П 15 Пікір жазғандар


№6 практикалық сабақ тақырыбы



Pdf көрінісі
бет35/65
Дата27.11.2023
өлшемі0.97 Mb.
#484557
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65
әдебиет теориясы

№6 практикалық сабақ тақырыбы: Композиция мен сюжет, мазмұн мен форма
Сабақтың мақсаты: Көркем шығарманың басты компоненті композиция мен сюжет,
мазмұн мен пішін мәселесін қарастыру.
Сабақтың жоспары:
1.Композиция мен сюжет
2.Мазмұн мен форма
Бақылау сұрақтары:
1.Мазмұн мен форма
2.Сюжет пен композиция бірлігі
Тапсырмалар:
1.«Мазмұн мен пішін» тақырыбына З.Қабдоловтың «Сөз өнері» оқулығынан конспект
жасап кел.
2.Композициялық құрылымның әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, жазбаша схема
түрінде сызып бер.
Глоссарий:
Сюжет (французша sujet – зат) – көркем шығарманың мазмұнын ашып, мазмұнды пішінге
көшірудің негізгі түрі, жолы немесе тәсілі.
Фабула – көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу, мазмұндау.
Тартыс (латынша conflictus-қақтығыс, айқас; кейде collisio-ала ауыздық, талас) – өмірдегі
қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше қарама-қарсылықтардың,
адамға тән әр алуан көзқарастағы, идеядағы, сезімдегі, нанымдағы, іс-әрекеттегі, мақсат-
мүддедегі кереғар құбылыстардың өнер туындысындағы жинақталуы, суреттелуі.Өнердегі
тартыс-ойдан шығарылған не қолдан жасалған әлдене емес, ақиқат шындығы ала ауыз
әлеуметтік күштердің айқасы, «драмаға толы, ұлы һәм күлкілі қайшылықтарға толы
өмірдің» (Горкий) өз арпаласы.
Композиция (латынша composito – құрастыру, қиыстыру) бірер сөзбен айтқанда, көркем
шығарманың құрылысы, оның үлкен – кішілі бөлім – бөлшектерінің бір-бірімен қисынды
түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық – бірлігі.


Сюжеттің басталуы (латынша exspositio – дәйектеме). Оның кіріспесі іспеттес; мұнда
әдеби қаһарамандар өзара қарым-қатынасқа көшпес бұрынғы хал-жағдайды, тіршілік,
қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі.
Сюжеттік байланыс – адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартыстың басталуы іспеттес,
шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі.
Сюжеттік даму адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл-әрекетінен туған түрліше
жағдайларға шиеленістерге байланысты.Шығарманың фабуласы да бірінен-бірі туатын әр
алуан ситуациядан, интригадан құралады. Бұлар жоқ жерде сюжеттік даму да, фабулалық
оқиға да жоқ.
Шарықтау шегі (латынша - шың) – сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы; адамдар
арасындағы
қимыл-әрекеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері; шығармадағы
драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі.
Шешім (развязка) – суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі»;
адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі; түрліше
тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже; оқиғаға қатысушылардың ең ақырғы хал-күйі;
күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.
Сонымен, сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан
қиысиырып тұратын нәрсе – шығарманың композициясы.
Ал композициялық шеберлік – шығармадағы барлық бөлшекті бір ғана бүтінге тұтастыру,
бәрін бір ғана нәрсеге – негізгі идеяға - бағындыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет