Артериальді гипертензия синдромы - бүйрек ауруларының салдарынан артериальді қысым көтеріледі. Бұл қысымның ерекшелігі әсіресе диастолалық қысымның көтерілуі. Бүйрек ауруларында /гломерулонефрит, пиелонефрит/ бүйрек ұлпасында қан айналым бұзылып бүйрек қан аздықтан ішкі секреция мүшесі болып қанға ренин бөледі, ал ол ангиотензинге айналып қан қысымын көтереді. Қан қысымы көтерілген кезде пациентте басы ауырады, басы айналады, жүрегі қағып, жүрек тұсында ауырсыну пайда болады.
Ісінулер синдромы - бүйрек ауруларында ісінулер жедел және созылмалы гломерулонефритте, нефротикалық синдромда, бүйрек амилоидозында байқалады. Пациенттен ісінулер қай жерде пайда болып қалай денеге жайылуын және таралу жылдамдығын сурау қажет. Бүйрек ісінулері жүрек ісінулеріне қарағанда көбінесе ертенгісін көз астында пайда болып, кейін аяқтарына түседі, ал өте ауыр жағдайда науқас күп болып ісінеді оны анасарка дейді. Бүйрек ісінулерінде тері бозарып, суық болады. Пациенттер ыңғайлы жағдай іздемейді, ентігу болмайды.
Бүйректің жедел шамасыздығы синдромы - бүйректің несеп бөлу қызметінің тез арада (бір неше сағатта немесе күндерде) тоқтап, ануриямен қанда азот қалдықтарының жиналуымен сипатталатын жағдай. Себептері: преренальды факторлар – іш өтүде, күйіктерде көп мөлшерде сүйықтық және электролиттер жоғалтқанда, қан кетулермен, шокта артериальды қысымның төмендеуі. Ренальды факторлар – нефротоксикалық улармен, дәрілермен улану. Бүйректің қабыну аурулары – гломерулонефрит, пиелонефрит, инфекционды аурулар.
Аурудың ағымында 4 кезең айырады: этиологиялық фактордың алғашқы әсері, олигурия немесе анурия, диурездің қалпына келуі, айығу.
Этиологиялық фактордың алғашқы әсері кезеңінде: аурудың негізгі себебінің белгілері және гемодинамика бұзылыстары басым болады, кейде артериальді қысым өте төмен болады, шоктан ( коллапстан) шыққанда ғана бүйрек зақымдану белгілері анықтала бастайды.
Олигурия немесе анурия : диурез 500 мл –дан төмендеп,бүйрек қызметі бұзылады. Науқастарда әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, ұйқышылдық, жүрек айну, құсу пайда болады, кейде қозу, тырысулар, делириозды жағдайлар сияқты психикалық өзгерістер. Тахикардия, жоғары артериальды қысым, перикардит, өкпе ісінуі даму мүмкін, ішінде ауырсыну, іш өту. Бұл кезең шамамен 2 аптаға созылады.
Достарыңызбен бөлісу: |