P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


көрген жерде сәлеміңді түзу бер. Бір кезде жақсы жақының еді



Pdf көрінісі
бет25/280
Дата17.09.2022
өлшемі7.74 Mb.
#460870
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   280
Жаксылыкбаева Р.

21
көрген жерде сәлеміңді түзу бер. Бір кезде жақсы жақының еді. 
Кім тентек, кім мақұл? Қайдан білдің? Әкең дұпіпан десе, сен эділ 
бол! Жамандыққа кім табылмайды дейсің, жанашырдан айырыл- 
ма!» - деген екен (М. Әуезов, 2003, 96 б.). Осы бір үзіндінің аста- 
рынан адамдыққа, ізгілікке, кешірімшілдікке үндейтін халықтық 
тэрбиенің үлкен бір ізі жатқанын аңғаруға болады.
Адамгершілік - адамның рухани арқауы. Адамға қойылатын 
басты талап - асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына 
сіңіріп, ұлағатты азамат болу. Өйткені, адам - адамгершілігімен, 
қайырымдылығымен, адалдығымен жэне эділеттігімен ардақты. 
Әдептілік, сыпайылық, ізеттілік деген сөздердің түп мағынасы 
бір, ол - адамгершілік. Яғни, ата-ананы қүрметтеу, үлкенді сый- 
лау, шыншыл жэне әділетті болу, адамның көпшілік алдында 
өзін-өзі ұстай білуі десек, «Абай жолы» романында біз Абай бой- 
ынан дэл осындай игі қасиеттерді көптеп кезіктіреміз. М эселен, 
«Абай тоқтаған қалпында бойын тез жиып, аттылардың алдын­
да жұмысы бар кісідей көлденеңдеп кеп, тосып тұрды. Аттылар 
мұның қозғалысын оқыс көрді ме немесе таныды ма, аттарын баяу 
бастыра бастап еді, жақындап, тұстас келді.
Сол уақытта Абай үлкен ықылас білдіріп, айрықша тағзыммен 
төсін басып, қатты дауыстап:
- Ассалаумағалайкүм! - деп сәлем берді.
Абай көптен бері ешкімге бүйтіп сәлем беріп көрген жоқ.
Қарқаралыға келгелі Бөжейдің көрінгені осы. Ш ешесінің 
жүрердегі сөз есіне түсті ме, болмаса қазіргі көңіл күйіне сай келді 
ме?.. Қалайша бүйтіп әдеп шығарғанын Абайдың өзі де байқамай 
қалған-ды.
Өзге қазақтан бөлек, мына сияқты, бір алуан сыпайылыққа 
Бөжей оң назарын салды білем... атының басын тежей беріп:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   280




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет