Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Тексерудің физикалық тәсілдері



бет79/90
Дата03.12.2022
өлшемі250.6 Kb.
#466341
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   90
Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы

Тексерудің физикалық тәсілдері


Қарау. Пациенттердің жалпы жағдайы мен есі аурудың ең ауыр сатысында қан аздықтың салдарынан бұзылады. Анемияда тері және шырышты қабықтардың түсінін ақшыл, бозғылт, құқыл тартқанын байқауға болады. Анемияның кейбір түрінде /гемолитикалық, В12 жетіспеушілік/ терінің түсі ақшыл сары болып өзгереді.
Қанда эритроциттің саны көбейгенде, айналымдағы қан мөлшері көбейгенде беттін, мойынның, қолдың терісінің түсі қызыл шырайлы болып келеді. Геморрагиялық диатезде тері астына, кілегей қабықтарға қан құйылғанын көруге болады. Қан құйылудың белгілері әр түрлі болады. Ол кейде ұсақ нүкте тәріздес болады, кейде қан құйылған жердің көлемі үлкен болады. Тері астына көп мөлшерде қан құйылуды қан сүйелі деп атайды. Тері астына құйылған қанның түсі біртіндеп шиелі қызыл түстен жасыл сары түске айналады.
Темір жетіспеушілік анемияда тері құрғақ, түлеген, шаш түскіш, көбіне қиылып түскен болады.
Ауыз қуысын қарағанда В12 жетіспеушілік анемияда тіл қызыл түсті, бүртіктері тегістелген,соңдықтан тілдің үсті жылтырап, лактелген сияқты болып көрінеді.Кейде тілде тіліктер болады.
Жедел лейкозда некрозды жаралы ангина және стоматит жиі кездеседі.
Қараған кезде байқауға болатын белгілерге мойында, бұғана астында, қолтықта және мықын аймағында өскен бездер мен сол жақ қабырға астының шығынқы болуы/спленомегалия/ жатады.
Пальпация. Лейкозға күдіктенген жағдайда мұқият сүйек жүйесін тексеру керек: жалпақ сүйектерді немесе түтікше сүйектердің эпифездерін басып тықылдатса ауырсыну байқалады.
Қан ауруларының түрін анықтауда лимфа түйіндері мен көк бауырдың өскенін анықтаудың маңызы зор.
Лимфа түйіндерінің көзге түсерліктей үлкеюі лимфолейкозға, лимфогранулематозға тән. Бұл ауруларда әуелі бір аймақтың лимфа бездері ғана өседі кейін оған басқа аймақтың бездерінің үлкеюі қосылады. Ең соңында кеуде ортасы қуысы мен іш қуысының лимфа түйіндерінің үлкейгені қосылады.
Лимфолейкозда үлкейген лимфа түйіндерін сипап тексергенде ауырғандық белгі бермейді олардың консистенциясы серпімді болып келеді, олар теріге жабыспаған және іріндемейді, тесілмейді басқа зақымдануға қарағанда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет