P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


жауап табылмаған кезде олар жаңа діни қағидалар мен нормалар-



Pdf көрінісі
бет46/280
Дата17.09.2022
өлшемі7.74 Mb.
#460870
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   280
Жаксылыкбаева Р.

жауап табылмаған кезде олар жаңа діни қағидалар мен нормалар- 
ды қалыптастырды. Француз ғалымы Морис Буке ль: «Құранның 
барлық сүрелерін ұғыну үшін, менің пайымдауымша, қыруар 
ғылымдармен шұғылданып, игерген, жетілген энциклопедиялық 
білімдар, жаужүрек адам болу керек», - десе, академик В.В. Бар­
тольд: «Исламның басты артықшылығы, мұсылман әлемінің сол 
дәуірдегі білімді халықтардың алдында болуы, әрине, материалдық 
һэм рухани мәдениет жағынан бірдей мэдени біріншілікті 
ұстауында жатады. Исламият ғылымды қолдайды, элпештейді. И с­
лам ғылымының ешқандай қағидаларына кереғарлық танытпайды, 
қайшылық жасамайды. Ислам ғылымының нағыз бұлағы болып 
табылады», - деп атап өтеді. Шынында да, мұсылмандық теория 
бойынша мұсылмандық құқықтың барлық нормалары Құраннан 
жэне суннадан алынған. Сондықтан да, этика ғылымының нағыз 
энциклопедиясы - Құран Кэрім, хадистер мен сүрелер.
Мухаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с) үмбеттеріне қалдырған 
хадистері ислам дінін танытуға қоса, жақсылық пен жамандық, 
адалдық пен арамдық, ар-иман, обал-сауап, тағы басқа әдеп нор­
малары жайындағы ұлы өнеге болып табылады. Бірнеше мысал- 
дар келтірсек, Пайғамбарымыз (с.а.у) хадистерінде: «Нағыз таза 
жүрек адам ол - мінез-құлығы жақсы болған мүмін», - деген 
(Имам Нэуэуи, Хадистер жинағы (риядус-салихин). 2012. 271 б.). 
Әбу Дэрда (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.а.у): Қиямет күні мүміннің 
таразысында көркем мінезден де ауыр басатын ешнәрсе болмай- 
ды. Расында, Аллаһ тағала бейпілауыз дөрекіні жек көреді», -  
деп айтты», - деген (Хадистер жинағы. 2012. 272 б.). Сондай-ақ, 
«Кешірімді бол, жақсылыққа шақыр эрі надандардан теріс айнал 
(яғни, олардың қылығына жэне айтқан сөздеріне мэн берме)», -  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   280




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет