Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Өзін-өзі тану ұғымына анықтама беріңіз.
2. Адамның өмір сүру мен мақсат-міндеттерін атаңыз.
3. Адам мақсатының аны
№3 Дәріс
Тақырыбы: Өзін-өзі тану ілімінің ғылыми негіздері.
Мақсаты: өзін-өзі тану іліміне ғылыми тұрғыдан баға беру; өзін-өзі тану пәнінің
дамуындағы ғылыми ұғымдарының тарихи
аспектілері мен байланысын көрсету.
Тірек ұғымдар: өзін-өзі тану, өзін-өзі басқару, өзін-өзі дамыту ,
ар, ождан, бақыт ұғымдары.
Жоспар.
1. Өзін-өзі тану ілімінің тарихи даму аспектілері.
2. Өзін-өзі тану туралы ғалымдардың педагогикалық-психологиялық ой-пікірлері.
3. Жан мен тән байланысы. Ар-ождан ұғымы.
1. Тұлғаның өзін-өзі тануы мен өзін-өзі түсінуі терминологиялықстатусқа Е.М. Боброваның,
Н.И. Кузьминнің, Ю.Н.Кулюткиннің, В.Н. Козиевтің, С.В. Васильковскаяның, Л.М.
Митинаның,А.К. Маркованың, В.А. Якуниннің еңбектерінде ие болды. Мысалы, Е.М. Боброва
өзін-өзі түсінуді, яғни студенттің болашақпедагогикалық қабілет дағдыларды игеру деңгейін
тұлғаның өзбойында бар білім мен тәжірибені педагогикалық үрдістемақсаттарына жету
үшін пайдаланады деп түсіндіреді. В.Н. Козиев болашақ педагог тұлғасының өзін-өзі түсінуін
олтұлға өзін ұғына отырып, өз ісін белгілі бір жүйеге бағыттап отырадыдеп қарастырады. Бұл
іс-әрекетінің арқасында студент тұлғасыныңбойында белсенді түрде өзіндік жетілу, өз
бойында саналы түрдежеке тұлғаның маңызды қасиеттері мен өз шеберлігін
қалыптастырупроцесі жүреді. Ю.Н. Кулюткин өзін-өзі түсіну-қол жеткен жетістіктерді
бағалау , өзіндік өсіп-жетілу бағыттарын жоспарлап, оларды жүзеге асыружолындағы іс-
әрекеті деп көрсетеді. Бүгінгі студент болашақта өзбойында қандай рухани-адамгершілік
қадір-қасиеттерді тәрбиелепдамыту қажеттігін, екінші жағынан ол қасиеттердің өз
бойындақаншалықты өсіп жетілгенін білгенде ғана ол аталмыш қабілеттердіқалыптастыру
мен дамытуға саналы түрде ұмтылуы мүмкін. Тектұлға өзінің психологиялық
ерекшеліктерін танып-біліп, оларды өз даму жолымен салыстырып, сәйкестендіре алған
жағдайда ғана оныңбойында қажетті адамгершілік қадір-қасиеттер мен
дағдылардытәрбиелеу мен жетілдіруге бағытталған белсенділік туындайды. Ұсынылған
анықтамалардың көрсеткеніндей, көптеген зерттеуші–ғалымдар өзін-өзі түсінуді өзін-өзі
тану, өз бойындағыерекшеліктерді пайымдап, оларды нақты іс-әрекет
саласыныңталаптарымен сәйкестендіру үрдісі ретінде қарастырады. Е.М. Боброва студенттердің
өзін-өзі түсінуінің мазмұндықжағына көп көңіл бөледі. л бұл аспектіні студенттердің
оқытуүрдісінде қалыптастыратын дағдылардың үш тобына жіктейді: жалпыпедагогтық дағды,
арнаулы және тұлғалық дағдылар. Л.М. Митинаның пікірінше, студенттің өз мамандығында
өзін-өзітүсіну деңгейінің төмен болуы оның тек жекелеген қасиеттер менқабілеттерді
түсінуінен туындайды. Өзін-өзі түсінудің жоғарғыдеңгейіне қол жеткізген студенттердің
ұғымындағы“Меннің” біртұтас бейнесі оның құндылық бағытының жалпы жүйесіне кіреді.
Бұл бағыт оның өз дамуы мен алға қойылған мақсаттарына жетудебасты негіз болады. Егер
бұдан ертеректе болашақ педагог шеберлігінің критериіретінде оның, негізінен, арнаулы
әдістемелік және педагогикалықсаладағы білімі мен дағдылары қарастырылса, соңғы кезде
зерттеушіғалымдар болашақ педагог тұлғасының психологиялық қасиеттерінебаса көңіл
аударады, әсіресе тұлғаның қайталанбас бітім болмысымен тұлғаның өзін-өзі қабылдап
ұғынуын сараптауға мүмкіндікберетін перцевтивтік-рефлексиялық қабілеттеріне ерекше мән
береді. Н.В. Кухарев еңбетерінде шебер педагог жұмысын қатаңқадағалау олардың өз
тәрбиеленушісінің жеке тұлғасына айрықшанәзік сезімталдықпен қарайтындығын көрсетті.
Тұлғаның мұндайсезімталдығы олардың жоғары байқағыштығы мен көрегендігініңжемісі.
Бұл қабілет олардың болашақ педагог жолындағышығармашылық табысының алғы шарты.
Олай болса, бүгінгістуденттің өзін-өзі үнемі танып, қадағалап отырып, олардың
бойындақырағылық, жоғары сезімталдық, соның арқасында жаманнанжиреніп, жақсыға
ұмтылысы жоғарлайтыны сөзсіз. А.К. Маркованың пайымдауынша, бұл қабілеттер –
қайтаданқалпына келмейтін қабілеттер. Тұлға бойындағы олардыңмардымсыздығы немесе
мүлде дамымағандығы оның жеке бітімініңжағымсыз жаққа өзгеруіне әкеліп соғады. Н.В.
Кузьминаның зерттеу еңбегінде шеберліктің жоғарыдеңгейін меңгерген студент үздіксіз
өзін-өзі тану процесіне жететіндігін көрсетті. Бұл үрдіс тәжірибенің өзге адамдар мен өзін-
өзі танудың барлық компоненттерінің бір-бірімен үйлесе ұштасуынанегізделген. Оларға
өзін-өзі әділ бағалау , өзінің жеке тұлғасыныңжетістіктері мен сәтсіздіктерінің себептерін
түсіне білу, өз іс-әрекетінің нәтижелерін пайымдай және сараптай білу, өз іс-әрекетімен
өзге іс-әрекеттерін салыстыру қасиеттері тән. Жоғары деңгейдегістудент тұлғасы өз
мүмкіндіктерін әділ бағалай білудің арқасындаөзінің іс-әрекеттерін тиімді қадағалайды, оқу-
тәрбиелік мәселелердішешуде жоғары деңгейге қол жеткізеді, жеке тұлғаның бойында
рухани-адамгершілік құндылықтары мен қасиеттері қалыптасады. Перцептивтік-
рефлексиялық, диагностикалық және алдын-алаанықтау дағдылары студент тұлғасының
кейбір психологиялыққасиеттерімен тығыз байланысты. Г.М. Метельскийдің зерттеу
еңбегінде студенттің жоғарыдааталған дағдылары мен оның санасының сынилығы, өзіне
талапқоюы, оның өзін-өзі бағалауының әділдігі, өз уақытын ұйымдастырабілуі, өз мінез-
құлқын және дағдыларын тәрбиелеу жүйесінжобалауға көмектеседі, яғни рефлексиялық
міндеттерді тиімдіорындай білу студент тұлғасында рухани-адамгершілікқұндылықтарының
табысты жетілуіне жетелейді. Қазіргі кезге дейін тұлғаның өзін-өзі түсінуін зерттеу
еңбектерінегізінен теориялық негіздері терең сарапталмаған. Бұл жөніндешектеулі мәселелер
қарастырылады. Олар өзін-өзі түсінудіңдеңгейлері мен бірліктері секілді мәселелерге
бағытталады. Тұлғаның өзін-өзі түсінуінің құрылымын теориялық сараптауоның үш құрама
бөлімнен/когнетивтік, аффективтік және мінез-құлықтық компоненттер/ тұратын өзін-өзі
толықтырушы бірлікекендігін көрсетті. /Л.М. Митина, А.К. Маркова/. Когнитивтік құрылымдық
бөлімнің ішіне тұлғаның өзінпедагогикалық саладағы тұлғааралық қарым-қатынастар
жүйесіндегіжәне өзінің тұлғалық даму жүйесіндегі өзін-өзі түйсінуі/сезінуі/ кіреді. Біртіндеп,
жекелеген педагогикалық ситуациялардағы өз бітімітуралы ұғым – түсінігі негізінде,
әріптестерінің пікірі негізіндетұлғаның бойында тұрақты“Мені” қалыптасады. л тұлғаға өз-
өзінедеген сенімділік туғызады немесе керісінше, ол сенімді яки мүлдежояды.“Мен”-
негізінде тұлға өзіне қатысты құбылыстарға бағабереді. Тұлғаның өзіне деген аффективтік –
бағалаушылық қатынасытұрғысынан - өзінің қазіргі бойындағы қасиеттері мен
мүмкіндіктерінбағалауы/өзін-өзі ретроспективті бағалау / және болашақ жетістіктерін
бағалау/өзін-өзі потенциальді немесе идеальді бағалау /, сонымен қатар өзі туралы өзгелердің
ой-пікірін бағалауы/рефлексиялық бағалау / жіктеліп – бөлінеді./Ю.Н. Кулюткин, В.Н.
Козиев, А.К. Маркова/. Егер өзекті бағалау ретроспективтібағалаудан, ал идеальдік
бағалау- өзекті бағалаудан жоғары болса, бұл өзін-өзі түсінуінің өз бойында өсуі-
жетілгендігін дәлелдейді. Өзіне жағымды көзқараспен қарайтын студент тұлғасының
бойындаөзіне деген сенімі ұлғайып, өз бойындағы адамгершілік-руханиқұндылық бағдарына
көңілі толу сезімі туындап қабілеттің жалпытиімділігі артады. Мұндай студент тұлғасы
өзінің рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға деген қабілетмүмкіндіктерін
толықтай іске асыруға ұмтылады. Айрықша маңызыбар бір жайт тұлғаның өзі туралы
позитивтік, көтеріңкі“Мені” оныңөз бойында осындай көтеріңкі“Менін” тәрбиелеуге ықпал
етеді. /Р.Бернс,1986/. Өзін сенімді де, салмақты , байсалды сезінетін тұлғаәріптестерінің
бәріне де бірдей мейірлі әрі тең көзқараспен қарайды. Өз қабілетінің әлсіз, дамымаған
жақтарын түсініп, оларды түзесемдеген ниет өзіне деген жалпы көтеріңкі көзқарасқа кері
әсер етеалмайды. Керісінше өзін-өзі бағалау деңгейі төмен тұлға қорғансыз
күйге еніп өзінің қорқынышы мен стрестері әсерінен қоршағанортаны теріс қабылдап,
психологиялық өзін-өзі қорғау құралыретінде авторитарлық стильге көп жүгінеді. Соңғы
жылдардағызерттеулер студент тұлғасының өзіне деген қызығушылық деңгейітөмен
екендігін, өз“Менін” қорғауға бейімдігінен қарағанда, олардың өзге адамдарға жоғары талап
қоятындығын көрсетті. Сондықтан да студент тұлғасының өзі туралы көтеріңкі
көзқарасынжетілдіруі өз бойындағы рухани-адамгершілік қадір-қасиеттерінің,өсіп-жетілу
мүмкіндігі туралы өзін толыққанды көрсетсем дегенниетін бекітуі“өз әріптестері үшін
маңызды тұлғаға айналып, өзініңжәне олардың өсіп-жетілуіне ықпал етіп, осыған
байланысты өзінедеген құрмет адамгершілік сезімінің туындауы – осының бәрі
адамтұлғасының сипаттамасы ретіндегі көтеріңкі“Менін” жетілдірудіңмаңызды
компоненттері.Бұл сипаттамалар жас студент тұлғасының өзін-өзі түсінуі мен
өзшеберлігінің өсу барысын анықтайды. Өзін-өзі түсіну, яғни өзіндік“Мен” тұлғаның өзін-
өзі тану процесінде қалыптасады. Студенттұлғасының өзін-өзі тануы оқу процесінде жүзеге
асады. 2. Шетелдік педагог ғалымдардың зерттеулерінде болашақпедагог тұлғасының өзін-
өзі тану, өзін-өзі бағалау , оның“Меніне” арналған бірқатар зерттеу еңбектері бар: А.Комбс,
1962; М.Розенберг, 1965; С. Мецер, 1968; Ф. Куолтер, 1974; К. Паркер,1977; Т. Кейт, 1986;
Р. Бернс, 1986; М. Харрис, 1986 және т. б. Ф. Куолтер /1974/ студенттердің – болашақ
педагогтардыңпедагогикалық сараман уақытындағы өздерін көрсету , ұстауерекшеліктерін
зерттеді. Осының нәтижесінде ол мынандай шешімгекелді: егер студенттердің өзі туралы
ұғым түсініктерін қалыптастырубағытында арнайы жұмыстар жүргізілетін болса, бұл
ұғымдар өзгестуденттер ұғымынан әлдеқайда терең әрі толық, студенттердің өзтұлғасы
туралы ұғымдарын қалыптастыруды басқаруға болатындығытәжірибе негізінде дәлелденді.
№2 Кесте. К.Р. Левинтан мен С.Г. Верловский көзқарасыбойынша өзін -өзі танудың басты
тәсілдері мен мазмұны.Өзін-өзі тану тәсілдері МазмұныТұлғалық өзін-өзі сараптау Тұлғаның
жетістіктері менсәтсіздіктерінің себеп-салдарлықбайланысын ашуға көметеседі. Өзін-өзі
сараптаудың қай бағыттаөрбуі тұлғаның өз бойындаадамгершілік рухани қадір-қасиеттердің
қаншалықтытереңдігі оның тұлғалықшығармашылық потенциялыныңдамуын, тұлғалық өсіп-
жетілуінанықтайды. Осындай ішкі жан-дүниедегі жұмыс аналитикалықойлау қабілетін
дамытады, тұлғалық рольдік мінез-құлықына дер кезінде түзетуенгізуді қамтамасыз
етеді.Педагогикалық рефлексия -тұлға саласының өз-өзіне қарайбағытталуы, оның өз
бойынаүңілуі, болашақ педагогтыққызметі туралы ұғымдарынескеру. Бұл тұлғаның белгілі
бірситуация туралы пайда болғанұғымдарының бейнесінің көзалдына ойша келтіріп,
соныңарқасында өзі туралы ұғымды нақтылау қабілеті. Өзінің әрбіріс-әрекетін оның
мақсатқасәйкестігі тұрғысынан саралайкеле, ол өзін әркез түзепотырады.
Рефлексияныңнегізінде осындай үздіксіз өзін-өзі түзеу процесі жатыр. Онсыз/болашақ
педагог/ студенттұлғасын дайындаудың жемістіболуы мүмкін емес. Өзін-өзі бақылау оқу
барысындағы белгілі бірситуациядағы өз қалпын көзалдына елестетуге тырысуы. Өзін-өзі
бақылаудың, болжаудың
бастыкритериі – адамгершілік-руханиқұндылық бағдарын жан-жақтысараптау қабілеті мен
осы негіздешешімдердің көптегенмүмкіндіктерін дайындау , сонымен қатар іс-
әрекеттіңалдағы мүмкін нәтижесін алдын-ала көру. Өзін-өзі қабылдау -бұл процесс кезінде
нақтыситуацияға байланысты өзі жәнеөз құлқының жекелегенбейнелері, қалыптасады. Өзін-
өзі қадағалау түрлі ситуациялар кезінде өзін-өзі саналы немесе еріксіз түрдебақылау.
Мұның арқасындабелгілі бір айтарлықтай тұрақтыөзінің“Мені” туралы ұғымқалыптасады. Р.
Гарвей жоғарғы курс студенттерінің“Меннің” ерекшеліктерімен оларды оқыту тиімділігі
мәселелерін зерттеді.“Жоғарыакадемиялық үлгерім деңгейін игерген жоғарғы курс
студенттерінің бойындағы олардың өзі туралы ұғымдарындағы қайшылықтар менөзіне деген
сенімсіздік деңгейі әлдеқайда төмен”. Студенттердің педагогикалық қызметінің табыстылығы
әркезолардың өзін-өзі көтеріңкі бағалауымен, өзі туралы ұғымдарындағыбұлыңғырлықтың,
түсініксіздіктің жоқтығымен және олардыңбейімделуге деген жоғарғы қабілеттілігімен
ұштасып, сабақтасыпжатады. Бұл тұлғаның өзін-өзі бағалау қызметінің
қажеттілігіндәлелдеді. Өзін-өзі бағалау әрбір тұлғаға өз тиімді стилін тауып, оныдамытуға
мүмкіндік береді. Д. Доуэрти және К.Паркер студенттердің өзін-өзі бағалауыолардың
экстраверттілігі мен нейротизміне тәуелді екендігінанықтады. Студенттердің өздерін
қоршаған ортасы олардың көбінесеинтроверттікке бейімделуіне ықпал етеді, ал
интраверттердіңэкстраверттерге қарағанда өзін-өзі бағалау шамасы төмендеу,қалыпты
эмоциялық деңгейдегі студенттен нейротизмнің жоғарыдеңгейіндегі студенттің өзін-өзі
бағалауы жоғарырақ.Болашақ педагог өміріндегі өзін-өзі көтеріңкі бағалаудың маңызытуралы
А. Комбс, М. Розенберг, Р. Бернс және т.б. жазды. Тұлғаның өзін позитивтік тұрғыдан
қабылдауы оның қызметініңтиімділігінің маңызды факторларының бірі ретінде
тұлғаныңкөтеріңкі“Менінің” дамуына әсер етеді. Өзіндік“Мен” мен“Менінің” тиімді оқыту
арасында айқынбайланыс бар. Тиімді оқытудың қажетті шарттарының бірі- тұлғаныңөзінің
жеке және өз біліктілігіне деген сенімділік деңгейі. Сыныпішінде өзін сенімді сезіне
отырып студент өз кемшіліктері меноқушылардың кемшіліктерін оңай, тез ұғынады.“Өзінің
бойындаәділдік, шынайылық, өз тұлғасының адамгершілік-руханиқұндылығы сезімі бар
және оқушыларға позитивтік көзқараспенқарауға әзір тұлға оқушылардың өзін-өзі түсінуі
мен олардыңтұлғалық қалыптасуына тиімді ықпал ете алады, оларды өзіне сенугеүйретеді,
құндылықтарды жеңіп, оқудағы өз мүмкіндіктерін толықтайқолдауға үйретеді. Алайда түрлі
зерттеулердің нәтижелері/Бернс/” тұлғаның мұндай маңызды қасиеттерінің даму деңгейі
төмендігінкөрсетті. Адам өзін-өзі тануға талаптанбаса, оның қолынан өзге адамдардытанып
түсіну және оларға нақты көмектесе алу келмейді. Қоғамдықдамудың өзге адамдармен
қарым-қатынасқа түсетін әрбір адам өзін-өзі тануын тереңдетуі шарт, бірақ Джерсиидтің
байқауынша бұғанжеткілікті мөлшердегі жүректілік қажет, өз рефлексиясының нәтижелері
қандай болса да, оларды әділ түрде қабылдауға мүмкіндікберерлік белгілі мөлшердегі
объективтілік қажет. Студент тұлғасының өзін-өзі тануы білім беру жүйесінде
жетекшімақсаттардың бірі дәрежесін алуы қажет. Студенттің“Менін” позитивтік өзгерту
қазіргі таңда педагогика мен психологияға дегенгуманистік көзқарастың бірден-бір маңызды
саласы, оқыту ментәрбиелеу ісіне қатысы бар әр адамның өзін-өзі адамгершілік
тұрғыдадамытуын қамтамасыз ететін басты құралы. Болашақ маманның өзін-өзі дамыту
қағидаларын меңгеруі қажет, әйтпесе ол өзгелерге бұлпроцесте қажетті көмек бере алмайды.
Оқытудың тиімділігі тұлғаның психикалық дүниесінің жалпыүйлесімділігіне, әсіресе
оның“Менінің” көтеріңкілігіне, позитивтілігіне тәуелді. Сондықтан студенттің тұлғалық
дамуыныңсипаты мен өз бойындағы рухани-адамгершілік құндылықбағдарының мән-маңызы
оның академиялық жетістіктерініңмаңызынан кем емес. Сөйтіп, педагогикалық жоғары оқу
орындарыныңбағдарламаларындағы өзін-өзі тану мен өзгелерді түсінудің аларорнын,
маңызын айтып жеткізу мүмкін емес, себебі“болашақ маманбіреуді өмір бойы бір нәрсеге
оқытады”.
3. Осы тұрғыдан Ш.Құдайбердінің“Үш анық” аттыфилософиялық еңбегінде тұлғаны рухани
қалыптастырумәселесіндегі маңызы ерекше екеніне тоқталуға болады. өзінің ұзақ жылдар
бойы ізденіп, зерделенген ой түйініндефилософиялық танымның екі бағыты терең
зерделенді. Материализмжолындағы таным-бірінші анық, дін жолындағы идеалистік таным-
екінші анық деп ара жігі ажыратылады. л өзінің көрегендігімен теклогикалық ойлау
жүйесі арқылы дүниені тану мүмкін емес екендігінатап өтеді. л … адам жанының көрінісі
ынсап, әділет, мейірім–үшеуі қосылып ар-ұждан деген ұғым беретінін, ол ар ілімінің негізі
болатынын, оның үшінші анық екенін қисынды түрде тұжырымдады. Тән мен жанның
үйлесімділігін, жанның саналы толысуын түсініп, ар-ұжданның өмірге таяныш екенін сезген
адам ғана жүрегіндегі тазакіршіксіз махаббаты арқылы жаратушыны танып, өмірдің мәнін,
өзінің өмірге не үшін келгенін саналы түрде ұғынып, жарқынболашаққа жететіндігінің
ақиқаттылығына көзін жеткізді. Ш.Құдайбердіұлының еңбектеріндегі“жан, рух” жайындағы
тұлғаның руханилық санасы - өмірдің мәнін, өзінің өмірдегі орынын, өз тағдырын
халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетіндамыту , жақын адамдардың алдындағы
жауапкершілігін сезіну, өзінің жеке басына тән азаматтық және адамгершілік
парызынорындау т.б. ой жетегінен адамгершілік рухани қадір қасиеттердіңбіртұтастығын
және оның қалыптасуы жан мен рухтың, тәнніңүйлесімділігінен туындайтынын ұғынуға
болады.Ш. Құдайбердиевтің“Үш анық” шығармасы жан мен тәнніңөзара байланысын
көрсете отырып, ақылдылыққа, ынсаптылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу , ақыл мен мінез
үйлесімділігінқалыптастыру сияқты парасаттылыққа шақырады. Шәкәрім рух пеннәпсі, ақыл
мен ой, сенім мен махаббат, ақиқат, жүрек жылуы сияқтырухани ілімді талдап берді. Адам
өміріндегі мақсатты - өзін-өзітанып, таза ақылына салып, ақ пен қараны/жақсы ой мен
жаманойды/ ажыратып, тура жолын, өмірдегі өз орнын таба білу рухынөсіріп, нәпсісін
тиып тәрбиелеу Шәкәрімнің басты қағидасы болды. Яғни, адамның кез-келген іс-әрекеті ол
- жаны мен тәнініңықыласынан туындайды, адам парасатты болу үшін ол өзінің ішкіжаны
мен тәнінің тылсымын түсіну қажет екендігін өз ойларындадәлелдейді. Бұдан біздер,
тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі биікадамгершілік тұрғыда көтерілгенде ғана тұлға өзін-өзі
танып, өзмақсаттарын іс-әрекет түрінде жүзеге асыра алады – деп ұғынуғаболады. Ал,
рухани сананың мақсаты-өмірдің құндылығын түсіну, ақыл-ой арқылы үнемі адамгершілік
тұғырлары шындықты, ақиқаттыіздеу ; сезім арқылы сұлулықты сезініп, түсіну; ерік
арқылымейірімділікке, рахымдылыққа ұмтылу. Рухтың ұясы-жүрек. Ақыл жүрекпен нұрланса,
неғұрлымрахымға толы болса, соғұрлым адамды ізгілендіреді. Жүрек жылуынсыз тек қана
ақылмен қабылданған білім адамныңөзіне де, қоғамға да болашаққа да теріс ықпал етеді.
Жастардың дамукезеңдерінде адамның рухани өзегін қоректендіруші ретінде тәрбие,
біліммен қатар қолға алынуы тиіс, яғни білімге адами жәнерахымдылық сипат беріліп,
ақылды жүрек жылуымен нұрландырғанжөн. Жалпы, рухани жан көрністерін бақылау
арқылы адамның ішкідүниесіне көз жіберу немесе тексеру арқылы адамды тану
біздіңхалқымызда өте жоғары деңгейде қалыптасқан. Мәселен, көруқұралы – көз туралы
мынандай тіркестер бар:”үлкендеу келгенқоңырқай саналы көздер”,“нұрлы көз”,“ойлы, оты
бар жанғанкөздер”,“ұялы қара көз”. Бұлар ойлылық, ақыл мен парасат, ізгілікпен ізеттілік,
көңіл күйініші мен сүйенішін білдіреді, яғни жақсыадамгершілік көріністер белгісі. Ал
енді“суық”,“жалтыраған”,
“сығыр,“түссіз”,“жасқаншақ”,“қомағай”,“өлі
қозғалыссыз”
көздерыза, ашу, нұрсыздық, ойсыздық тәрізді адам жанының ішкі көрінісінайқындайды.
Сондықтан болар, ата-бабамыз:“Көреген болсабалаңыз, күйіңді көзден болжайды” деген.
Адамның тәрбиелігі – оның таза, ұқыпты жүруді түсінгендігімен ғана емес,
осықасиеттердің ол үшін табиғи қажетке айналғандығымен өлшенеді – дейді халық
даналары. л үшін әрбір тұлға өзінің осы қасиеттерінтерең түсінуі қажет. Қазіргі ұрпақ
тәрбиесінде тұлғаның өзін-өзі тану жолындағыізденісі басым. Мәселен,“Мен кіммін”,“Мен
қандаймын” Мендүниеге неге келдім? Менің өмірім қандай болуы керек? –
дегенсұрақтарға жауап беру үшін адам алдымен өзін-өзі тануы арқылы, өзгеге және өмірге
қатынасын айқындауы тиіс. Адам қолыменжасалатын заттың бәрі оның өзіне қызмет
атқарса ғана құндылығынсақтайды. Ал адамның құндылығы неде? Оның қабілеті мен
өмірдекөздеген мақсаты қалай анықталады? Әр адам дүниеге келгеннен кейін, өсіп жетіліп,
тұлғалықерекшелікке ие болады. Оның ерекшелігі, құндылығы – оныңқайталанбас даралық
сипатында. Тіпті өмірде егіз туған балалар дабірдей бола бермейді. Адамның даралық
сипаты оның өмірге беретін
үлесімен, сіңіретін қызметімен ерекшеленеді. Адам өзінің құндылықсапасын білу үшін
өзінің даралық сипатын сақтап, оны жетілдіруікерек. Адамның даралық қасиеттері оның
адамгершілік руханиқұндылық сипатын көрсетеді, сол даралық қасиеті өзгелердіңназарына
ілініп, төңірегіндегі адамдар оны сол адамгершілік руханиқадір-қасиеттері үшін
құрметтейді. Студенттің мінезін дұрысқалыптастыру үшін ата-ана, оқытушы студенттің тәндік
және жандықжаратылыстарын ажырата қарастырмай, бірдей ескеруі тиіс. Отбасында
жастардың денсаулығын, материалдық қажеттіліктерінөтеп, қамтамасыз етеді. Сонымен
қатар, жастардың жандық сипаты, яғни ішкі“Мен”-нің қажеттілігін қамтамасыз ету көбіне
ескерілебермейді. Жеке тұлғаның сыртқы бейнесі – тән, ал оның ішкі жандүниесі – оның
ішкі“Мен”- інің қажеттілігі. Тұлғаның үлгілі-өнегелімінезін қамтамасыз ету көбіне ескеріле
бермейді. Ал адамды өзмәнінде танып, онымен дұрыс қарым-қатынас орната білу үшін
бізоның жандық сипатын, яғни даралық ерекшелігін көре білуіміз керек.Рухани сана тәндік
санамен тығыз байланысты. Адам санасы үштүрлі қызмет атқарады, олар – ақыл-ой, ерік,
сезім. Адамгершілікрухани сананың мақсаты - өмірдің құндылығын түсіну, ақыл-ой арқылы
үнемі шындықты, ақиқатты іздеу ; сезім арқылы сұлулықтысезініп, түсіну; ерік арқылы
мейірімділікке, рақымдылыққа ұмтылу. Адамның қиялы, өзіндік санасы, ар-ұяты,
шығармашылықұмтылысы бәрі де сананың қызметіне жатады. Осындай руханиқасиеттер
болмаса, біз кісілік келбетімізді мүлде жоғалтар едік.
Достарыңызбен бөлісу: |