P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


ортақтық пен қажеттілік қасиет жоқ. Кант бақыттың өзіне



Pdf көрінісі
бет6/280
Дата17.09.2022
өлшемі7.74 Mb.
#460870
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   280
Жаксылыкбаева Р.

ортақтық пен қажеттілік қасиет жоқ. Кант бақыттың өзіне 
әмбебаптық сипат беріп, оны іштей ізгі ниеттімен байланыстыруға 
тырысқан Аристотельмен келіспейді (Кант И., Критика практиче­
ского разума. 1964, 37 б.).
Кант таза жанды, әділ жэне игілікті адам ғана бақытты бола 
алады дейтін Сократпен де келіспейді. Кант ең барып тұрған 
қаскүнем де өзін бақыттымын деп сезінуі мүмкін деген тұжырым 
жасайды. Борыш - бақыттың өзін емес, оның «қадір-қасиетін» жа- 
сайтын себеп. Кант: «Ізгілік пен бақыт бірігіп, бір жеке тұлғаның 
барлық жоғары игілікке ие болуын құрайды», - деп атап өтеді 
(К антИ ., 1964, 441 б.).
Аристотель этикасына Цицерон моральдық (moralis) деген 
анықтама береді. Бұл сөз латыннан аударғанда мінез-құлық, сэн, 
салт-дэстүр дегенді білдіреді. Яғни, Цицеронның моральдык фи- 
лософиясы Аристотельдің этикасымен дэлме-дәл сэйкес келеді. 
Сонымен, IV ғ. б.з.д. латын тілінде болған «moralitas» «мораль» 
термині гректің «этика» сөзімен бірдей мағынада қолданылады 
екен (Гусейнов А .А ., Апресян Р.Г., 1999. 9-10 б.).
Мораль мен адамгершілік ұғымдары уақыт өте келе көп 
өзгерістерге ұшырады. М әселен, Гегель моральды адамгершілік 
іс-әрекеті тұрғысында қарастырса (С.9, Гусейнов А .А ., Апресян 
Р.Г., 1999), Аристотель моральды адам жанының маңызды рөлі 
ретінде анықтайды (Аристотель, 1983. 357-6.).
Кейбір ғалымдар этика жэне мораль терминдерінің тарихын 
неміс тіліндегі «Sittlichkeit» терминімен («Sitte» «мінез», «slichkeit» 
«өнегелі») қарастырады (Гусейнов А.А ., Апресян Р.Г., 1999. 
10 б.). «Этика», «мораль», «адамгершілік» - бастапқы мәнде эртүрлі 
сөздер болганымен, бір терминдік ұғымдар. Уақыт өте келе бэрі 
өзгерді, мэдениет дамыды. Этика - білім, ғылым саласының басты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   280




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет