P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


Адалдық міндетіне қайшы келетін әрекеттердің бірі - оқырман



Pdf көрінісі
бет76/280
Дата17.09.2022
өлшемі7.74 Mb.
#460870
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   280
Жаксылыкбаева Р.

Адалдық міндетіне қайшы келетін әрекеттердің бірі - оқырман, 
көрермен, тыңдарман атынан материал, хат жариялап, кейіпкердің 
айтқан сөзінен бір үзіндіні ғана бөліп алып жариялап, оның 
айтқан ой-пікірінің өңін айналдырып, бүрмалау. Осының бэрі БАҚ 
беделін түсіріп, журналистерге деген сенімсіздік, сыйламаушылық 
туғызады.
5. 
Адамның жеке басының өмірімен цадір-цасиетін цүрметтеу.
Журналист өз қызметін атқару барысында адамдардың құ- 
қықтарын қорғап, жеке басын қүрметтеуі тиіс. Адамдардың жеке 
құқықтарына Конституцияда кепілдік берілген: «Қазақстан Рес- 
публикасы адамды, оның өмірін, бостандығы мен ажырамас 
қүқығын ең қымбат қазына деп таниды жэне өз қызметін азамат 
пен қоғам мүдделері үшін жүзеге асырады» немесе: «Адамның 
жэне азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға бол- 
майды» (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1993. 5 б.).
Даулы мәселелер туралы жазғанда журналист өте сақ, 
әдепті болуға тиіс, кінәсі анықталған азаматтар жөнінде ақпарат 
жариялаған кезде де сөздерді таңдап, неғұрлым сыпайы болғаны 
дұрыс. Баспасөз зерттеушісі В.М. Теплюк бұл туралы былай жа- 
зады: «Журналист ең алдымен, өзінің материалдарымен соттың 
шешімін ауыстырмауға, одан озып кетпеуге, кінэсі анықталмаған 
адамға кір жұқтырмауға тырысу керек» (Теплюк В.М. Этика жур­
налистского творчества. 1980. С. 22.).
Кейде журналистер жеке адамның өміріне қол сұғып, оның 
келісімінсіз мұндай ақпаратты жария етеді. Бұл да әдепке жатпай- 
ды, бірақ кейбір аса маңызды жағдайларда мұндай эрекетке жол 
беріледі. Мұны дэлелдеу үшін журналистің кәсіптік этикасының 
Кодексінен үзінді келтірген жөн: «Ол жеке өмірге араласудан аулақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   280




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет