Сабақтың мақсаты: Әдебиеттану ғылымының үшінші
саласы драма тегінің жанрлық
ерекшелігі мен оның басты арналары – трагедия мен комедияның теориялық негіздеріне
тоқталу.
Сабақтың жоспары:
1.Драма тегінің табиғаты
2.Драма жанрының түрлері
Бақылау сұрақтары:
1.Драма дегеніміз не?
2.Драманың табиғаты қандай?
3.Драма тегінің эпос пен лирика жанрынан айырмашылығы не?
4.Драманың қандай түрлері бар?
Глоссарий:
Драма (грекше – қимыл, әрекет) - әдебиеттің үшінші тегі, шындықты айрықша
тәсілдермен
синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап,
оқиғаға
қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдына қолма-қол көрсететін
күрделі жанр – «әдебиеттің ең қиын түрі» (Горький).
Трагедия (грекше – текенің әні) – құдіретті күш иесі, ғаламат қайсар, ақиық ер де өр
тұлғалардың жаратылыстағы, жалпы өмір-тіршіліктегі адам жеңіп болмас асыңқы, асқақ
кедергілермен кескілесіне, оның жан дүниесіндегі
терең тебіреністерге, өзімен-өзінің
іштей арпалыстарына құрылған күрделі сахналық шығарма.
Комедия (грекше – күлкілі, қызық ән) – өмірдегі келеңсіз, керексіз құбылыстарды, адам
бойындағы қасиетсіздікті, оспадарлықты,
мінездегі мінді сықақпен сынап, келекеге
айналдыратын күлкілі пьеса.
Блиц-тест.
1. Трагедия жанрының тууына ежелгі гректердің кім жайлы аңызы негіз болған?
А) Дионис жайлы
В) Прометей хақындағы С) Апполон жайлы Д) Зевс жөніндегі Е)
Нептун туралы
2. Ғ.Мүсірепов жазған драмалық шығарма:
А) Ақан сері-Ақтоқты, В) Ұлан асу, С) Абылай хан, Д) Сылаң қыз, Е) Қарагөз,
3. Классицизм өнеріндегі жетекші жанр:
А) Трагедия В) Арнау С) Комедия Д) Сатира Е) Мысал
4. Аристотель «Поэзия өнері туралы» атты еңбегінде қандай жанрдың айрықша жоғары
бағалаған?
А) Трагедия В) Сатира С) Драма Д) Эпопея Е) Комедия
5. Классицизм эстетикасы бойынша қандай жанрлар төменгі саналды?
А) Комедия, сатира В) Трагедия, ода С) Сонет, арнау Д) Эпопея,
элегия
Е) Поэма, роман
6. Белинскийдің «Өз Отанының тағдырына жаны аши қарап, оның үмітін бөлісіп, дертімен
ауыратын жан» деген пікірі кім туралы?
А) Халықтық қаламгер жайлы В) Әдеби мектеп жетекшісі хақында С) Сыншы туралы Д)
Қоғам қайраткері жөнінде Е) Мемлекет басшысы
7. Көркем бейнені тікелей қимыл-әрекет үстінде бейнелейтін шығарма үлгісінің бірі
А) Әңгіме В) Баллада С) Повесть Д) Роман Е) Комедия
8. Отеллоның кейіпкер ретіндегі сипаты:
А) Трагедиялық В) Геройлық. С) Комедиялық. Д) Сатиралық. Е) Юморлық.
9. «Комедия жанрының атасы» атанған көне грек драматургі.
А) Аристофан В) Софокл С) Эсхил Д) Эврипид Е) Гомер
10. Әдеби тек тарапынан бөлінгендегі образ түрі:
А) юморлық, В) романтикалық,С) сатиралық образ. Д) фантастикалық Е) драмалық
Әдебиеттер:
1. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Санат, 2002.
2. Әдебиеттану терминдер сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1998.