді спинозмге теңеу мүмкін емес. Таза рухтың бірлігі мен үшін жеткізбейтін сана. Соңғы 
мақсат, ешқашанда іс-жүзінде орындалмайтын құбылыс. Осылай алғашқы кезеңде теологиялық 
ұғыммен адамның өзін-өзі тануы қалыптасады [10]. Әрбір тарихи кезең ауыспалы және одан 
кейін басқа кезең пайда болады. Бұл жерде өткеннен қалатын жалғыз нәрсе, ол әр түрлі 
тұжырымдамалар мен көзқарастардан тұратын мәдениет. Әрбір кезеңде адамзат тарихы қайта 
құрылып, ол үшін бәрінен бұрын жаңа кезеңге жаңаша қадам басатын жетілудің жаңа бейнесі 
қалыптасып отырады. Бұл орайда Гегельдің “рух феномологиясы” еңбегінде таным үрдісін: 
“Өзін-өзі танудың” субстанциясы тек индивидуальды түйсікте ғана пайда болуы мүмкін деп 


астын сызып көрсетеді. Абдо Мухамед /1948 ж/ Адам баласы өзін-өзі тану үшін алла тағаланың 
ақиқатын, тануы қажет. Табиғат алланың сыйы. Алланың заңдылығына табиғат заңдылығына 
адам қоғамының заңдылығы бағынышты болуы тиіс. Осы ұлы заңдылыққа сай адам баласы өзін- 
өзі және қоршаған әлемді таниды. Бұл арада ғалым өзіндік танымның шекарасын теологиялық 
жолмен түсіндіре келе, адам мен қоғамның байланысын заңды түрде айқындап, адамның өзін-өзі 
тануы табиғатпен, қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста дамитындығын көрсете білді. Өзін-
өзі тану арқылы табиғат пен қоғам заңдылықтарына бағына отырып, оны түйсініп белгілі бір 
болып жатқан өзгерітер мен қайшылықтарға жоғары деңгейде төтеп бере алатындығын 
баяндайды. Абиляр /1855 ж/ өзінің “Өзіңді-өзің таны” еңбегінде өзінің ары мен scito-te-ipsym
тұлғаның құқығы ол этикалық принцип болып табылады. Ақиқат критериесі әділет 
заңдылығымен өлшенеді. Бұл қасиет өзін-өзі және айнала ортаны танимын деген адамдардың 
бәріне тән болуы тиіс- деп барлық адамзат атаулының барлығының негізін өзін-өзі тануға, өз 
ісінің ақиқатына және өлшеміне зер салуға үйретеді. Олай болса, бұл өзін-өзі тану үрдісі барлық 
дүниені түсінем, танимын, әрі қарай дамимын, тұлға ретінде қалыптасамын, шын мәніндегі 
өмірдің ақиқатына жетемін деген адамдардың бәріне тән болуы шарт. Д.С. Аничков /1952/ 
”Адам танымының қасиеті туралы бір сөз” еңбегінде – таным процесіне түсінік бере отырып тән 
және рух арасындағы байланыста сезіну түсінікке айнала алады. Сондықтан бірінші бастама ол 
адамның ішкі әлемі. Олай болса адам рухы сыртқы факторлардың әсерінен өз-өзіне түсінікті 
туындата алады деп көрсетеді. Ол өз еңбегінде адамның ішкі әлемі бұл бірінші кезектегі бастама, 
ол өз-өзін түсінгенде ғана сыртқы ортамен сабақтасып нәр алатындағын көрсеткен. Әлем үлгісін 
өмірде бар заттар мен құбылыстарды түйсіну үлгісін құру және үйрену адам санасының көне 
формасына да, қазіргі формасына да тән. Ф.Энгельс Аголь И.И. цитаты бойынша “Анти - 
Дюринг” адамның таным мүмкіншілігі шекарасыз және оның таным процесінің өзі де шексіз. 
Әлемді тану негізі әлемнің материалдылығында, әлемнің кеңестіктегі және уақыттағы 
шексіздігінде. Ал кеңестік пен уақыт әрбір болмыс формасының негізі. Материя қозғалыссыз, 
қозғалыс-материясыз болмайды -деп адам танымының шексіздігін, оның шекарасының 
жоқтығын замананың кешегісі мен бүгінгісіне қарамай таным деңгейінің шексіз дами 
беретіндігін дәлелдейді. А.М. Антонов адамның өзіндік танымын былай сипаттайды: Кант 
агностицизм және апоризмін сынай отыра - ол сезім адамды қоршаған ортамен байланыстырады 
және адам танымының бастапқы кезеңі болып саналады. Сезім негізінде адамның түсінігі бүкіл 
психикалық өмірі әлемдік және өзіндік танымы қалыптасады. Ежелгі дүние даналарының әлем 
жөніндегі көзқарастарына гормония өзін-өзі тану түсінігі интуитивті қалыпта болса да көрініс 
табады. Пифагор, Платон және Аристотель секілді алғашқы философтар бұл ұғымды құдіретті 
күшпен байланыстыра отырып сипаттаған. Сондықтан да оған ғылыми категория ретінде 
қарамай, мифтік, тіпті мистикалық анықтама жасаған. Аристотель адам санасы бір-біріне 
ұқсамайтын әртүрлі құбылыстарды бір-бірімен байланыста тани алады. Ол үшін адам байланыс 
заңдылығын тануы тиіс. Адамдар және оны қоршаған орта да бір-біріне ұқсамайтын қасиеттердің 
бірлігінен құралады. Оның бәрін де біртұтастық ретінде қарауға болады – десе Аджита Кеша-
кам-балин Baskam аль цитаты бойынша, “Адамның тағдыры әлем тәртібінің құпиясы төрт 
бастамадан судан, жерден, ауадан, оттан басталады. Олар ешқашан жойылмады. Карма, сансара 
және мокшинді миф ретінде қарастыруымыз керек. Сондықтан Брахман дініндегі құралдардың 
еркіне байланысты әлемнің танылмайтын универсум догмасы ешқандай сын көтермейді”. Адам 
санасы құдай заңдылығын табиғат заңдылығын танып білу үшін жаратылған деп адамзаттың 
танымын жоғарыдан іздеп жаратушы күшке құдайға табынып содан іздеуге үйретеді. Бедиль 
М.А. Муминов И. цитаты бойынша “Ирфан таным дегеніміз-тұтас әлемді және құдайды танимын 
деген адамның жанындағы қасиетті ынта. Алла ғаламды жаратушы болғанымен әлемнің 
күрделінеуі, ол табиғи процесс. Табиғат бастауы жоқ мәңгілік ақиқат. Бір нәрсенің өлімі, екінші 
бір нәрсенің өлімін туындатады. Өлім ол жойылып кету. Жойылу пайда болудан туындайды. 
Осы заңдылық бойынша табиғатта өзгерістер болып отырады”. Бертін келе философия 
саласында өзіндік таным теологиялық жолмен ғалымдар арасында жалғасын тауып отырады: 
Хачатур Абовян “Махаббат әлемді жаратушыға тән, ал адам баласы құдайдың қайталануы емес 
және қасиетті рух оған тән емес, шындыққа келетін болсақ, дүниеге келген кісіден біз қызыл 
шаранадан басқа еш нәрсені көрмейміз. Жылдар өте бара адам баласы жүреді, сөйлейді , есте 
сақтау, ойлау қасиеттері қалыптасады. Содан кейін барып айнала ортаны өзін танып, сол 


заңдылықты түсіну үшін ғылымға ұмтылады, ғылымнан осы заңдылықтардың реттілігін табады” 
немесе Аскаков К.С. В.Г. Белинский цитаты бойынша ақиқат құдай салған жолмен жүріп 
жетіледі. Ол үшін құдайға деген махаббат болуы тиіс. Адам баласы жаратылысты ешқашан тани 
алмайды, ол тек жаратушының құдіреттілігін тани алады. Қалай болғанда да адамның өзіндік 
танымын бірнеше тұрғыда әр кезеңнің тұрғысынан сипаттауға тырысады. 3. Өзіндік таным 
тұрғысы күрделі болғандықтан әр түрлі адам түрлі жағдайда форма әртүрлігіне байланысты оны 
әртүрлі сипаттап жазады. Осыған орай өзіндік таным тұрғысын зерттеген ғалымдардың ойларын 
ары қарай келтіре кететін болсақ: А.Г. Баумгартен Н.В. Самсонов цитаты бойынша “Адамның 
дарындылығы, сезімнің инстинкті қажеттілігінен туындайды. Адам баласы табиғаттың ұлы 
сұлулығына тамсанып, оны қайталауға тырысады. Мұндай талпыныстар адамдарды суретші, 
мүсінші болуға жетелейді. Менің ойымша адамның екі танымы болады: бірінші әдемі ойлау 
арқылы сұлулықты тану; екінші сезімді қабылдап ойлау. Ол біріншіден мазмұннан; екіншіден 
реттіліктен; үшінші сипаттаудан тұрады. Осы үш элементтің әрбіреуі бір-бірімен тығыз келісімде 
болады”. Ал келесі Bauer идеясы бойынша “Философияның негізгі сұрағы субстанция мен 
өзіндік таным арасындағы қарама -қайшылық Гегельдік абсолюттік идеясын жоққа шығарып, 
өзіндік танымды абсолют деп жариялады. Адам қоғамы адам танымын өзгерту арқылы қайта 
құрылып жаңа биіктерге өрлейді”-деп санаған. Адам танымы мен танылған дүниенің 
арасындағы айырмашығы адамның өз ішіндегі ойлау шеберлігінен туындайтынын және өзін-өзі 
тану үрдісі жеке нәрсе емес ол табиғатпен біте қайнасып жалғасын адамның ішкі ортасынан 
табылатын құбылыс екенін келесі ғалымдардың зерттеулерінен көруге болады. Берксон Андрей 
А., Г.Б. Плеханов цитаты бойынша ол адам индукциясын қоршаған ортаны тану құралы ретінде 
көрсетеді. Тану актісі-растық тану актісімен сәйкес келеді. Одан соң танушының және 
танылғанның арасындағы айырмашылық жойылады. Таным процесінде негізгі құрал тану 
интуиция деп түсіну, ол объективтік және субъективтік болмыс арасындағы шекараны жояды. 
Осындай таным түрі субъективтік діни фантастикаға есігін айқара ашады. Интуиция Берксон 
айтуы бойынша таным ойға қарама-қайшы мистикалық құпия акт немесе жоғары эстетикалық 
қабілеттіліктің инстинкті-қарапайым формасы қоршаған ортаны және өзінің рухани болмысын 
танудағы интуитивтік болмыс көрсеткіші ретінде шығармашылықты суретшілікті атайды. 
Шығармашылық пен суретшілік утелитарлық мақсаттан еркін құбылыс деп көрсеткен. Өзін-өзі 
таным процесі суретшілерде айқын көрніс табады. Ол үшін суретші өзінің субъективтік әлемінен 
шықпай отырып өз рухының түбіне көп күш салып терең бойлайды. Сол арқылы жаратылыстың 
табиғаттың адам санасындағы бастамасын көреді. Және соны сипаттауға тырысады. Берксон 
айтуы бойынша бұл құбылыс адам танымының ең қарапайым формасы болып саналады. Адам 
танымының шекарасын өте кең түрде қарастыруға болады. Ағылшын ғалымы Bernard L.L. “Адам 
танымының немесе болмысының өзінше жүйелі жіктелуін келесі тұрғыда қарастырады. Адам 
баласы бір-біріне және қоршаған ортаға бейімделгіш келеді. Адам баласын табиғи және мәдени 
орта қоршап тұрады. Табиғи орта органикалық емес және жаратылыс ортасына /космостық, 
климаттық, географиялық және органикалық емес ресурс факторларына бөлінеді және 
органикалық табиғи орта, мәдени ортаның өзін Bernard L.L. төрт типке бөледі: материалдық, 
ашық әрекет ортасы, психо-мәдениеттік орта, немесе символдық орта, мәдени қоршаған орта, ара 
қатынасын өздігінен қадағаланатын мәдени орта. Адам баласы өзін қоршаған ортаны осылай 
тануы тиіс”- деп есептеген. Қарап зерттей келе адам танымының өзектілігі сонда, ол қоғамның 
дамуымен бірге әрдайым ғалымдардың назарынан тыс қалған емес. Ол әрдайым толықтырылып, 
жан-жақты қарастырылып, сомдалып отырған. Дамудың әр сатысын алсақ та, таным процесін 
қарастырмай оған тоқталмай кеткен ғалымдар аз. Өмірдің қай саласын зерттесе де олар ең 
алдымен адам танымына өз биігінен қарап теңеу беріп отырған. Оған келесі келтіретін 
зерттеулеріміз куә. Сеченов И.М. “Таным адамның психикалық әрекетінің еркін көзі болып 
табылады. Ол адамның санасынан сапалық құбылыс ретінде ерекшеленеді. Әлемдік процесс 
немесе философия, ол санасыз танымға бағытталған процесс. Таным аса сезімтал адам әрекетінің 
және болмыстың негізі, әлемдік даму процесінің себебі. Адам танымын әрқашан да материалдық 
рухани дүниенің, идеалдық- реалдық, субъективтік және объективтік қарама-қайшылық 
арасынан іздеген”. Brito Ф /Carvalho L/ цитаты бойынша “Адамның өзін тануы философиядағы 
ең күрделі сұрақ. Адам өзін тану үшін тіршіліктің түпкі мақсатын және адамның қоғамдағы 
моральдық әрекетін түсінуі тиіс”. Brito әлемнің түпкі мақсаты таным. Ал ақиқат дегеніміз ол 


таным құралы және моральдық мақсат. Осылай адам танымының ең жоғарғы критериясы 
моральдық реформа-деп көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет