Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері



бет2/90
Дата03.12.2022
өлшемі250.6 Kb.
#466341
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы

Ауру туралы ұғым


Жалпы нозология – ауру туралы ғылым («nosos» греция сөзі - ауру)
«Денсаулық» - тек қана аурудың жоқтығы мен физиканың ақаулардың жоқтығы ғана емес, ол физикалық, рухани және әлеуметтік саулық жағдай.
Дерттілік немесе аурулық – жарақаттанған организмнің ағзаларының компенсациялық процесстерінің қатысуымен өмір сүруі. Дерт адамның жұмыс істеу қабілетін төмендетеді.
Этиология – себеп туралы ғылым (aitia-себеп, logos-ғылым). Медицинада этиология – аурудың себебі, пайда болу жағдайы, дамуы туралы ғылым.
Аурудың себебі – ауру тудыратын фактор.
Мысалы: сәуле ауруының себебі – радиация, инфекциялық аурудың себебі – патогенді микробтар.
Сыртқы ортаның ауру тудыратын себептерінің жіктелуі:
1.Механикалық күштердің әсері (соғу, қысу, кесу).

2.Физикалық факторлар


А) дыбыстың және шудың әсері
Б) барометрлік қысымның өзгеруі
В) жоғары және төменгі температураның әсері
Г) күн сәулесі, лазерлік сәуле
Д) электрлік ток
Е) радиация
Ж) космосқа ұшудағы факторлар (үдеу, салмақсыздық).

3.Химиялық факторлар – органикалық және неорганикалық қосындылар


А) алкоголь
Б) дәрілік препараттарды жөнсіз қолдану
В) ауыр металдар және тұздар
Г) организмде витаминдердің, микроэлементтердің, ақуыздың, көмірсудың, майлардың
жетіспеушілігі немесе артықшылығы
Д) пестицидтер (инсектицидтер, гербицидтер т.б.)
Е) өнеркәсіп шаңдары
Ж) қышқылдар мен сілтілер
З) ароматты (иісті) көмірсутегілер.

4.Биологиялық факторлар


А) микроорганизмдер (бактериялар, вирустар, хламидиялар, микоплазма, саңырауқұлақтар) және олардың өмір сүру заттары
Б) гельминттер, қарапайым паразиттер
В) бунақ неделілер (шаян, скорпион) насекомдар
Г) биологиялық препараттар – антитоксикалық сарысулар, вакциналар, қан т.б.

5.Әлеуметтік факторлар


А) қоғамдық қатар (общественный строй) – оның халыққа қамқорлығы, медициналық көмегі, санитарлық-гигиеналық жұмыстары
Б) ақпараттар мазмұны
В) ятрогения – дәрігердің абайсызда айтқан сөздерінен туған психосоматикалық бұзылыстар.

Бұл аталған факторлар сыртқы себептерге жатады. Ішкі себептер – конституция, тұқым қуалаушылық, жасы, жынысы.


Аурулардың пайда болуына, дамуына әсер ететін факторлар – аурудың даму жағдайы деп аталады.
Аурудың ішкі даму жағдайы – патологиялық конституция (диатез), ерте балалық және кәрілік шақ, тұқым қуалаушылыққа бейімділік.
Аурудың сыртқы даму жағдайы – тамақтанудың бұзылуы, шаршағандық, невротикалық жағдай, науқастың нашар күтімі, бұрынғы аурулар.
Патогенез – (pathos - қиналу, genesis - ата тегі) –аурудың даму механизімін зерттейтін бөлімі, ол алғашқы зақымданудан басталады. Алғашқы зақымдану айқын, анық (травмалар, жарақаттар), және арнайы зерттеу тәсілдерінсіз көрінбейтін (молекулярлық деңгейдегі) болуы мүмкін.

Әр аурудың өзіне ғана тән нышандары (белгілері) – симптомдары болады. Аурудың жиі кездесетін белгісі – ауырсыну.


Симиотика – арудың белгілерін немесе симптомдарын (гр. symptoma – белгі) зерттейтін ғылым (гр. semiotikos – белгілер негізінде).

Симптомдар 2 түрлі субъективті, объективті болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет