P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


дан бастап сұхбат беретін адамның өзіне деген сенімін тудырады



Pdf көрінісі
бет137/280
Дата17.09.2022
өлшемі7.74 Mb.
#460870
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   280
Жаксылыкбаева Р.

дан бастап сұхбат беретін адамның өзіне деген сенімін тудырады, 
сөйтіп оның эңгімесі сэтті шығады. С ебебі, сөз жоқ, журналист­
ке деген көзқарасы дұрыс, оған толық сенетін кейіпкер қойылған 
сүрақтарға түгелдей қанағаттанарлық жауап, эрі ақпарат беруге ты- 
рысады. Зерттеуші В.М. Теплюк сұхбат алу жөнінде мынадай пікір 
білдірген: «Журналистің эңгімеге «еркін енуі», адамдармен байла- 
ныс, қарым-қатынас орната білуі материалдың сэтті шығуына көп 
жағдайда ықпал етеді. Осы тұста журналист өзіне жайлы жұмыс 
жағдайын жасап, кейіпкерінің еркін сезінуіне септігін тигізетіндей 
эрекет таңдап алуы тиіс...» (Теплюк В.М. Этика журналистского 
творчества. 1980. 62 б.).
Сұхбаттың сэтті шығуы үшін журналист эңгіме барысындағы 
кейіпкердің мінез-құлқында, көңіл-күйінде болып жатқан өз- 
герістерді байқай алатын, сол арқылы сұхбаттың достық рэуіште 
жүруін қамтамасыз ете алатындай сыпайы психолог болуы 
тиіс. М әдениетті, тэжірибелі журналист әңгімені ақырын ғана 
өзіне керекті арнаға ыңғайластырып, бағыттайды, мұны оның 
сұхбат кезінде қойған сауалдарынан байқауға болады. Амери­
ка журналистеріне арналған көмекші құралдан үзінді келтірсек: 
«Зілді, арандатушы сүрақтарды қойғаннан аулақ жүріңіз. Егер де 
сіз батыл, оның үстіне әдепті болсаңыз, онда дегеніңізге жетуіңіз


104
Жақсылықбаева Р.С.
Журналист этикасы
әбден мүмкін. Бірақ мүны қиын сұрақтарды қоюға болмайды 
деп түсініп қалмаңыз. Сауалдардыңыз мығым болсын, алайда 
ешбір қажеті жоқ эмоциясыз қойыңыз. Осы тұста: «Әйеліңізді 
үрып-соғуды қашан қояды екенсіз?» - деген сияқты арандатушы 
сұрақтарға орын болмайды» (Журналист. - 1993. - № 5. 29-30 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   280




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет