Ішек ауруларында кездесетін синдромдар:
Диспепсиялық- диарея, қатпа, метеоризм
Ауырсыну
Геморрагиялық (ішектен қан кету)
Объективті тексеру.
Қарау. Ішек ауруларында ұзақ уақыт сіңіру процесстері бұзылғаннан адам жүдеу, бозарған, аяқтарында ісінулер болуы мүмкін.
Анемия әсерінен, терісі құрғақ бозарған болады, өйткені темір сіңбейді. Ерін бұрыштарының тілмесі - витаминдер сіңу процесстері бұзылып гиповитаминоздың белгілері.
Ішті қарау. Конфигурациясына көңіл бөлу керек, іштің терісінде венозды торлар болу, метеоризм әсерінен кеуіп тұру мүмкін. Пациентке ішпен демалуын сураймыз, іштің ауырсынуында терең демалмайды.
Пальпация. Ішектің зерттеуінде пальпация негізгі әдістің біреуі болып саналады. Пальпация ережелері: пациент арқасында бос жату керек, қолы бос дене бойында немесе кеудесінде, жастықсыз, аяқтары бүгілген, ашыңқыраған, бөлме жылу болу керек. Зерттеуші тұрып эпигастрий аймағымен бүйірлерін зерттейді. Беткей пальпациядан кейін терең пальпация Образцов-Стражеско әдісімен жүргізіледі. Пальпацияны бір қолмен жүргізеді, оң қол сипайды, сол қол үстінен басып тұрады. Көлденең тоқ ішекті тексергенде асқазанның астынан кіндік маңайында жоғарыдан төменге қарай, қийма тәріздес және соқыр ішекті, мықын аймағында ішінен сыртқа қарай.
Тік ішекті тазалау клизмасынынан кейін пациентті тізе - шынтақ позасына қойып, майланған екінші саусақпен тік ішекті тексереді, саусақ сфинктерді өткеннен кейін әйелдерде жатырдың қынап жағын, ер адамдарда простатасын анықтайды.
Перкуссия: Диагностикалық маңыз бермейді.
Аускультация. Ішектің қозғалыс функциясын зерттейді. Тамақ ішкеннен кейін 7-8 сағаттан кейін ішекте ырғақты ішек шулары естіледі, оны перистальтика дейді. Ішек түйілуінде өте дауысты, ал ішек параличінде естілмейді. Перитонитте іш пердесінің үйкелес шуын есту болады.
Достарыңызбен бөлісу: |