ӘОЖ 070:17
КБЖ 76.01
ISBN 978-601-04-Q266-9
© Ж ақсылықбаева R, 2013
© Әл-Фараби атындағы Қаз¥У, 2013
I mapay
ЖУРНАЛИСТ ЭТИКАСЫНЫҢ ТАБИҒАТЫ
Журналисток әдеп журналист қыз-
метінің ең басты шарттарының бірі бо-
лып табылады.
Мұнсыз баспасөздің
де, журналистің де беделі болмас еді.
Журналистің кэсіптік эдебін терең біліп, жан-жақты түсіну, оны
зерттеу, эсіресе, біздің Қазақстан журналистикасы үшін зэру
мәселелердің бірі болып отыр. Өйткені, бүл енді ғана назар ау-
дарыла бастағаны болмаса, элі ғылыми тұрғыдан да, кэсіптік
шеберлікке қатысты да байыптап үлгермеген тың да күрделі
мәселе. Сондықтан, этика мэселесі - журналистердің басты наза-
рында болатын тақырыптардың бірі.
Журналистикадағы этика ғылымына Ресей ғалымдары соңғы
он жыл ішінде ғана аса көңіл аудара бастады. М әселен, ғалым
Р.Г. Бухарцев қазіргі таңдағы кәсіби этиканың табиғатынан кәсіби
этика мен журналистіц шығармашылық даму үрдісінің байланы-
сын ашык дэлелдесе, орыс зерттеушісі В.А. Казакова журналистің
жұмыс істеу барысындағы әдептілік қарым-қатынастың түрлерін
жан-жақты атап көрсетті. Ал, ғалым В.М.Теплюк журналистің
әлеуметтік мэселелердегі жауапкершілігі мен дерек, дәйектерді
қолданудағы этикалық нормаларды қарастырды.
Әдеп (этика) - мораль туралы, адамгершіліктің түрлері мен нор-
малары туралы ілімдер жүйесі. Ол - сонымен бірге, философияның
бір саласы, тәрбие туралы ғылымдардың арқауы. Ал, кәсіптік
эдеп - жалпы адамзаттық моральдың бірлігі арқылы байланы-
сады. Кәсіптік эдеп - жалпы моральдың жай ғана механикалық
көшірмесі емес. Осы себептен де эр кэсіп саласының өзіне лайық
Достарыңызбен бөлісу: |