P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


өйткені болып жатқан оқиғалардан өзіңді саналы түрде аулақ ұстау



Pdf көрінісі
бет244/280
Дата17.09.2022
өлшемі7.74 Mb.
#460870
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   280
Жаксылыкбаева Р.

өйткені болып жатқан оқиғалардан өзіңді саналы түрде аулақ ұстау, 
оқиғаны обьективті, кэсіптік түрғыдан көрсетудің кепілі саналады.
4. Журналист, толық сенімді, толық жэне әбден тексерілген 
ақпаратты жолдауы тиіс. Ол өз ақпарат көзінің ұясы саналатын 
ұйымның жэне жеке тұлғаның аты-жөнін толық көрсету керек. Ол 
конфиденциалдылық кұкығын қорғап ақпарат көзін айтуы мүмкін, 
алайда газеттегі ақпарат үшін моральдық, материалдық жэне 
қылмыстық жауапкершілікті мойнына алады.
5. Журналист барлық ақпарат көздеріне баруға құқылы, соны- 
мен қатар қоғамдық өмірді құрайтын барлық фактілерді зерттеуге 
құқы бар. Егер журналистке сұраған ақпаратын беруден қасақана 
бас тартса, ол бұл туралы жария түрде хабарлауға құқылы.
6. Журналист кұқықтық міндетіне жауапты қарап мемлекеттік 
құпияны жария етпейді. Тиісті ақпараттардың басылымына ол 
эмбарго тэртібін сақтайды. Егер ол мұндай шектеуді қасақана


200
Ж а қ сы л ы қ б а ева Р.С. Ж урналист этикасы
дэп, оның мақсаты өзін ақпарат көзіне жібермеу деп санаса ол 
компетентті органдарға бұл туралы хабарлап жария түрде түсінік 
талап етеді.
7. Фактілерді түсіндіру арқылы белгілі мәселелер бойынша 
сөз таластарға беріліп кетуде журналист этиканы сақтап, диалог 
мәдениетінен аспауы керек. Бұл арқылы ол өзі сөз таласқа түскен 
адамның қадір-қасиетін құрметтеген болып саналады.
8. Журналист жұмысы қоғамдық сынға ұшырауы мүмкін. Жур­
налист пен редактордың міндетіне барлық ұсыныстарға мұқият 
құлақ салып, бұл жайлы жүртшылықты жиі-жиі хабарландырып 
отыруы болып саналады.
9. Журналистің құқығы мен парызы ақпараттың емін-еркін ай- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   280




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет