Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Сілекей ағу - эзофагитте, өнештің тыртықталып тарылуынан, қатерлі ісіктерде кездеседі ( қылтамақ). Өнештен қан кету



бет55/90
Дата03.12.2022
өлшемі250.6 Kb.
#466341
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   90
Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы

Сілекей ағу - эзофагитте, өнештің тыртықталып тарылуынан, қатерлі ісіктерде кездеседі ( қылтамақ).
Өнештен қан кету - өнеш венасының варикозды кенейгенінде, эзофагитте, қылтамақ жарақатында болады. Өнештен кеткен қанның түсі таза, құсуға байланысты болады.
Анамнез . Симптомдардың ұзықтылығын, даму ерекшеліктерің анықтау керек.
Объективті тексеру әдістердің өңеш ауруларында диагностикалық маңызы оңша емес. Қосымша зерттеу әдістерден - эзофагоскопия қолданылады, бірақ күйіген кезде болмайды. Жуынды суларды цитологиялық зерттеуге алады, биопсия жүргізіледі және рентгенологиялық зерттеулер қолданылады.


Асқазан


Сұрастыру. Асқазан ауруларының негізгі шағымдарына тәбеттің өзгеруі, іштің ауруы, жүрек айну, құсу, қан кету, кекіру және қыжылдау жатады.
Асқа тәбеттің өзгеруі. Тәбеттің өзгеріуне оның нашарлауы, болмауы, күшеюі жатады. Тәбеттің нашарлауы көбіне асқазанның кілегей қабығы зақымданғанда және оның секрециясы азайғанда болады ( гастрит , асқазан рагі). Асқазан секрециясы көбейсе тамаққа тәбетте күшееді (асқазанмен ұлтабар жарасы). Тәбеттің шамадан тыс күшеюі (араны ашылу) булемия деп аталады.
Тамақ емес заттарға құштарлық не бұрма тәбет - ахилияда, анемияда кездеседі. Тағам емес заттарға (бор, көмір т.б) кұштарлық Асқазан обырымен ауыратын пациенттерде ет, балық тағамдарына жиіркену болады.
Кекірік. Асқазан ішіндегі ауа не тамақтың шамалы бөлігінің ауызға оралуын кекірік деп атайды. Қарындағы тамақ көп уақыт тұрып қалса, онда ол шіри бастайды, кекірік шіріген жұмыртқа иісін береді. Кекірген тамақтың қышқыл татуы асқазанда қышқылдықтың көбейгенінен, ащы болуы асқазанға өт оралғанда, ашыған маймен татуы асқазанда органикалық қышқылдар көбейсе, шірік дәм ауызға оралса - асқазанда тамақ ұзақ уақыт тұрып шіри бастағанды білдіреді.
Қыжылдау. Өнеш тұсының қыжылдауы өңештің төменгі бөлігінің асқазанның қышқыл сөлімен тітіркенуінен болады. Көбіне асқазанда қышқылдық көбейетін ауруларда болады. Кейде қалыпты қышқылдықта не төмен қышқылдық кезінде де байқалады. .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет